Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 2960 0 пікір 29 Наурыз, 2013 сағат 09:00

Билiк өзiне ор қазуда

Қыста Болгария тұрғындары коммуналдық төлемдердiң қымбаттауына байланысты наразылық шарасына шықты. Болгарлардың ашынғаны сондай, билiктен қымбатшылықты тоқтатуды талап етiп, бiрқатар талаптарын мәлiмдеген-дi. Тiптi наразылық шарасында өз-өздерiн өртеп жiберген болгарлар да болыпты. Сол болгардың басына бiздiң елдегiдей күн туса қайтер едi?! 12 жыл бойы небәрi 3 есе ғана қымбаттаған коммуналдық тарифтер үшiн дүрлiгiп, болгарлар алаңға шыққан. Ал осынша уақыт iшiнде қазақ­с­тандық баға 5-7 есеге көтерiлдi, әлi де тұрақтайтын түрi жоқ.

Өткенде мәжiлiс­шi­лер монополистерден «халықты қанауын доғаруды» талап еткенсiдi. Бiрақ парламент өкiлде­рi­нiң бұл сесiне моно­полистердiң қисайған қылшығын көрмедiк. Ке­рi­сiн­ше, ендi елдегi аймақтық монополистер та­рифтi өз қалауынша өз­герте алатын құзыретке ие болды. Бұрынғыдай табиғи монополияларды реттеу агенттi­гiнiң рұқсатын күтiп әуре болмайды, қалағанынша бағаның сандарын шимайлай бередi. Тұтынушылардың құқығын қор­ғауға тиiс агенттiк басшысы "қымбатшылық бi­реуге үнем­деу­дi үйретсе, ендi бiреу­дiң құбырларын жөндеуiне септiгi тиетiнiн" айтты.

Басқа тауар бағасын тiзгiндей алмай жатқанда, монополистерге бе­рiлген еркiндiк "жығыл­ғанға жұдырық" болмақ. Жақын маңдағы дүкен-базарды аралап, тұтыну тауарларының бағасымен танысып, қарапайым азаматтардың пiкiрiн сұ­растырдық. Қымбатшылықтың қазiргi қарқыны билiктегi­лер­дiң өзiне қаз­ған оры болуы мүмкiн.

Әсия апа, зейнеткер:

- Бұрын жылына әрi кетсе екi рет қымбатшылық жайлайтын. Оның өзiнде жұрттың жалақысын көбей­тiп барып, бас­қа бағаны өсiретiн. Ал қазiр не жалақы, не зейнетақыны кө­бейтiп жат­­қан жоқ. Есесi­не, азық-түлiктен бастап, коммуналды тарифтердiң бағасы күн сайын қымбаттап жатыр. Осыдан бiрер ап­та бұрын ғана осы "Көк­базардан" сиырдың сү­йек-саяғын келiсiн 600 теңгеден алып едiм. Ендi мiне, бүгiн сол сүйек­тердi 750 теңгеден алып отырмын. Алатын зейнет­ақым - 30 мың теңге. Оның 10-15 мыңы коммуналды қызмет­тердi төлеу­ге кетедi. Қал­ған 15 мың теңгенiң 1500 теңге­сiне етi сылынған сүйек-саяқ, 100 теңгеден 3 келi картоп, 150 теңгеден 3 келi сәбiз, 70 теңгеден 3 келi пияз алам. Макарон, ұн, жарма алуға 2-3 мың теңге, ал күнделiктi нан мен сүтке 5000 теңге жұм­сай­мын. Осылайша зейнетақымнан әрi кетсе 4-5 мың теңге артылуы мүм­кiн. Әрi-берi жүретiн жолыма бұл ақша әрең жетедi. Ай сайын алатын азық-түлiгiм осы ғана. Өзгелер сияқты шұжық, ет, жұмыртқа, көк­өнiс, же­мiс-жидек дегендi ұмыт­­қалы қай заман. Монополистерге еркiндiк берiл­генi жөнiнде естiп, қаным қайнады. Халықтың ақшасынан жалақы алып отырған табиғи монополияларды реттеу агенттiгi халыққа қарайласпаса, не үшiн қажет? Әлгi Мұрат Оспанов халықтың құқығын қорғай алмаса, агенттiгiмен қо­са қызмет­терiнен кетсiн! "Жас Алаш" арқылы осы талабымды жеткiзгiм ке­ледi.

