Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 5185 0 пікір 30 Сәуір, 2012 сағат 08:36

Астана ауруханасы сауды ауру етедi

ЗАРИНАНЫ ЗАР ЖЫЛАТҚАН ДӘРIГЕРЛЕР ЖАЗАСЫЗ ҚАЛА МА?
Соңғы кездерi "дәрiгерге қараламын" деп қара басқандардың қатары күн өткен сайын артып барады. Ал алдына емделуге келген науқастың ауруына ауру қосып берген "ақ халаты абзал жан" бұған еш қымсынбайтын болды. Керiсiнше, жауапкершiлiктен жалтарып, орайы келсе кiнәнi аурудың өзiне аудара салуды әдетке айналдырған. Қазақтың "Тәуiптiң ең жақсысы - ауруға ауру қоспай кеткенi" деген сөзi қазiргi кезде медицина қызметкерлерiне арналғандай. Әйтсе де бiлдей бiр ЖОО дипломын иемденген дәрiгер мен тәуiптiң арасында айырмашылық болуы керек емес пе?

ЗАРИНАНЫ ЗАР ЖЫЛАТҚАН ДӘРIГЕРЛЕР ЖАЗАСЫЗ ҚАЛА МА?
Соңғы кездерi "дәрiгерге қараламын" деп қара басқандардың қатары күн өткен сайын артып барады. Ал алдына емделуге келген науқастың ауруына ауру қосып берген "ақ халаты абзал жан" бұған еш қымсынбайтын болды. Керiсiнше, жауапкершiлiктен жалтарып, орайы келсе кiнәнi аурудың өзiне аудара салуды әдетке айналдырған. Қазақтың "Тәуiптiң ең жақсысы - ауруға ауру қоспай кеткенi" деген сөзi қазiргi кезде медицина қызметкерлерiне арналғандай. Әйтсе де бiлдей бiр ЖОО дипломын иемденген дәрiгер мен тәуiптiң арасында айырмашылық болуы керек емес пе?

