Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 3043 0 пікір 21 Қыркүйек, 2012 сағат 08:09

Ерлан Қарин: «ЕУРАЗИЯЛЫҚ ПАРЛАМЕНТ БОЛМАЙДЫ, БОЛУЫ МҮМКІН ДЕ ЕМЕС»

Өткен аптада ресейлік бұқаралық ақпарат құралдары Еуразиялық одақтың дербес парламенті құрылатыны туралы хабар таратты. Көрші елдің баспасөзін шулатқан бұл тақырыпты біздің ақпарат құралдары елеусіз қалдырды. Ресейлік әріптестеріміздің жазуына қарағанда, РФ Мемлекеттік думасының спикері Сергей Нарышкин мәртебесі ұлттық парламенттен жоғары Еуразиялық одақтың заң шығарушы органы құрылатыны шешіліп қойған мәселе екенін айтқан. Ресей, Қазақстан және Беларусь парламентарийлерінің үшжақты кездесуінде осы органның тұжырымдамасы талқыланған. Жиында сөз алған С.Нарышкин, сондай-ақ, жуық арада мұндай мемлекетаралық парламенттің сайланбалы болатынын нық сеніммен айтқан.

Интеграцияны белсене қолдап отырған Қазақстан жағы көбіне-көп экономикалық салаға көңіл бөліп отыр. Ал мемлекетаралық құрылымдар құру, үш елдің ортақ валютасын шығару сияқты саяси интеграция елдің қауіпсіздігіне қатер төндіруі мүмкін өте күрделі мәселе. Осы тұрғыдан алғанда, Ресей жағының әлгіндей мәлімдемелері көңілді күпті ететіні де заңдылық. Біз көкейді тескен көп сұрақтың біразын сол кездесуге қатысқан саясаттанушы Ерлан Қаринге қойған едік.

-Ерлан, өткен бейсенбіде бұқаралық ақпарат құралдары Мәскеуде өткен үшжақты кездесуде мемлекетаралық парламент құру туралы мәселе талқыланғаны жөнінде ақпар таратты. Бұған қоса, сол ақпарат құралдарында РФ Мемлекеттік думасының спикері Нарышкин мырза Еуразиялық одақ шеңберінде құрылатын мемлекетаралық парламенттің тұжырымдамасы талқыланғанын айтқан. Үш елдің депутаттары бас қосқан жиында бұл тақырыптың талқыға түсуін қалай түсінуге болады?

-Иә, расында да, өткен бейсенбіде еліміздің парламент депутаттарынан тұратын делегация Қазақстан, Ресей және Беларусь парламентарийлері бас қосқан кездесуге қатысты. Бірақ, ол жерде негізінен қазіргі интеграциялық құрылымдар шеңберінде парламентаралық әріптестікті одан әрі дамыту туралы әңгіме болды. Дәлірек айтқанда, Еуразиялық экономикалық қауымдастық шеңберіндегі Парламентаралық ассамблеяның мүмкіндіктерін пайдалану жолдары талқыланды. Бұдан өзге әңгіме болған жоқ.

-Ал Нарышкин мырзаның мәлімдемесі ше? Спикер Еуразиялық парламентті құру механизмдерін ойластыру қажеттігін айтты. Құдды шешіліп қойған мәселе сияқты сөйледі. Неліктен?

-Дума спикері өзінің кіріспе сөзінде тақырыптан ауытқып, Еуразиялық интеграцияның болашағы туралы өзінің ойымен бөліскен еді. Бұқаралық ақпарат құралдары таратқан әңгіме де осы жөнінде. Нарышкин мырзаға сол жерде жауап берілген. Қазақстан жағынан қатысушылар оның идеясын түбірімен терістеп, мұндай бастаманың талқылануы тіпті де мүмкін емес екенін айтқан.

-Яғни, әзірге Еуразиялық парламентті құру тетіктері туралы әңгіме жоқ. Егер түбінде осы мәселе көтеріле қалатын болса, Қазақстан жағының ұстанымы қандай болмақ?

-Еуразиялық парламент құру туралы әңгімеге Ресейдің қалауы деп қана қараған жөн. Оқтын-оқтын Еуразиялық парламент құру жөніндегі келісімдер болыпты-мыс деген тұрғыда әңгіме таратылып жүргенімен, шын мәнінде ондай ештеңе де жоқ. Еуразиялық парламент және өзге де осы сияқты идеялар интеграциялық процеске қатысушы басқа тараптардың стратегиялық мақсаттарында түбірімен жоқ. Соның ішінде, біздің еліміз мұндай мақсатты көздемейді.

-Сіздіңше, Еуразиялық парламенттің жақын болашақта құрылуы неліктен мүмкін емес?

-Жақын уақытта да, орта мерзімді перспективада да, тіпті болашақта да ондай парламент құрылмайды. Ресей тарапынан мемлекетаралық саяси құрылымдарды құруға деген талпыныс байқалатыны рас. Бірақ, шын мәнінде күн тәртібінде мұндай мәселелер жоқ және болуы мүмкін де емес. Ұлттық органдардан мәртебесі жоғары мемлекетаралық саяси құрылымдардың құрылуына біз түбегейлі қарсымыз, өйткені ол біздің еліміздің егемендігіне тікелей қатысы бар мәселе. Ал егемендік принциптері Конституцияда егжей-тегжейлі көрсетілген, әрі біздің заңдарымызға сәйкес, мұндай мәселелердің жалпыхалықтың референдумға ұсынылуына жол жоқ! Қазіргі кезде күшіне ие парламентаралық әріптестік институттарының мүмкіндіктерін пайдалану, екіжақты әріптестікті дамыту туралы ғана талқылауға болады, әрі сол төңіректегі әңгімені ғана талқылауымыз керек. Біз әлі олардың мүмкіндігін толыққанды пайдаланған жоқпыз.

-Олай болса, Қазақстан жағының Еуразиялық одаққа қатысты орта мерзімжі жоспарларымен бөліссеңіз...

-Біріншіден, интеграциялық процестерге қатысты біздің негізгі ұстанымдарымыз өткен жылы үш елдің басшылары қол қойған Еуразиялық экономикалық интеграция туралы Декларацияда көрініс тапқан. Аса маңызды құжаттың атынан көрініп тұрғандай, әңгіме тек қана экономикалық интеграция төңірегінде болып отыр. Екіншіден, бұл құжатта қандай да бір мемлекетаралық саяси құрылым құру туралы әңгіме түбірімен жоқ. Серіктестеріміз бұған түсіністікпен қарайтын шығар деп үміттенемін.

Зарина Ахматова, Алматы

«Время» газеті, 19.09.2012

Редакциядан:

Бұл ілеуде бір кездесетін жағдай. КСРО құлағаннан бері қарай ресми Астана мәскеулік әріптестеріне бірінші рет азуын көрсетті. Ресейліктердің «алдыңғы арба» болуға деген ұмтылысы соңғы кездері тым жиі байқалатын болып жүр. Бұл «пісіп-жетілу» Қазақстанның ұлттық мүддесін табандап қорғаудың бастамасы ғана болар деген үміт бар. Стратегиялық әріптестерімізге азуымызды көрсеткен екенбіз, енді оның себебі мен салдарын да дәйекті түрде түсіндіруге тура келер.

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1580
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2280
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3606