Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
3972 15 пікір 21 Ақпан, 2020 сағат 11:29

Сирия: Ресей мен Түркия соғыс әрекеттеріне қатысып жатыр

Ресей және түрік әскерлері бейсенбіде Сирияның Идлиб провинциясындағы соғыс әрекеттеріне қатысып жатыр. Қарулы оппозиция Сирия президенті Башар Асад армиясы қайтарып алған аймақты қайта тартып алуға әрекет етіп жатыр.

Түрік артиллериясының қолдауындағы оппозициялық күштер халық қоныстанған Найраб жеріне шабуыл жасады. Ресей қорғаныс министрлігі мәлімдегендей, оларға қарсы ресейлік Су-24 ұшақтары соққы берген. Ресей Түркияны көтерілісшілер (Ресейде Асад армиясына қарсы күресіп жатқан оппозициялық күшті террористер деп атайды) әрекетін қолдамауға шақырды.

Түркия қорғаныс министрлігі Идлибтегі әуе соққысынан Түркияның екі әскери қызметкері қаза болып, бесеуі жарақат алғанын мәлімдеді. Анкара шабуыл үшін жауапкершілікті сириялық үкімет күштеріне жүктеді. Мәліметке қарағанда, осыдан кейін түрік армиясы Асад армиясына қарсы соққы берген.

19 ақпанда түрік президенті Режеп Тайып Ердоған Асад әскері кері шегінбесе, Идлибте оппозициялық күш бақылаған жерді қайтару операциясы бір түнде басталып кетуі мүмкін деп ескертті.

2018 жылдың қыркүйек айында Түркия мен Ресей лидерлері Идлибті деэскалация аймағына айналдыруды, бұл елдімекенде оқ атуды тоқтатуға келіскен. Бірақ бұл аймақта соғыс әлі тоқтамады.

Abai.kz

15 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2253
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3516