Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 3608 0 пікір 27 Қыркүйек, 2012 сағат 06:58

Сағат Жүсіп. Рухани ашаршылық жүзеге асырғандар. Олар кімдер?

Биыл елімізде кеңес заманында, большевиктер қолдан жасап қазақты қырғынға ұшыратқан Ұлы ашаршылықтың 80 жылдығын атап өттік. Бірақ осы зұлмат пен нәубаттар жайлы жалпылап қана айтамыз да, ал олардың нақты орындаушылары мен ұйымдастырушылары, көсемдері мен жетекшілеріне келгенде ауыз ашпаймыз. Мәскеуді ғана қарғаймыз, Мәскеу жіберген Голощекин, Мирзоян сияқтылардан асып кете алмай жүрміз. Қазақ даласында жасанды жүргізілген Ұлы жұтпен қатар, соған лайық рухани ашаршылық та қатар ұйымдастырылды.  Рухани ашаршылығымыздың  бастауында болғандар жайлы, айталық, Елтай Ерназаров, Құрамысов сияқтыларға келгенде неге кібіртіктейміз? "Ол кісілерді  жамандауға қалай аузымыз барады, біріміздің ауылымыздан,  екіншіміздің  руымыздан, үшіншіміздің жерлесіміз емес пе" дейтіндердің  көңілдеріне осы кезге дейін қарап келсек те,  "ақиқат бәрінен де жоғары" тұр емес пе. Осы тұрғыдан алғанда қазақтың қос ашаршылығының бастауында болған кейіпкерлері мен геройлары кешегі және бүгінгі тарихымызда жетіп жатыр. Олар жайлы халық аузында қалған әңгімелер де жетерлік, куәлері де баршылық. Қазақтың басына түскен нәубаттарына мұрындық болған басшылары мен атқа мінерлері жайлы да ашық айтатын мезгіл жетсе керек.  Мәселе  -   оларды жамандауда немесе қаралауда емес болса керек...

Солардың бірі, ҚазЦИК-тің (Қазақстан Орталық Атқару Комитеті) басшысы болған Елтай Ерназаров сауаты төмен, қазақтың рухани құндылықтары мен байлығы, тарихы түгіл өзі өскен ауылының арғы бергісін жетік білмейтін қара дүрсіндеу адам болса керек. Осындай адам қалайша ҚазЦИК-тің төрағасы болған дейсіз ғой. Ол жайлы ел аузында мынадай әңгіме қалған.

Қазақстанның астанасы Орынбор болып тұрған кезде жалпыреспубликалық құрылтай өтіп ҚазЦИК-тің төрағасын сайламақшы болады. Бірақ құрылтай барысында екі мықты топ  билікке өз адамын сайламақшы болып бірін бірі жеңе алмайды, екі жақ ымыраға келмей әбден титықтап шаршайды. Сонда бейтарап бір кісі  тұрып:

- Жолдастар, біз болсақ дені кедейден тұратын Кеңес үкіметін құрдық. Мына Елтай  -  кедейдің ішіндегі сіңірі шыққан кедей, басы таз десеңдер - таз, сауатсыз десеңдер  -  сауатсыз. Меніңше, төрағаға осыдан қолайлы адам жоқ, - деп елдің ортасында қалғып-мүлгіп отырған Ерназаровты саусағымен көрсетеді. Бір-бірін билік басына жібермеуді мақсат етіп, бір-бірімен тіресіп, қасарысып отырғандар, мейлі, қарсы жақтың адамы өтпесе болды деген пиғылмен тегістей  Елтайға дауыс беріп сайлапты. Сүйтіп бүкіл қазақ халқының тағдырын шешетін шешуші кезеңде елді басқаруды Ерназаровқа тапсырыпты.

Бір жолы  Елтай Ерназаров Алматыдан шыққан пойызбен Қызылордаға жол тартса керек. Елтайды жарты патша санайтын Шымкенттің аш-жалаңаш, әбден тарыққан ел-жұрты, ішінде ағайын-туыстары, бұрынғы көрші-қолаңдары да болыпты. Осы хабарды естісімен жағдайымызды айтайық, жәрдем сұрайық деген оймен жаяу-жалпылап вокзал басына жеткен. Елтай алғашқыда өзін тосқан халықпен дидарласуға ниеті болып, бірақ анталаған елді көріп, ол ойынан қайтыпты. Тек вагонның тамбурына ғана шығады. Осыны күтіп тұрған халық:

- Елтай төре, ашпыз!

