Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
46 - сөз 4154 3 пікір 27 Қаңтар, 2020 сағат 11:57

Билік ешқашан аузына алмайтын кейбір нәтижелер

Экс-президент Н.Назарбаевтың батасымен Қазақстан үкіметі мен парламенті 1995 жылдан бері үйлесімді жұмыс істеп келеді. Сол үйлесімділіктің билік ешқашан аузына алмайтын кейбір нәтижелері келесідей:

- Демократия индексі бойынша Қазақстан 167 мемлекеттің ішінде 139-орында (Democracy Index 2019, The Economist);

- Коррупция индексі бойынша 180 елдің ішінде 113-орында (Transparency International, 2019);

- Баспасөз бостандығы индексі бойынша Қазақстан 180 елдің ішінде 158-орында (Reporters Without Borders, 2019);

- Адам бостандығы индексі бойынша (The Human Freedom Index 2019) 162 елдің ішінде 73-орында (Fraser Institute);

- Freedom in the World рейтингінде (Freedom House 2019) Қазақстанның еншісінде 100 баллдан 22 балл. 100 балл адам құқықтары толығымен сақталады деген сөз. Жинаған балл бойынша мемлекеттерге үш түрлі статус беріледі. Олар: еркін, жартылай еркін, еркін емес. Қазақстанның статусы – еркін ел емес;

- Бала тәрбиелеуге жайлы мемлекеттер рейтингінде 73 елдің ішінде 73-орында (U.S. News & World Report and the Wharton School of the University of Pennsylvania, 2019);

- Қазақстан байлығының 55%-і 162 адамға тиесілі (Data of Credit Suisse Research Institute: «Global Wealth Report 2018», Forbes, KPMG analysis);

- Қазақстандық отбасылар табысының 47,6%-ін тамаққа, 2%-ін демалысқа жұмсайды (РИА “Рейтинг”, 2019).

Бұл – кейінгі 25 жыл бойы үкімет, парламент және сот билігі арасында орнаған керемет үйлесімділіктің нәтижесі. Бұл “таңдаулыларға” жақсы, миллиондарға жаман.

Шалқар Нұрсейітовтың әлеуметтік желідегі жазбасынан

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1559
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2250
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3503