Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
46 - сөз 4676 23 пікір 27 Ақпан, 2020 сағат 11:32

Біз құқықтық мемлекет емес, полиция билігін құрдық

Дулат Ағаділдің өліміне полиция да, ҰҚК де кінәлі емес. 30 жылда қалыптасқан жүйе кінәлі.

Біз құқықтық мемлекет емес, ҰҚК, Полиция билігін құрдық. Күштік құрылымдар мемлекеттің, Қазақстан азаматтарының бас-амандығынан көрі биліктің қауіпсіздігін, жеке мүдделерін ғана қорғайтын жендеттерге айналып отыр. Құқық салтанат құрған демократиялық ел болғанымызда азаматтық пікірін білдіріп, қарсы шыққаны үшін тып-тыныш үйінде жатқан адамның шаңырағына баса-көктеп кіріп, бейнебір қандықол қарақшыны немесе зиянкес террористі ұстағандай қолын қайырып, кісен салып түн ортасы қақаған аязда күштеп айдап әкете алар ма еді? Басқа өркениетті елде адам өлімін былай қойғанда, осылай қарақшылық жолмен алып кеткендіктері үшін кем дегенде ішкі істер министрі отставкаға кетер еді.

Саяси, құқықтық реформаны талап еткен қоғамдық кеңес мүшелерінің соңғы жағдайларға көпшілігі үнсіз. Ал атағынан ат үркетін мүйізі қарағайдай ақын, жазушылар, жұлдыз әншілер мұндайда көрінбейді. Ал жүз мыңдап айлық алып отырған депутаттардан онсыз да қайыр жоқ.

Құқықтық мемлекетке айналмай бұл осылай жалғаса береді. Комиссия құрылар, ары кетсе

Бұйрықты орындаған бірнеше жендет кінәлі деп табылар. Бұдан не өзгереді?! Бірақ реактив мемлекетте солай!

Қайрат Жолдыбайұлының әлеуметтік желідегі жазбасы

Abai.kz

23 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2256
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3525