- Босып кетуге айналдық!

- Қырылып жатырмыз. Бір шапағатыңызды тигізіңіз - десіп шулап қоя береді.

Сонда басына сусар бөрік киген етжеңді Елтай қолын жоғары көтеріп:

- Жолдастар, - дейді. Қайтсе де туған жері емес пе, төренің ықыласы түсіп, жарылқар деген оймен халық сілтідей тынады.

- Жолдастар, - дейді ол тағы да. Жолдастар! План, план, план. - деп үш қайтара дауыстайды да, есікті тарс жабады.

Жоқшылықтың қыспағына түсіп, тарыққан жерлестерімен, тіпті өзінің ағайын-туғандарымен жөнді тілдесуге жарамаған басшының барша қазаққа жүрек жылуы қайдан жетсін. Мүмкін егер басқа сауаттылау, қайырымдылау адам  оның орнына төраға болғанда қазақтың басына түскен сол кездегі нәубаттың зардабы аздау, жеңілдеу болар ма еді"!?

Елтай Ерназаровқа байланысты тағы бір әңгімені аралдық Нұрбай Жүсіп былай әңгімелейді: - Бірде Ташкенттен қайтып келе жатып Жаңабай Сәлімбаев деген менің жақынымның туыс қарындасы Шекерден шай ішіп аттанған едім. Сол жігіттің әкесі  -  Тасбау. Тасбаудың әкесі Сәлімбай деген қария 96 жасында қайтыс болды. Елтай Ерназаров жоқ-жітіктеу кезінде сол Сәлімбай ақсақалдың жақсылығын өте көп көріпті.

Ерназаров ҚазЦИК-тің төрағасы болып сайланған соң аудан басшысы Тасбауды шақырып алып:

- Елтай ағамызға дұғай-дұғай сәлем айтыңыз, көрші ауданда бір трактор бар, ал бізде жоқ. Жер жырта алмай, қор болып отырмыз. Туған ауданы ғой, бізге де бір трактор бергізсін, - деп оны Елтай Ерназаровқа жұмсайды. Тасбау бірден төрағаның үйіне барып түседі. Әйелі қуанып қарсы алады. Шүйіркелесіп біраз отырған соң, Елтай да қызметінен оралыпты. Тасбауды жақтырмай, қол ұшын әзер ғана ұсыныпты. Әйелі қатты ыңғайсызданып:

- Елтай-ау, келіп отырған  -  атамның баласы ғой, қалайша танымай қалдың? Осылардан көрген жақсылықты ұмытсақ, Құдайды да ұмытармыз. Ең болмаса, жөндеп аман-саулық сұраспайсың ба? - дейді күйеуіне.

Елтай сонда: - Иә, шал аман ба? Ертең жұмыс өте қауырт болғалы тұр, демалуым керек, - деп ішкі бөлмеге өте шығыпты.

Әрине, мұндай ел басқарған қарадүрсін, қайырсыз адамның сол кездері қазақты басына түскен зұлмат пен нәубеттен құтқармақ түгіл, сол зұлматтарды еселендіріп жіберері анық еді.

.... Елтай Ерназаровтың қызметтен түсетіндігін естіген кезде қойған бірінші сұрағы:

-  Машинам өзімде қала ма?  -  бопты...

*   *     *

Әрине, рухани ашаршылығымыздың бастауында   Елекең сияқты сауаты төмен  кісілер ғана тұрды, ол заман кеше болып, енді келмеске кетті  десек қатты қателесеміз. Оның бастауында тұрғандардың арасында сауаттылары да, сауатсыздары да жетеді. Мысалы, отызыншы жылдары бірін бірі ұстап берген ақын-жазушыларымызды қалайша сауатсыз деп айта аламыз. Қазақтың рухани ашаршылығының бастауында тұрған сол кездегі "Социальды Қазақстанды" айтсақ та жетіп жатыр емес пе?! Рухани ашаршылық қазір де жалғасуда. "Сені жиырма бес жыл күттім" деп Колбинді құшақтаған Әлжаппар ағамызды, кеше ғана Челах жайлы пікір айтып,  "сірә, бұл мәселенің басты кінәсі  - оның қазақтілділердің ортасында қалып қоюы болса керек" деп қазақ тіліне күмән артып топшылаған Олжасты, тағы басқаларды рухани ашаршылықтың жалғасы деп қалай айтпасқа.

«Abai.kz»

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1582
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2281
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3613