Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Жаңалықтар 3553 0 пікір 31 Мамыр, 2012 сағат 12:07

Спортшылардың Әнұран мәтінін білуі заң жүзінде қамтамасыз етіледі

АСТАНА. 31 мамыр. ҚазАқпарат - Бүгін Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен палатаның жалпы отырысында депутаттар «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады.

Заң жобасы бойынша Мәжіліс депутаттары мемлекеттік рәміздерді дайындау және пайдалану кезіндегі бұзушылықтар үшін жауапкершілікті күшейтуге қатысты түзетулер енгізді. Атап айтқанда,  мемлекеттік рәміздерді қорлағаны үшін айыппұл мөлшері ұлғайтылды. Мемлекеттік рәміздерді сондай-ақ, олар белгіленген материалдық нысандарды дайындау кезінде ұлттық стандарттарды бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік белгіленді. Мемлекеттік рәміздерді пайдалану тәртібін бұзғаны үшін жауапкершілік қатайтылды. Спорт және дене шынықтыру жөніндегі уәкілетті органның рөлін арттыру мақсатында еліміздің аумағында және шет елдерде спорттық іс-шаралар өткізу барысында «Мемлекеттік рәміздер туралы» заңнаманы сақтауды қамтамасыз ету бойынша құзырет бекітілді.

Сонымен қатар, депутаттар негізгі құжатқа ілеспе заң жобасы болып табылатын «ҚР кейбір заңнамалық актілерге мемлекеттік рәміздер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» жобаны да екінші оқылымда мақұлдады. Екінші оқылым барысында аталмыш құжатқа депутаттар бірқатар өзгерістер енгізді.

«Атап айтқанда, мемлекеттік рәміздерді қорлағаны үшін жауаптылық қатаңдатылды. Сонымен қатар, ҚР мемлекеттік Туды, мемлекеттік Елтаңбаны пайдалану және мемлекеттік Әнұранды орындау тәртібін бұзғаны үшін жауаптылық күшейтіледі. Ал ел аумағында спорттық іс-шаралар және шет мемлекеттерде өтетін халықаралық спорттық іс-шаралар өткізу кезінде мемлекеттік рәміздер туралы заңнаманы сақтау, сондай-ақ спортшылардың мемлекеттік Әнұранның музыкалық редакциясын және мәтінін білуін қамтамасыз ету туралы өзгерістер енгізілді», - дейді депутат Майра Айсина.

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2253
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3511