Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Жаңалықтар 4287 0 пікір 19 Мамыр, 2009 сағат 11:52

Абыз Әлмерек aты сұранып тұрған жоқ па?

Соңғы уақытта Ұйғыр ауданының тарихи атауын қайтару туралы республикалық БАҚ-та  жиі-жиі мәселе көтеріліп жүр.  Бұл өте орынды талап. Үй ішінен еш уақытта үй тігуге болмайды. Елімізде  ұлттық бөлінуді талап ететін ұлт өкілдерінің орынсыз талаптарына әрдайым тосқауыл қойылуы керек. Солай бола тұра көпшілік көтерген  осы бір орынды талап әлі күнге өз шешімін таппай келе жатқаны  ойланарлық жайт. Бүгін аз ғана ұйғыр өздері шоғырланып отырған ауданды бөліп алса, ертең ордалы орыс халқы да, осындағы орыс ағайындарын алға тартып жерімізге көз алартуы мүмкін ғой. Бұл босаңсу дұрыс емес. Бізге ел ретінде де, ұлт ретінде де іргемізді қымтаумен бірге еліміздің ішкі өмірінде орын алып келген осындай ертеңі зауалды олқылықтардан жедел арылу шараларын белгілеп, ауданның тарихи атауын қайтаруды мемлекеттік дәрежеде қолға алуымыз керек.
Ауданның тарихи атауын қалпына келтіруде бүгінде біраз азаматтар аудан атауы жөнінде өз ұсыныстарын айтып та үлгерді. Мұндай пікір таласы осы елді мекендеген тұрғындар арасында қазір де қызу жүріп жатыр. Олардың басым көпшілігі Ұйғыр ауданын «Шарын ауданы» деп атауды мақұл көруде. Осы орайда мен де өз ұсынысымды айтсам деймін.
Шынымен де ауданның тарихи атауын қалпына келтіреміз десек, біз алдымен сол тарихтың өзіне жүгінуіміз керек. Осы орайда  менің аузыма  ӘЛМЕРЕК абыз бабамыздың аты оралып отыр. Неге?

