Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Жаңалықтар 3410 0 пікір 29 Қазан, 2012 сағат 12:44

Қазақстан үкіметінде құрылымдық өзгерістер жоспарланып отыр

Жақында Қазақстан үкіметінде құрылымдық өзгерістер жоспарланып отыр, деп хабарлады агенттікке Астанадағы ақпаратқа қанық дереккөз.

«Үкімет мұндай жұмыс (құрылымын өзгерту бойынша) жүргізіп жатыр және жақында жариялайды. Бірінші кезекте, бұл екінші деңгейдегі құрылымдар - агенттіктер мен комитеттерге қатысты болады», - деді дереккөз.

«Оңтайландыру, мүмкін ТМРА (табиғи монополияларды реттеу агенттігі) мен БҚА (бәсекелестікті қорғау агенттігінің) біріктірілуі мүмкін. Экономикалық даму министрлігінің тарифтік саясат жөніндегі комитеті жаңадан құрылымға берілетін шығар. Жер ресурстарын басқару агенттігінің де елеулі реформалау үтіп тұр»,- деді дереккөз.

Оның ақпаратына сәйкес, экономикалық даму және сауда министрлігін индустрия және жаңа технологиялар министрлігімен біріктіру мәселесі талқыланып жатыр, сонымен бірге, аймақтармен жұмыс жөніндегі жаңа ведомство құру мәселесі де қаралуда.

Дереккөздің айтуынша, «Самұрық-Қазына» қорында да өзгерістер орын алады. «Бұл жерде кадрлық өзгерістер туралы ғана емес, басқа да өзгерістер туралы сөз болып отыр. Оның ірі құрылымы инвестициялық тартымдылыққа оң әсер етіп отырған жоқ, басқарушы функциялары да - шешім қабылдаудан бастап, алға қойылған мақсаттарды жүзеге асыруға дейінгі қызметтер де зардап шегуде», - деді ол.

«Мемлекеттің түрлі инвестициялық және инновациялық қорларға, басқа даму институттарына қатынасын да өзгертетін кез келді. Олар бюджет қаржысын жегеннен басқа еш нәтиже көрсетпейді. Олар бөлінген қаржыны коммерциялық банктердегі депозиттерге салып қойып, пайыздарға өмір сүреді», - деді дереккөз.

Ол мемлекет қаржысын тиімсіз пайдаланудың бір мысалы ретінде қоғамда жиі сын айтылатын бір мысалды келтірді. «Сол себепті мегақордың алдағы тағдыры туралы мәселе де күн тәртібіне шығатын күн де алыс емес», - деді ол.

Дереккөз: ҚазТАГ

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2256
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3525