Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 6226 0 пікір 30 Қыркүйек, 2011 сағат 12:46

«Шіріген жұмыртқа» сыйлығының кандидаттары: Ғ.Мұтанов, Т.Есполов. Келесі?..

«Мемлекеттік тіл» қоғамдық қозғалысы ұлттық, тілдік мүдделерге қарсы шыққан адамдарға арнап «Шіріген жұмыртқа» атты сыйлық ойлап шығарған болатын. Биылғы жылы әр азаматтың қоғам алдындағы беделін бес тиынға дейін құлдырататын бұл сыйлықтың «Мемлекеттік тілді қолдау» акциясына ерекше кедергі келтірген адамдарға берілуі әбден мүмкін...

Ұйымдастыру комитеті

 

 

 

 

«Шіріген жұмыртқа» сыйлығына ұсыныла бастаған кандидаттар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Мемлекеттік тіл» қоғамдық қозғалысы ұлттық, тілдік мүдделерге қарсы шыққан адамдарға арнап «Шіріген жұмыртқа» атты сыйлық ойлап шығарған болатын. Биылғы жылы әр азаматтың қоғам алдындағы беделін бес тиынға дейін құлдырататын бұл сыйлықтың «Мемлекеттік тілді қолдау» акциясына ерекше кедергі келтірген адамдарға берілуі әбден мүмкін...

Ұйымдастыру комитеті

 

 

 

 

«Шіріген жұмыртқа» сыйлығына ұсыныла бастаған кандидаттар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Үстіміздегі жылдың 2-қазан күні Алматы қаласында қалалық әкімшіліктің рұқсатымен мемлекеттік тілді қолдауға қатысты митинг өткелі жатқаны белгілі. Ұйымдастыру комитеті дайындық жұмыстарын бастағалы бері түрлі қиындықтарға тап болуда. Былтырғы өткен «Мемлекеттік тілді қолдау» акциясында да жоғарғы және арнаулы оқу орындарының басшылары студенттерді акцияға жібермеуге жанын салып бақты. Биылғы жылы да олардың кейбіреулері сондай мінез көрсетуде. Әсіресе, Тілектес Есполов басқаратын Қазақ ұлттық аграрлық университетінде студенттерге «Мемлекеттік тілді қолдау» акциясына барсаң сабақтан және жатақханадан  қуыласың» деп қысым көрсетіп жатқаны белгілі болды. Митингіге шақырып жүрген жүрген студенттердің үнпарақтарын факультет декандары тартып алып, оларды түсінік жазуға мәжбүрлеген.

«Мемлекеттік тілді қолдау» акциясы өтетін 2-қазан күні  Ғалымқайыр Мұтанов басшылық ететін Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жатақханаларында  бұрын жоспарланбаған студенттер фестивальін өткізуді  қолға алыпты. Мұндағы негізгі мақсат жастарды ұлт, тіл мүддесіне араластырмау. Ғ.Мұтанов секілді ректорлардың атына Мұхтар Шаханов өтініш хат жазса да,  мемлекеттік тілді қолдау жиыны Алматы қалалық әкімшілігінің рұқсатымен өткелі жатқанын университет басшылары қаперге алмауда. Міне, осындай масқарашылық бірінен соң бірі көрініс беруде. Кандидаттар тізімі жалғаса береді...

 

 

Жанна ИМАНҚҰЛОВА. ҚАЗАҚ ТІЛІ - БІЗГЕ КЕРЕК

Үстіміздегі жылдың 2 қазанындағы Мемлекеттік тілді қолдау акциясына бәріміз жұмыла, жанталаса, ашына баруға тиістіміз. Қазақ топырағында тіл мәселесі тәуелсіздік алғаннан кейін де толғақты түрде келе жатқанына да аз болмады. Шәкәрім қажының «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек» деген ойының ізімен «биылғы тіл туралы халық қозғалысы бұрынғылардан өзгерек» деп пайымдауымызға толық негіз бар. Бұған үстіміздегі жылдың 29 тамызында «Абай.кз» ақпараттық порталында жарық көрген, ұлт зиялылары бастап 138 адам қол қойған Президентке, Үкімет басына,  халыққа арналған ашық хаттан соңғы Қазақстан ақпарат құралдарындағы әлі күнге дейін толастамай келе жатқан дау-дамай дәлел. Қазақтілділердің бұл бастамасына қарсы шу көтеріп шыққан орыстілді мақалалардың санының өзі осы қысқа уақыт аралығында 400-ге жуықтаған. Олардың тарапынан орын алған бұндай қарсылықтар соңғы сәттегі тұяқ серперге ұқсап бағады. Қазақ тілін өз жерінде киелі құтты орнына қондыруға бағытталған толқын жаңа лепті, кең тынысты болсын деп тілейік.

Тіл, ұлт боп ұйысқан қалың топтың қажеттілігін атқарғанда ғана бар болады дедік. Ұлт болып қалыптасу мен дамудың ішкі түйткілдеріне бүкіл ұлт өкілдері терең тамыр жіберіп құрмет тұту керек. Ал, бұл процесс қазіргі жаһандану дәуірінде бәрінен де қиын, қиюы қашып тұрған ең бірінші мәселеге айналды. Ал, тарихта мұндай      аумалы-төкпелі кезеңдерде туған халқы мен ана тілінің асақақ рухын бойына толығымен дарытқан тұлғалар ғана ұлтын сақтай алды, сақтайды және келер уақыттарда да солай болмақ...

Шындығында зиялы, ұлтын сүйген парасатты жүрек иелерінің халқын алға сүйреген жайттарын сан-салалы тарихтың қай қойнауынан болсын кездестіреміз. Сондықтан да ұлт зиялылары көш бастаған жаңа серпінді бұл толқын кең тынысты болсын делік!

Қазақстан - жалғыз ғана, ол бөлінбейді! Қазақтар бірге болғанда ғана күшке ие! Қазақтар жүзге, руға, дінге, жерге,  ауылдық, қалалық, далалық, бай, кедей деп бөлінбей 16 млн. ғана азғантай халық екенімізді мықтап естен шығармайық. Қазақ сен ең алдымен өзіңнің қандасыңа көмектес, бауырыңа жәрдем бер, қарындасыңды қорға! Өз ұлтыңның достарын қадірле! Сенің отаның - Қазақстан! Саған одан басқа отан жер беті қанша кең болса да еш жерден табылмайды! Әрбіріміз өз отанымыздың қорғаушысы, жоқтаушысы, үміті, тірегі бола білейік!

Ең алдымен, өз тіліңді құрметте! Өз тіліңде ойла! Өз тіліңде сөйле! Тіл ұлтты ұстап тұрған ең басты күш. Өз халқыңның руханияты мен материалдық байлығын осы күйде бізге жеткізген халқымыздың қаһарман ұл-қыздарының барлығын ерекше құрмет тұт! Сондай-ақ, өз отанын, өз тілін, өз дінін сатқандардың бөтен жаудан да қауіпті екенін естен шығарма! Оларды жек көр!

Ұлт - жанды құбылыс. Оның дені сау болуы үшін әркім өзінен бастасын! Қазақ ұлтының руханияттарына мұрнын шүйіре қарайтын, тілін менсінбейтін, материалдық байлығын ғана талан-таражға салып жүргендердің барлығы да халықтың қазынасынан байыған үлкен мәндегі ұрлықшылар. Олардың барлығы өз орнын білетін уақыт жетті!

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1578
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2273
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3590