Жұма, 29 Наурыз 2024
2197 3 пікір 18 Ақпан, 2020 сағат 10:56

Қорықшыны өлтірді деген күдіктілерге өмір бойы түрме жазасы сұралды

Мемлекеттік айыптаушы экоинспектор Ерлан Нұрғалиевті өлтірді және оның әріптесі Петр Ницыктың өміріне қауіп төндірді деп айыпталып жатқан үш күдіктіге өмір бойы түрме жазасын беруді сұрады.

17 ақпанда Қарағанды сотында тараптардың жарыссөзі тыңдалды. Мемлекеттік айыптаушы үш айыпталушы — Берік Ахметов, Қайрат Ақшанов және Нұрлан Шүкілдіковке өмір бойы түрме жазасын сұрап, қалған сотталушылар Берден Базаров, Батырбек Кайырбеков, Жарасхан Мырзабаев және Айдоса Әкімовке алты жылға дейін бас бостандығынан айыруды сұрады.

Олардың адвокаттары болса, айыпталушылардың қорықшыны өлтіру ниеті болмағанын, сол себептен "Адам өлтіру" бабын басқаға алмастыруды өтінген.

Заңсыз аңшылықпен айналысты деп айыпталып жатқан төрт адам жартылай кінәсін мойындаған. Бірақ ол іс материалында көрсетілгендей, 17 емес, үш бөкен өлтірдік деп отыр.

Былтыр 13 қаңтарда "Охотзоопром" мемлекеттік кәсіпорнының екі қызметкеріне Қарағанды облысының аймағында шабуыл жасалды. Сол күні инспекторлар рейд жүргізіп, бөкендерді атуға келгендерді қолға түсірмек болған. Бірақ күдіктілер қорықшыларға қарсы оқ атып, олар ауыр жарақаттан ауруханаға жеткізілген. 15 қаңтарда Нұр-Сұлтан ауруханасында 53 жастағы Ерлан Нұрғалиев қаза тапты.

Осы оқиғадан кейін елде заңсыз аңшылық үшін жазаны күшейту талап етілді. Былтыр желтоқсан айында Қылмыстық кодекске өзгерістер енгізіліп, "Заңсыз аңшылық" бабы бойынша сотталғандарға жаза күшейтілді.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1575
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2272
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3585