Сенбі, 30 Наурыз 2024
Жаңалықтар 3447 0 пікір 28 Қыркүйек, 2012 сағат 08:29

«Асыл Арманға» қол жеткізе аламыз ба?

«Ауылың сенің іргелі...». Қазақта осылай деп келетін халық әні бар екенін білесіз. Ал, Алматы қаласының қасында «Іргелі» атты ауылдық округ бар. Аталған ауылдық округтің аумағында «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ «ЭлитстройПроект» ЖШС-мен жеке серіктестікте бірлесе отырып «Асыл Арман» тұрғын үй кешенін (ТК) салмақ.

«Асыл Арман» - жайлылығы 3-санаттағы 2 376 пәтерлі тұрғын үй кешені. Жобада тұрғындардың автокөліктеріне арналған жалпыға қолжетімді 2 000-нан астам тұрақ орны көзделген. Тұрақ орындары бекітілген бас жоспарға сәйкес тұрғын үйлер арасында және құрылыс салынбайтын жер учаскелерінде  орналаспақ. Жаңа кешендегі пәтерлер энергия үнемдейтін технологиялармен, ламинатпен, жылы едендермен, бейнебақылау жүйесімен жабдықталатын көрінеді.

Жобаны жүзеге асыру мерзімі - 2012-2014 жылдар аралығын қамтымақшы. Айтулы жобаның жалпы құны 17 млрд. теңгеден асады екен. Бұл қаржыға 118 мың шаршы метрден аса баспана салынады. Жобаның бірінші кезегін жүзеге асыру барысында жалжымайтын мүлік қорының бас-аяғы 94 900 шаршы метр үй-жайын тапсыру жоспарланған. Оның ішінде 2013 жылдың IV тоқсанында - 48 898,3 м2, 2014 жылдың IV тоқсанында - 46 001,76 м2 тұрғын үй салынып бітпек.

Қазір тұрғын үй туралы сөз қозғала қалса жұрт «оны кім алады?», «қалтамыз көтермейді ғой», - деп қынжылып жатады. Рас, Алматы мен Астананы былай қойғанда, өзге де облыс орталықтарында, тіпті шағын қалалардың өзінде қаздай тізіліп тұрған көп қабатты тұрғын үйлерді көруге болады. Бірақ, соның дені бос тұр. Терезесінен жылт еткен жарық шықпайды. Неге? Өйткені бұл үйлер жекелеген компаниялар салған үйлер. Бағасы удай. Компаниялар халықтың сатып алу мүмкіндігін ескере бермейді; құрылысты бірден қымбатқа өткізіп пайда табуға ұмтылады. Осыдан кейін үкіметшаршы метрін халықтың қалтасына шақтап беріп, тұрғын үйлерді ипотекалық жүйемен сатуды көздеген болатын. Алайда ол бағдарлама да өзін өзі толық ақтай алмады. Қосымша кіріс көзін құпия ұстағандар болмаса, ипотеканың үйін әлеуметтік тұрмысы орташа бюджет қызметкерлерінің бәрі иелене қойған жоқ. Енді қайтпек керек?

Қалаға қарай жөңкеле көшіп жатқан жұртты тоқтату мүмкін емес. Қаланың тұрғылықты тұрғындарының жан саны да өсіп барады. Баспанаға деген сұраныс жоғары болғанымен әркім жеке басының қыжалатын қамтамасыз ете алмайды. Бұның ақыры жекелеген ірі топтардың қолындағы капиталды бөліске салудың, әлеуметтік тұрақсыздықтың салқынына соқтыруы ықтимал. Алматының іргесіндегі «Шаңырақ», «Думан» оқиғасы осы сөзімізге дәлел. Сондықтан өкімет қайткенде амалын тауып жұртты баспанамен қамтамасыз етуге бел байлап отырған сияқты. Мысалы, «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» мен АҚ «ЭлитстройПроект» ЖШС-серіктесе, селбесе салатын     «Асыл Арман» ықшам аудандағы үйлер әлеуметтік тұрмысы орташа отбасыларға жалға берілмек.

-       Жылжымайтын мүлік қоры қолжетімді баспананы екі жолмен - тікелей сату және жалға бере отырып сату арқылы өткізетіні белгілі. Дәл осы тұрғыда жалдамалы баспананың мүмкіндіктері мол екенін сезінеміз. Әлбетте, бұл жеке баспанасы жоқ халықтың әл-ауқатын айтарлықтай жақсартатыны анық, - дейді «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ Басқарма Төрағасы Болат Палымбетов.

Палымбетов мырзаның айтуына қарағанда, аталған қор ауданы шағын пәтерлер салуды ұйғарып отырғанға ұқсайды. «Біз баспананың сапасына әсер етпейтіндей, әрбір шаршы метрді ұтымды пайдаланамыз. Мұндай шешім зерттеу нәтижесінде туындады. Сауалға қатысқандардың басым бөлігі ипотекалық несие мен коммуналдық қызметтер төлемін азайту үшін ауданы шағын пәтер алғысы келетінін білдірді. Яғни біздің бағдарлама табысы орташа адамдарға арналған», - дейді ол.

Сонымен сөздің қысқасы, «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры бас болып жаппай жалға берілетін үйлерді салудың қамына кіріскен сыңайлы. Құлаққа жылы тиетін мұндай жағымды жаңалықты қазақ баласы ескере жүрсін, бір-біріне айтып, баспаналы болудың қам-тірлігін ойлай жүрсін деп біз отырмыз. Оқырман қауым қажет деп тапса, ауданы шағын пәтерлер туралы білгісі келетінін сұрасын, біз тиісті тұлғалардан жауап алып беруге уәде етеміз. Ең бастысы «Асыл Арман» баспана дейтін асыл арманымызға жеткізсе екен.

«Аbai.kz»

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1593
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2295
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3668