Соңғы уақытта Ұйғыр ауданының тарихи атауын қайтару туралы республикалық БАҚ-та  жиі-жиі мәселе көтеріліп жүр.  Бұл өте орынды талап. Үй ішінен еш уақытта үй тігуге болмайды. Елімізде  ұлттық бөлінуді талап ететін ұлт өкілдерінің орынсыз талаптарына әрдайым тосқауыл қойылуы керек. Солай бола тұра көпшілік көтерген  осы бір орынды талап әлі күнге өз шешімін таппай келе жатқаны  ойланарлық жайт. Бүгін аз ғана ұйғыр өздері шоғырланып отырған ауданды бөліп алса, ертең ордалы орыс халқы да, осындағы орыс ағайындарын алға тартып жерімізге көз алартуы мүмкін ғой. Бұл босаңсу дұрыс емес. Бізге ел ретінде де, ұлт ретінде де іргемізді қымтаумен бірге еліміздің ішкі өмірінде орын алып келген осындай ертеңі зауалды олқылықтардан жедел арылу шараларын белгілеп, ауданның тарихи атауын қайтаруды мемлекеттік дәрежеде қолға алуымыз керек.
Ауданның тарихи атауын қалпына келтіруде бүгінде біраз азаматтар аудан атауы жөнінде өз ұсыныстарын айтып та үлгерді. Мұндай пікір таласы осы елді мекендеген тұрғындар арасында қазір де қызу жүріп жатыр. Олардың басым көпшілігі Ұйғыр ауданын «Шарын ауданы» деп атауды мақұл көруде. Осы орайда мен де өз ұсынысымды айтсам деймін.
Шынымен де ауданның тарихи атауын қалпына келтіреміз десек, біз алдымен сол тарихтың өзіне жүгінуіміз керек. Осы орайда  менің аузыма  ӘЛМЕРЕК абыз бабамыздың аты оралып отыр. Неге?
Мен Әлмерек бабамыз туралы соңғы жылдары көбірек іздендім. Осы ізденіс бойынша алдымен 2006 жылы «Заң» газетінде: «Әлмерек абызды естен шығармайық!», Райымбек батырдың 300 жылдығын атап өттік, батырға бата берген Әлмерек абыздың 350 жылдығын кім ойлайды? Вице-премьер Есімовке Ашық хат» деген тақырыппен мақала жаздым. Алматы облысының қазіргі әкімі Серік Үмбетовпен болған бір сұбхатымда осы тақырып төңірегінде пікірін сұрағанымда:   «...Бір әттегенайы – бұқаралық ақпарат құралдары бетінде бабамызға байланысты насихат жұмыстары өз дәрежесінде жүрмей отырған сияқты. Әлмерек бабаның тойын біз облыс көлемінде атап өтерміз-ау. Егер, осы бағытта жұмыстар жасалып жатса, жинақталған пікірлер мен ұсыныстарды Үкімет алдына қойып, бабамыздың тойын республикалық дәрежеде атап өтуге қол жеткізген болар едік...» - деп жауап қайтарған еді. Облыс әкімінің осы жауабы маған қамшы болып «Болмашы сылтауды көлденең тарта бермейік. Тағы да Әлмерек бабаның 350 жылдығы туралы Мәдениет және ақпарат министрі Е.Ертісбаевтың назарына» («Заң» газеті №176, 16.11.2007 ж.) деген тақырыппен екінші рет мақала жаздым. Осындай ұзақ ізденістің соңы ақын ретінде «Әлмеректің оралуы» атты толғау жазуыма және осындай атпен соңғы өлеңдер жинағымды баспадан шығаруыма негіз болды.    
Осы дүниелерді жазу барысында менің көзім жеткен нақты тарихи шындық дерек, Ұйғыр ауданы орналасқан жерді кезінде Әлмерек абыз батыр бабамыздың жоңғар қонтайшысы Ғалдан Бошктұның бас қолбасшысы Шонжыны жекпе-жекте жер жастандырып, тартып алуы. Бұған қосымша Әлмерек Алатаудың Шынтақ асуында соңғы сайланған Жоңғардың Жетісудағы бас қолбасшысы Қордайдың да басын алған. Сонда Әлмерек абыз қандай батырларды және кімдерді жекпе-жекте жеңгенін салмақтай беріңіз...
Сосынғы дерек, қазіргі Ұйғыр ауданы орналасқан жерді алдымен Іле бойында орналасқан жоңғар ханының бес мың қол жауынгерін осында  бастап келген қолбасшы атымен «Шонжы» атанғаны. Шонжы өлгеннен соң «Шонжы өлген», соңынан «Әлмеректің жайлауы» атанған. Ол кездегі жоңғарлардың мақсаты – Қарқара маңына қоныс тепкен Албан тайпасын жер бетінен жоқ ету болатын. Бірақ, сол Албан руынан шыққан СЫРЫМБЕТ, ТӨЛЕС, БИЕКЕ, ОЛЖАЙ, ХАНГЕЛДІ батырлар ата жұртын жаудан қорғар жоңғар батырларымен болған жекпе-жекте ерен ерлік көрсетіп, қаһармандық танытады. Осы сияқты Шынтақ асуында Қазақ Ордасына қарай 20 мыңнан асатын жер қайысқан қолмен беттеп бара жатқан Қордай қолбасшының қолына тұтқиылдан тап беріп, казақ еліне келе жатқан ұлы қатерге тоқтау салады. Осы соғыста Әлмерек Қордайдың басын алған Шынтақ асуы алдымен «Қордай өлген» соңынан «Қордай» асуы атанған. Бұл соғыста Әлмерекпен бірге Албан жасағының бас қолбасшысы Хангелді мен Талас пен Шу бойындағы ТҮРІКПЕН, ӨТЕҒҰЛ сынды Ұлы жүздің әйгілі батыр қолбасшылары өздерінің ерекше соғыс тәсілдерін пайдалана отырып, екі айға созылған соғыста ерен ерлік көрсетеді. Тарихтағы осы ерліктерімен есімдері ел аузында қалады. Бұл тарихи соғыс жайлы тереңірек білгісі келетін оқырмандарға қытайдан келген қандасымыз, жазушы Әскер ТОЙҒАНБЕКҰЛЫның Қытай архивінен алып жазып, «Таңбалы» баспасынан таяуда жариялаған «Қайран елім» тарихи деректі романынан толық оқып білуге болады. 
