Сәрсенбі, 17 Қаңтар 2018
Жаңалықтар 759 0 пікір 28 Ақпан, 2013 сағат 06:34

Түркілер және «төрт бұрыш»

Түркілердің  танымымен танысқан сайын қызық жайтқа тап боласың. Соның бірі - кеңістікті бағдарлау. Белгілі ғалым Сартқожа Қаржаубайұлының зерттеуіне қарағанда, түркілер солтүстіктен тіксінген, оны қара бояуға қатысты атаған. Ғалымның еңбегінен (С. Қаржаубай. Орхон мұралары. 1 кітап. Тарихи - танымдық этнографиялық әдебиет. Астана. 2003. 38-39 беттер.) үзіндіні аталмыш дүниетаныммен танысу үшін жариялап отырмыз.

Abai.kz

Теркін ескерткіші Теркін өзенінің солтүстігіне орналасқан.

Бұл дүниеден о дүниеге өткен ұлы адамдарының барықтарын (храм), киелі орындарын осылайша өзеннің, бұлақтың солтүстік бетіне байырғы түркілер орнатып келген.

Барықтар (храм) - ол дүниелік болған аруақтарға арналған орын. Оның ішінде сол адамның өзінің, әйелінің (қатын) мүсіні орналастырылған. Түркілер сол аруақтары арқылы Тәңірге құлшылык етіп, сыйынып, табынады.

М.Қашқари де адам мүрдесін көмген бейітті «qara orun» (қара орын) (15. 111.222; 70.423) деп атаған. Тәңірлік діннің қалдығы жақсы сақталған моңғолдар «Зүгийн муу хойт зүг» (бағыттың қорқыныштысы терістік бет) деп күні бүгінге дейін ырымдайды. Хуннудың Модэ-тәңірқұты қытайлармен соғысқанда (б.з.д. 200 жылы) армияның батыс шебін ақ, шығыс шебін көк, оңтүстік шебін күрең (қызыл), солтүстік шебін, қара аттылармен жасақтайды (32.1.51). Байырғы түркі жазба ескерткіштерінде солтүстіктегі халықтарды «Тün еlі» (түн елі-қараңғылықтағы ел) деп атаса солтүстікті «tün ortu» (түн ортасы-солтүстік) (КТ.ІІІ.2) деп атаған.

Ал Орталықты (центр) -«saryˠ» (сары) деп атаған. МШУ ұстынының

оңтүстік бетінің 8-жолында «аqsaryˠordu, örög» (ақсары орда, өрге (қағанның үйі) деп көрсеткен (138.74). Қаған ордасы, оның жатын үйі - қағанаттың кіндігі. Міне, осы кіндік орталықты сары түспен белгілеген.

Бұл деректер байырғы түркілердің қоршаған ортамен, табиғатпен байланысы, олардың дәстүрлік этикалық нормалары мен дүниетанымын танып білуге жол ашады. Жоғардағы тарихи дерекке жүгінсек, б.з.д. 200 жылдан б.з. XI ғасыр аралығында байырғы түркілер әлемнің төрт бағытын реңді түспен белгілеген. Табиғи түсті (өңді) символикаға айналдырып, өздерінің ұлттық-түріктік салт-санасына сіңіріп, рухани байлығын байытып келгеніне куә боламыз.

Түріктер шығысты көк, оңтүстікті қызыл (қоңыр), батысты ақ, солтүстікті қара, орталықты сары түспен осылайша белгілеген. Көк тәңірдің тұрағы болған көк - аспанның өңі. Өсіп-өнудің символикасы. Қызыл - толығудың, ақ - жетіліп, толықсудың, қара - дүниенің символикасы.

Бұл символика түркілердің ұлттық этнопсихологиясына мықтап сіңіп, халықтың дәстүріне айналған. Қазақ жеріндегі ортағасырлық хандықтар Ақ орда, Көк орда, Сары (Ақ) орда аталуы осының бірден бір дәлелі болмақ.

Осылайша байырғы түркілердің ұлттық дүниетанымынан тамырланып қалыптасқан салт-дәстүрін қарапайым қара халқынан қағанға дейін өмір тіршілігінің әрбір сәтінде қолданып, ұрпақтан ұрпаққа түркілік салт-сананы сіңіріп, ғасырлар бойы жетілдіріп келген.

Олар әлемді «төрт бұрыш» (tört buluη) деп түсініп, төрт бағыт символикасын жасап, онымен қатынасу нормаларын қатаң белгілеп отырған. Солтүстікке (қара түс) ол дүниелік іс-әрекеттер, жора-жосындар арналып отырса, оңтүстік, шығыс, батыс бағытта тірлік, тіршіліктік іс-қимылдар, жора-жосындар жасалып отырған.

Мысалы: Байырғы түркілер майда жазуларды жартастың шығыс, оңтүстік, батыс беттеріне жазып қалдырып отырған. Көбінде жартастың оңтүстік бетін пайдаланған. Мысалы Тайхар-чулу жартасындағы 30-дан астам майда жазудың 80 пайызы оңтүстік бетіне жазылған.

Хангидай - хат, Қүтүғ - ула, Хату, Цаған - толғой т.т. с майда жазулар жартастың оңтүстік және шығыс бетіне жазылған. 18 жыл бойы далалық эспедицияда болып, тас бетіне жазылған байырғы түркі жазуларын іздестіргенімізде, жартастың солтүстік бетіне жазылған бір де бір мәтін кездестірмедік.

Майда жазуларды байырғы түркілер жартастың адам бойы жетер төменгі жағына жазып қалдырған. Онымен қатар адамдар көп жүретін, кісінің көзіне түсетін, ыңғайлы жерге жазылған.

Ерте ортағасырлық түркілердің табиғи ортамен қатынасын, ұлттық жадын осы деректер анықтауға көмектеседі.

Abai.kz

0 пікір