Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
46 - сөз 2571 4 пікір 27 Қаңтар, 2020 сағат 12:10

Бізді не күтіп тұр?

Биліктің қоғамның әлсіз топтарының мәселелері жайлы қанша сұрақ қойсаңда, сұрақ-талаптарға жауап бере алмауы, мәселелерді комплексті түрде шеше алмауы, шешуге өрелері жетпеуі, экономика 4,5%-ға өсті дей отырып, азық - түлік бағасының өсуіне кедергі қоя алмауы, жүйеде сыбайлас жемқорлықтың әлі де өршіп тұрғандығын көрсетеді!

Үкімет пен Парламенттің құрамындағылардың барлығы миллионерлер. Олардың туған-туысқандарына, балаларына, жекжат-жұрағатына жазып қойған ірі азық- түлік компаниялары, ЖШС-лары, фирмалары, өндіріс орындары жеткілікті. Олар өз қолдарын өздері кесе алмайды! Оффшордағы миллиардтаған байлықтар да солардікі, Бас прокуратураның, СЖҚК ҰБ-сының қанша рет айтсақ та ешқандай әрекетсіз отыруы соның салдары!

Қысқаша айтқанда, сыбайлас жемқорлықты биліктегі СПРУТтар десекте болады. Маған кейде бір ойлар келеді, мына ұсталып жатқандар, депутат, сот, прокурор, әкімдер өздерінің халықтан алғандарын жоғардығылармен бөліскісі келмегендіктен бе немесе шын жүйеге қарсылық көрсеткісі келгендіктен жүйенің арнайы фальсификация жасауы ма деп ойлап қоямын. Бірақ тағы да бір ой "оларды жүйеге кіруге ешкім зорлаған жоқ, қарсылық көрсетсе премьерлердің өздері де " тму-таракан" жағалап кеткенін біледі ғой"- деп тұжырымға келемін.

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні: бұл жүйені толығынан өзгертіп, билік басына сыбайлас жемқорлықтан кристалдай таза, білімді де білікті экономистер, заңгерлер келуі керек! Адам құқығы бірінші орынға қойылмаған елде, ешқандай саяси-экономикалық, демократиялық өзгерістер болмайды, " сабақтастықтың" ішінде сыбайластық та жатыр, сол сыбайлас жемқорлық құрымай, жүйе өзгермейді!..

Бұның екі жолы бар: Тоқаев мырза толық саяси-экономикалық өзгеріс жасағысы келсе, халықтың қолдауына ие бола отырып:

1. Парламент пен Үкіметті таратуы қажет.

2. Конституция өзгертіліп, конституциядан жоғары тұрған заңдар мен заңнамалар толығымен жойылуы керек, Саяси партиялар, Сайлау туралы, БАҚ туралы, Елбасы туралы т.б заңдарға толық өзгерістер қажет.

3. Елде республикалық референдум өткізіліп, биліктің саяси платформасы қабылдануы керек.

Бұған Тоқаев мырзаның батылы, шын көш басшылығы жете ме, жоқ па мәселе сонда!

2. Олай болмағанда, шешім халықтың өз қолында! Халық қуаты- бірлігінде! Біріге талап еткен халық әр уақытта жеңіске жетеді. Бұл менің қанша уақыттан бері қайта-қайта жазып келе жатқан мәселем...

Саяси көзқарасқа бола, қазақтың бір-бірін жау көруін доғаралық, ағайын!.

Санат Сүгірәлінің әлеуметтік желідегі жазбасынан

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2256
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3525