Жалпы, Әлмерек абыз туралы ел аузында айтылып жүрген аңыз көп болғанымен, нақты деректер аз. Арғы Кеңес тұсына бармай, еліміз егемендік алғаннан кейінгі қолда бар тың дерек мынау ғана. “Әлмерек абыз (шамамен ХVI ғ-дың бас кезі, қазіргі Жамбыл обл. – XVIII ғ-дың басы) – батыр, шешен, көріпкел әулие. Ат жалын тартып мінген кезінен бастап қазақ жастарынан жоңғарларға қарсы жасақ ұйымдастырды. Сарбаздардың қатары көбейіп, соғыстың әдіс-айласын меңгергеннен кейін, жоңғарларға тұтқиылдан шабуыл жасап, Сілеті тауы, тағы басқа жерлерде оларға соққы берген. Қазақ халқының жадында Әлмерек абыздың есімі көріпкел әулие ретінде көбірек сақталған. Одан Хангелді, Бақай, Малай, Райымбек батырлар бата алған. Тоқсанның үстіне шыққан шағында ел үшін еткен еңбегі және қазақтың бірлігін қорғаудағы қайраткерлік қасиетіне риза болған халқы оған абыз деген атақ қойған.
Әлмерек абыздан бес бала болған, ЖӘНІБЕК, БАБА, ҚҰРМАН, ТОҚАН, ҚАРАКІСІ. Ұрпақтарының ішінен елін қорғаған қайсар батырлар, көріпкелдер, шешендер шыққан. Жәнібек баласы БӘЙСЕЙІТ жоңғардың мыңбасы ШЕБЕКТІНІ жекпе-жекте қолға түсіріп, мұсылман жасаған. Жетісу өңіріндегі 1916 жылғы Ұлт азаттық көтерілісінің басшылары Ұзақ батыр Қараманның тұқымы Әлмерек абыздың екінші баласы Бабадан елге танымал ҚАШАҒАН, ТҰРЫСБЕКтер тарайды. Тоқсаннан жоңғар шапқыншылығында ерлігімен ел есінде қалған БАРЖЫҚ батыр, АДЫР шешен, БӘТЖАН, тағы басқалар болды. Абыздың қара шаңрағында қалған кенжесі Қаракісіден ҚОРАМ батыр, әрі әулие, әрі батыр БЕКБАУ тараған. Әлмерек абыз ұрпақтары Қытайда, Моңғолияда, Өзбекстан мен Қырғызстанда да тұрады. Халықтың бүтіндігі мен бірлігін қорғаған Әлмерек абыз жайында ол айтты деген даналық сөздер, қара өлең шумақтары сақталған.   Қазақстан Ұлттық энциклопедиясы. І том, Алматы 1998, 672-бет)
Әу деп бастау алған осы деректі жетілдіріп, ғылыми тұжырымдармен толықтырған болар деп бетін ашқан, бұдан алты жыл кейін жарық көрген “Жетісу энциклопедиясы” осы деректің басқа түрдегі көшірмесі дәрежесінен аспапты. Әрине, бұл үшін энциклопедияны шығарушыларды кіналай қоюға болмас. Зерттеушілер мен ғалымдар ашпаған деректерді олар қайдан қоса қойсын… Мұнда тым болмаса ел білетін Әлмеректің жасы отызға жетер жетпесте Албанның СҮЙІНДІК биден соңғы елді бастаған биі, бірінші әйелі ЗӘУРЕ ҚАРАСАЙ батырдың баласы ДӘУЛЕТтің қызы болғандығын қосса да болады ғой. Қосылмапты…
Осы деректерді алға тарта отырып, мен Ұйғыр ауданын бүгінде көпшілік ұйғарып қойған «Шарын» атымен емес, өзінің ескі тарихи атауы Әлмерек абыздың атымен атауды жөн деп санаймын. «Шарын» шатқалы қазақ елінің мақтанышы. Шатқалдың бір шеті біздің елде жатқанымен, екінші басы сонау Қытайда. Демек, бір ауданның атауына сыймайтын көлемді алып жатыр.
Қазақта «Батамен ер көгереді, жауынмен жер көгереді» деген мақал бар. Бүгінде бір ауданға аты беріліп отырған Райымбек батырдың, батыр болуы – ең алдымен түсіне аян болып енген Әлмеректің ықылас батасы. Егер, Ұйғыр ауданының тарихи атауын қайтарып Әлмерек ауданы атасақ, Райымбек пен Әлмерек есімдері  қатар аталып жатса, тарихқа да, батырларға да қиянат болмас еді. Жалпы, осы бабамыз туралы халқымыздың ұлы перзенті Дінмұхаммет ҚОНАЕВ айтқан аманатты да біз естен шығарып алып жүрген сияқтымыз. Ойланайық, ағайын.
Бұл орайда кейінгі кезде тарихи тұлғалар жайы тірлік тындырып жүрген облыс әкімі Серік ҮМБЕТОВ мырза да батыл шешімдерге барғаны мақұл.

Бақтыбай АЙНАБЕКОВ,
Жазушы
«ҚАЗАҚСТАН» апталығы, №18 (258), 14-мамыр, 2009

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2256
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3525