Керiмжан, сатушы:

- Осы жерде ескi-құсқы киiм-кешек, заттарды сатып күнелт­кенiмiзге биыл алты жыл болады. Жасым елуге таяғанда, еш жер жұмысқа алмай, қайыршыға айналудың аз-ақ алдында қалдық. Қаланың қаңғыбастары мен алқаштары (қайдан тауып әкелетiндерi белгiсiз) күн сайын бiзге ескi киiм-кешектер мен заттар әкелiп, бiр бөтелке арақтың құнына сатады. Ал бiз әлгi заттарды жуып-тазалап, 50-60 теңгеден сатамыз. Байқағаным, сатып алушылардың басым көпшiлiгi өзiмiздiң қандастарымыз. Кейде сөздерiнен киiм-кешектi балаларына алып жатқанын бiлесiң. Күнделiктi ең көп дегенде, 2-3 мың теңге табамын. Сол тапқанымды бiр күндiк ас-суымыз­ға жаратамыз. Әйелiм мектепте еден жуушы болып iстейдi. Жалақысы - 40 мың теңге. Бұл ақшаның 25 мың теңгесiн пәтерақысына, 10 мыңын - коммуналды қызмет ақысына, ал 5 мың теңгесiн жүретiн жолына жұмсаймыз. Екi баламның киiмi   әлгi алқаштардың дорбасынан табылып жатады. Билiктегiлер үшiн бұл айтқандарымның бәрi өтiрiк көрiнуi мүмкiн. Өткенде бiр шенеунiктiң "елiмiзде күнкөрiсi қиын адам кемде-кем" дегенiн естiдiм. Өкiнiшке қарай, қазақстандықтардың жартысынан көбi қазiр мен сияқты күн кешуде. Осы айдың басында қымбатшылыққа наразылық танытып, көшеге шықтық. Қазiр басқа да азаматтар наразы топқа қосылуға ниеттенiп отыр. Егер шенеунiктер бағаға тоқтау салмаса, мамырдың бiрi күнi митинг өткiзбекпiз. Бұлай қол қусырып қарап отыра беруге болмайды. Жылы үйi, тойымды тамағы, тұрақты жұмысы, сапалы киiмi бар шендi-шекпендiлердi тәубесiне түсiретiн уақыт жеттi деп ойлаймын.

Раушан СЕРКЕБАЕВА,

экономист:

- Баға 2005 жылмен салыстырғанда 2012 жылы 83,4 пайызға өсiптi. Экономикамыз 2012 жылдың қорытындысы бойынша - 2,1 пайызға, елдiң iшкi жалпы өнiмi (IЖӨ) 5,4 пайызға өсiптi. Бұл егер рас болса, халықтың тұрмыс деңгейiнiң жақсарғанын бiлдiруге тиiс. Өкiнiшке қарай, бiзде үкiмет тегiлер айтқан сандар мен шындықтың арасы алшақ қой. Баға шарықтап кетiп барады. Ал жалақысын соған жақындатып жоғарылатқан мекеме­лердi таппайсыз. Мәжiлiсшi Ж.Ах­метбековтiң айтуынша, Қазақстандағы ең төменгi күнкөрiс шегiнiң шамасы Зимбабвеге арналған есептеулерге негiз­делiп белгiленген екен. Ендi осыдан кейiн не айтуға болады? Жұрт тамақтана ма, жоқ, коммуналды та­риф­терiн төлей ме? Өркениеттi елдерде агенттiк басшысы М.Оспановтың әлгi бiр ауыз сөзi үшiн қыз­метiнен кетiретiн едi.

Меруерт ХУСАИНОВА

«Жас Алаш» газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1567
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2260
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3541