Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
2538 0 пікір 28 Наурыз, 2020 сағат 10:52

Нұр-Сұлтан мен Алматыда күшейтілген карантин режимі енді

Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында карантиннің күшейтілген режимі күшіне енді, - деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кеше Мемлекеттік комиссия 28 наурыз сағат 00.00-ден бастап Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында карантин режимін күшейту туралы шешім қабылдады.

Атап айтқанда:

- Азаматтардың азық-түлік, дәрі-дәрмек сатып алуды және жұмысқа баруды қоспағанда, азаматтардың тұрғын үйден шығуын шектеу;

- Халық көп жиналатын орындарды жабу (саябақтар, скверлер, жаяу жүретін көшелер, жағалаулар, ойын алаңдары және т. б.);

- Қоғамдық көлік жұмысын кезең-кезеңмен шектеу;

- Көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда үш адамнан артық топтасып жиналуға тыйым салу (отбасы мүшелерінен басқа);

- Кәмелеттік жасқа толмағандардың үлкендерсіз сыртта жүруіне тыйым салу шаралары қабылданды.

Коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында Шымкент қаласындағы Абай ауданында «Тәуелсіздікке 20 жыл» тұрғын үй алабында үйді-үйді аралауды ұйымдастырумен 14 күнге созылатын карантин енгізіледі. Шымкент қаласында сонымен қатар әуежайдың, теміржол вокзалы және автовокзалдың, балабақшалардың жұмысы тоқтатылады.

Халық көп жиналатын жерлер жабылады (саябақтар, скверлер, жаяу жүргінші көшелері, ойын алаңдары т. б.). Қоғамдық тамақтандыру орындарының жұмысы сағат 18.00-ге дейін шектеледі.

Қоғамдық көлік қозғалысы кезең-кезеңмен шектеледі. Азық-түлік дүкендерінің, сауда орталықтары мен киім-кешек базарларының, қызмет көрсететін нысандардың жұмыс режимін шектеу Шымкент қаласы әкімінің шешімі бойынша жүзеге асырылады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1559
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2249
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3495