Дәрiгерлердiң дұрыс диагноз қоймауы салдарынан зардап шеккендердiң бiрi - 14 жасар Зарина Тобағали. Ол бiрнеше айдан берi аурухана төсегiнде ес-түссiз жатыр. Өткен жылдың қараша айында Зарина Тобағалидың мазасы болмай дене қызуы көтерiлген соң ата-анасы жедел жәрдем шақырады. Медицина қызметкерлерi жедел жеткенiмен, дәрi егетiн спирттiң болмауы салдарынан 45 минут бойы жәрдем көрсете алмайды. "Содан кейiн жедел жәрдем көмегi балаларға арналған инфекциялық ауруханасына әкелiп, олар "бiздiң ауру емес" деп, №2 балалар ауруханасына жiбердi. Осылай екi ортада жүргенде қызымның дене қызуы қырық градусқа дейiн көтерiлiп, қайта-қайта талмасы ұстап, 24 қараша күнi инфекциялық аурухананың жансақтау бөлiмi қабылдады", - дейдi Заринаның анасы Рая Сығаева. Осында екi күн емделген соң Зарина 26 қараша күнi өз аяғымен жүрiп вирустық бөлiмге ауысады. Рая Сығаеваның айтуынша, дәл осы күнге дейiн қызы өз аяғымен жүрiп тұрған. Әйтсе де Заринаның ес-түссiз төсекке таңылуына дәрiгерлердiң салғырттығы себеп болғанын азалы ана ашына айтты. "Түнгi сағат он екiде "басым ауырып тұр, құсамын" деген соң медбикенi шақырдым. Ол әрең келiп, кезекшi дәрiгер Манаргүл Қабыланбекқызын шақыртты. Ол қажеттi көмек берудiң орнына "неге шақырта бересiңдер, реанимацияға жiберемiн" деп айқайлады. "Онда реаниматор дәрiгердi шақырыңдар" деп едiм, сәлден соң орыс дәрiгер келiп Анипа есiмдi (аурухана басшылығы медбикенiң аты-жөнiн айтпай отыр) медбикеге дәрi егудi тапсырды. Ол "иненi жамбастан сала берейiн" деп ерiнген соң амалсыздан рұқсатымды бердiм. Анипа асығып, Заринаның жамбасының бүйiрiнен уколды салған кезде, қызым шыңғырып жiбердi. Шыңғырғаны соншалықты, көршi палатада ұйықтап жатқан адамдарға дейiн жүгiрiп келдi. Осыдан соң қызымның аяғы селкiлдей бастады, ал медбике болса еш көмек көрсетпей "массаж жаса" деп кетiп қалды", - дейдi Рая Сансызбайқызы. Заринаға қанша рет рет массаж жасағанымен, одан ешқандай нәтиже шықпайды. Ең сорақысы, таңертең Заринаның "аяғы салбырап, буындары босап, аяғы түк сезбей тұра алмай қалғанын" айтады Рая апай. Қазiргi кезде оның қолында медбикенiң дәрiнi дұрыс екпегенiн айғақтайтын суреттер бар. Аталған суреттердi көрген кез келген адам медбикенiң өз iсiне салғырт қарағанын бiрден байқайды. Әйтсе де аурухана басшылығы Анипаның аты-жөнiн айтпай, оны қызғыштай қорғап отыр.
Кеше түндегi сұмдықты көршi палатадағылар дәрiгерге баяндап бергеннен кейiн аурухана басшылығы Заринаны "ақысыз емдеу" акциясын бастап жiбередi. Тiптi дәрiгерлер "ендi сiзге тамақ пен палата тегiн. 25 мың теңге тұратын томография, қымбат дәрi-дәрмектiң бәрi де бiзден болады" деп дегбiрi қалмайды. Әйтсе де мұның ақысына дәрiгерлер "айқай-шу шығармай жата берудi" өтiнедi. Рая Сансызбайқызы дәрiгердiң алғашқы өтiнiшiн орындағанымен, мұнда жата берудi қош көрмейдi. Ал "Бiздi №2 ауруханаға жiберiңдер" деп жанұшырған ананың талабына дәрiгерлер "жай ғана ауырып жатыр, жазылады" деп жүрдiм-бардым жауап бередi. "1 желтоқсан күнi қызымның екi қолы iстемей қалды. "Неге бiздi №2 ауруханаға жiбермейсiңдер, қызымның денсаулығын құртып жатырсыңдар" деп жылап едiм, бас дәрiгердiң орынбасары Роза Баженова менi алдап-сулап "барлығы жақсы болады, әзiрше бiзде емделедi" деп шығарып салды", - дейдi амалы таусылған ана. Роза Баженова "Барлығы жақсы болады" деп жұбатқаннан кейiн 5 сағат өткен соң Заринаның қолымен қоса тiлi кетiп, қатып қалады. Жақсы болғаны осы ма?
Ал "өз аяғымен келген денi сау қызымның денсаулығын құрттыңдар, үстерiңнен арыз жазамын" деген ананы бас дәрiгер Жүсiпбек Әжiғұлов кабинетiнен қуып шығады. Сонымен қоймай қан жұтқан анаға "Қайда барсаң онда бар, маған ешкiм де еш нәрсе iстей алмайды" деп сағын сындырады. Сол жолғы айқай-шу кезiнде Ж.Әжiғұлов Заринаны №2 ауруханаға жiберетiнiн ескертедi. Ал бұған Рая Сығаева келiспей "Өздерiң емдеңдер, ендi ешқайда бармаймыз" дегенiне қарамай Әжiғұлов әлiмжеттiк көрсетiп, №2 ауруханаға жiбередi.
Қазiргi кезде Зарина Тобағали №2 ауруханада. Аурухана төсегiнде ес-түссiз жатқан өрiмдей қызды көрiп өзегiң өртенедi. Аяқ-қолы iстемей, тiлден қалған Заринаның ендiгi халi не болмақ? Рая Сығаева: "Бұдан кейiн дәрiгерлер мен медбикелер сәбилердiң өмiрiн өксiтпеуi үшiн кiнәлiлер жазалануы керек" дейдi. Жең ұшынан жалғасқан жемқорлық әдiлдiкке жеткiзсе жақсы... Жеткiзбесе, талайдың тағдырына Анипа сияқты медбикелер балта шаба беретiн түрi бар.

Серiк ЖОЛДАСБАЙ,
Астана
«Жас Алаш» газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1567
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2261
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3544