Бейсенбі, 21 Қыркүйек 2017
Жаңалықтар 261 1 пікір 17 Шілде, 2013 сағат 20:06

Сириядағы соғыс: Төрт қаруын сайлап отырғандар ішімізде әлі де бар

ҚР Үкіметінің,

ҰҚК-нің,

Діни істер агенттігінің,

ҚМДБ-ның назарына және тұтас халыққа!

«Өздеріңізге белгілі біздің елден Сириядағы соғысқа 40  бала «жихад» деп аттанды. Ондағы мұсылман бауырлаға көмек қолын созамыз деп төрт қаруын сайлап отырғандар ішімізде әлі де бар. Осыған не айтасыздар?» Астарында бір сұмдық емес, мың сұмдық бұғып жатқан бұл сауал Дін істері агенттігі мен Қарағанды облысы әкімдігі бірлесе ұйымдастырған «Тәкфіршілік – діни экстремизмнің қауіпті түрлерінің бірі» атты республикалық ғылыми – тәжірибелік конференцияға қатысушыларға жергілікті мешіттердің бірінде қойылған (http://old.abai.kz/content/mykan-isakhan-siriyadagy-sogyska-40-bala-zhikhad-dep-attanypty). Бұған Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Н.Әбіқаевтің Ауғанстан мен Пәкістанның шекара аймағындағы Вазиристан өңірінде қазақтың жүзге тарта баласының радикальді топтардың қарамағында әскери дайындықтан өтіп жатқанын мәлім еткенін қосыңыз! Енді міне, интернет арқылы қазақша қазақтарды Сириядағы соғысқа шақырып, ұрандап жатыр.

Әлбетте, арнайы органдар қол қусырып қарап отырмаса екен. Алайда, күн санап етек алып, елді үрей құшағына қусырып келе жатқан теріс ағымдардың тақымында кеткен азаматтардың әрекеті билікті мықтап ойлантып қана қоймай, нақты әрі жүйелі іс-әрекетке дереу көшу керектігін көрсетіп отыр. «Ауруын жасырған өледі». Егер біз діни татулық пен бір күнгі тыныштық үшін көз алдымызда өңі өзгеріп, ата-анасынан, ұлтынан оның құндылықтарынан бас тартып, қаруланып шетел асып қоймай соңына «Сириядағы соғыс аттаныңдар!» деп ұран салып жүрген азаматтарды құтқармасақ, олардың көзқарасы мен ұстанған бағытын түбегейлі өзгертуге мемлекеттің бар күшін жұмылдырмасақ, іштен қазылған орға құлауымыз бек мүмкін.

Сондықтан, Үкімет, ҰҚК, Діни істер агенттігі, ҚМДБ бірлесіп арнайы жұмыс жүйесін жасап іске асырып, қоғамдық қозғалыстар мен ұйымдар, жалпы халық болып теріс ағым жолындағыларды жөнге салуға бар күшімізді салуымыз шарт!

http://www.ridus.ru/news/97481/

http://tengrinews.kz/crime/boevik-prizval-k-djihadu-v-sirii-na-kazahskom-yazyike-238086/

http://old.abai.kz/content/mykan-isakhan-siriyadagy-sogyska-40-bala-zhikhad-dep-attanypty

http://old.abai.kz/content/selefizm-zhat-agym

1 пікір
RonaldGlice 2017-05-03 09:36:29
<a href=https://www.viagrasansordonnancefr.com/>viagrasansordonnancefr.com</a> acheter viagrasansordonnancefr

Үздік материалдар

Рухани жаңғыру

Қанат Әбілқайыр. Қарыз бен Парыз

Abai.kz 5739
Қауіп еткеннен айтамын

Қазақстанда жүрген қытайлар кімге сүйенеді? 

Н.Қошаманұлы 12011