Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 3253 0 пікір 28 Қыркүйек, 2012 сағат 12:51

Діни бірлестіктердің үштен бірі жабылады

Қайрат Мәмидің төрағалығымен өткен Сенаттың кешегі жалпы отырысында Дін істері агенттігінің төрағасы Қайрат Лама Шариф осындай мәлімдеме жасады. Естеріңізде болса, былтырғы жыл соңында ел Парламенті «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» жаңа заң қабылдағаны мәлім. Агенттік басшысының айтуынша, осы заңның 25-бабы бойынша «өтпелі кезең» белгіленіпті, оның мерзімі биылғы жылдың 25 қазанында түгесіледі екен. Заңға сәйкес, осы мерзім ішінде барлық діни бірлестіктер «мемлекеттік» тіркеуден өтулері тиіс. Өтпегендер көп көрінеді! Қайрат Лама Шариф сенаторларға қайта тіркеу үдерісі бойынша өздерінің ендігі бір жылға жуық уақыт бойы жұмыс жасап жатқандарын жеткізді. Бірақ ол көздері жойылатын діни бірлестіктердің «құныкері» басқа екендігін мәлімдеуге асықты. «Бірден айта кетейін, діни бірлестіктерді тір­кеумен және қайта тіркеумен Әділет министрлігі және оның аумақтық департаменттері айналысуда, - деп бірден барлық айып атаулыны өзінен аулақтатуға тырысты Агенттік төрағасы. - Дін істері агеттігі Үкімет қа­былдаған қаулыға сәйкес, діни са­раптама жүргізуде, сондай-ақ біз (діни бірлестікті құруға) бастамашылар тізімін қарауға құқылымыз».

Лама Шариф ХҚКО-лар (ЦОН) және Әділет министрлігі арқылы алған деректеріне сілтеме жасай отырып, қайта тіркеу науқанына дейін Қазақ­станда барлығы 4 мың 551 бірлестік болғандығын айтты. «Ендігі барлық облыстарда 2 мың 300-ден астам мешіт қайта тіркеуден өтті, - деді ол. - Православ шіркеуінің 270 приходы қайта тіркеуден өтуде. Қайта тіркеу процедурасы аяқталған соң, діни бірлестіктердің шамамен 30 пайызы өз жұмыстарын тоқтатады. 25 қазанға қарай 4500 бірлестіктің 3 мыңнан астамы тіркелетін болады». Тіркеуден тыс қалатындар қатарында қазақтың діні бар. «Бірқатар шалғай­дағы ауыл­дарда имамдары жоқ мешіттер бар, - деді Қайрат Лама Шариф. - Сондықтан Қазақстан Мұсылман­дарының діни басқармасы оларды жеке филиалдар ретінде тіркемеуге шешім қабылдады. Олар намазхана және құрамдас үй-жай ретінде қалады».
Ал православтардың айы оңынан туғанға ұқсайды. «Орыс православ шіркеуіне келсек, олар бірі қалмай, то­лы­ғымен тіркеледі, - деді Қайрат Лама Шариф. - Лютерандық шіркеу­лер­ді тіркеу аяқталды. Бұл ретте, атап өткім келеді, бұлар бірінші болып тір­келді. Қазақстанда лютеран­дық бағыт­тағы барлығы 9 жергілікті діни бірлестік жұмыс жүргізеді. Біздің заңымызға дейін олардың саны 32 деп есептелді. Қалғандары сол жергілікті діни бір­лес­тіктерді құру бастамашы­ларының бол­мауы нәтижесінде тіркеуден өте алмады».
Дін істері агенттігі діни бірлестіктер­дің қысқаруы конфессияларға ешқандай нұқсан келтірмейді деген ұстанымда. Қай­та тіркеу тек іс жүзінде жоқтарын ғана алып тастайтын көрінеді: «90-жыл­дары көптеген немістер және басқа да этностар өздерінің тарихи отандары­-
на көшіп кетті, - деді Қайрат Лама Шариф. - Ал әлгі діни бірлестіктер қайта құру кезеңінде және 90-жылдардың басында тіркелген. Енді міне, 20 жыл өте келе, біз олардың тек қағаз жүзінде ғана қалғандығын анықтап отырмыз. Мұны діни бірлестіктердің өкілдері де түсінеді, олармен, мәселен, баптистермен, тиісті әң­гімелесулер жүргіздік. Егер біздің заңымызға дейін Қазақстан аумағында 197 баптистік бірлестік тіркеуде тұрса, ал қазір небәрі 60 діни бірлестік қана құ­жаттарын тапсырды. Бұл конфессияларда ешқандай құқық бұзушылықтар жоқ». Агенттік кезінде Қазақстан аума­ғында көп шу тудырған баптистердің құжат­та­ры­на «мұқият діни сараптама жүргізіпті», нәтижесінде «оң баға берген»! «Сон­дық­тан бұл конфессия Қазақстанда тіркеле­-
ді, - деп мәлімдеді Лама Шариф. - Бірақ оның діни бірлестіктерінің саны 60% қыс­қарады!»
Әйтсе де алда Қазақстанда католиктер өздерінің уағыз ісін дөңгелентіп әкетуі ғажап емес. Кеше сенаторлар да «Қазақ­стан мен Қасиетті Тақ арасындағы Өзара қатынастар туралы» келісімді ратификациялап, Мемлекет басшысының қол қоюы­на жолдады. Заң жобасы туралы баян­даған Дін істері агенттігінің төрағасы Қайрат Лама Шариф Қасиетті Тақ бүгінгі таңда 70-тен астам мемлекетпен, соның ішінде Израиль, Әзірбайжан, Латвия се­кілді зайырлы Еуропа елдерімен келісім­дер жасасқанын алға тартты. Агенттік басшысы «өткен ғасырдың 30-50 жылдарында Қазақстанға немістер, поляктар, литвалықтар мен украиндер жаппай жер аударылып, соның нәтижесінде католик дінін ұстанатындар саны едәуір өскен­дігін» айтты. Қазіргі таңда Қазақстанда 150 мыңнан астам азамат католик дінін ұстанады. Республикамызда 79 рим-като­лик, 2 грек-католик қауымы қызмет етеді екен. Ал мына келісім рим-католик шір­кеуіне Қазақстанда мектептер, приходтар, миссиялар, қауымдастықтар, семинариялар, колледждер және басқа да тәр­бие мекемелерін ашуына жол ашпақ.
Бір айта кетер жайт, Сенаттың кешегі жалпы отырысы өзгеше өтті. Оның басында Астанаға ресми сапармен келген Түркияның Ұлы Ұлттық жиналысының төрағасы Джемил Чичек депутаттар алдында сөз сөйледі. Осыдан кейін өз жұ­мыс­тарына кіріскен сенаторлар басқа да бірқатар халықаралық келісімдерді тал­қы­лап, ратификациялады.

Елдос СЕНБАЙ
"Айқын" газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1575
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2272
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3585