Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
46 - сөз 3547 2 пікір 28 Қаңтар, 2020 сағат 10:44

Семей көшелері жөнге келтірілсе...

Абай тойына бөлінген 3 млрд ақша әртістермен конференцияларға жұмсалғанша халыққа жұмыс, мемлекетке салық төлейтін шағын өндіріс ошақтары салынса. Көшелер жөнге келтірілсе. Цемпоселок, компаселок, Бобровка, Мясокомбинат, Юнность, Шығыс кенті аудандарының ұсақ көшелері асфальтталып, жарық тартылса. Міне Семейдің халқы рас қуанар еді.

Тым құрығанда тойға тарту ретінде Семейдің кіре берісіне осындай қақпа салынса. Мемлекет ақша бөлсе, бөлмесе Семей топырағында туған азаматтар сый қылып тартар ма еді?!

Әлемге "Абай" деп мақтанғанды ұнатамыз. Ертең әлем келіп Абай жүрген қаланы көрсе ұятқа қалмаймыз ба ағайын? Ел қолдаса, ел басындағы азаматтар қолдаса салып та қалармыз.

Әлихандар "Алаш" қаласы деп атаған киелі мекенді қазақ болып қадірлемесек өзге ешкімге керегі емес.

Думан Мұхамедқалидың әлеуметтік желідегі жазбасынан

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2253
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3516