Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Жаңалықтар 10811 0 пікір 30 Қаңтар, 2014 сағат 07:59

«ҰЙҒЫР АУДАНЫНЫҢ АТАУЫ ШАРЫН АУДАНЫ БОЛЫП ӨЗГЕРТІЛСІН...»

Қоғамның белсенді азматтары ойларын ортаға салып, ұсыныс айтатын, сан-алуан пікірлер мен көзқарастарды талқылап  таразылайтын, қол жинап, петиция жариялайтын халықаралық http://www.avaaz.org/ru/  сайтында Мақсат есімді азамат Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың атына ашқы хат жазып, Қазақстан Респблуикасының оңтүстік-оңтүстік шығыс өңірінде орналасқан Алматы облысына қарасты Ұйғыр ауданының атын Шарын деп өзгертуге пәрмен етуін сұрапты. Қараңыз:

(https://secure.avaaz.org/ru/petition/Kazakstan_Respublikasynyn_PrezidentiElbasy_Nursultan_Nazarbaevka_UYGYR_AUDANYNYN_ATAUY_ShARYN_AUDANY_BOLYP_OZGERTILSIN/edit).

«Жоқ жерден жау іздегіміз келмейді, бірақ сөзсіз шешілуге тиісті бір мәселе бар. Ол – Ұйғыр ауданының атауын өзгерту. «Ономастикалық мәселелер» туралы Заңмен бірге Петропавл, Павлодар, Ұйғыр атаулары біржақты болар деп елеңдеп едік. Сөйтсек, заң «қоғамдық пікірді есепке алу қажеттігін» баса айтқан екен. Өте дұрыс. Енді қоғамның пікірі не дейді екен?» деп жазады http://www.avaaz.org/ru/ сайты. Елді-мекен, жер-су атауларын тарихи қалпына келтіру мәселесіне орай қоғамдық пікір туғызуды есепке алып, біз ашық хатты Abai.kz ақпараттық порталын күнделікті қадағалап отырған қалың оқырманының назарына ұсынғанды жөн көрдік. Айтпақшы, аталған сайт қаңтардың 12-сінен  бері 256 адамның даусын жинап үлгеріпті. Сол 256 дауыс иесінің қатары «Абайдың» ойлы оқырманы тарапынан молая түседі деген сенімдеміз.

Abai.kz

Біле жүріңіз:

Қазіргі Ұйғыр ауданы аталып жүрген әкімшілік бөлік Алматы облысының оңтүстік-шығысында орналасқан. 1934 жылы құрылған. Жер аумағы 8,73 км2. Халқының саны 63,8 мың адам (2003). Аудан аумағындағы 26 елді мекен 14 аудандық әкімшілік округтерге біріктірілген. Аудан орталығы — Шонжы аулы.

Облыс орталығы — Талдықорған қаласынан Шонжыға дейінгі қашықтық 355 км, Алматыдан Шонжыға дейін 214 км.

Дереккөзі: «Жетісу энциклопедиясы».

ШАРЫН

Шарын шатқалы, Шарын каньоны — Шарын өзені. Шатқал Алматы қаласынан 195 шақырым шығысқа қарай орналасқан. 2004 жылдың 23 cәуірінде құрылған Шарын ұлттық паркінің құрамына кіреді. Шарын шатқалы жасы 12 миллион жылға жуық шөгінді тау жыныстардан қалыптасқан табиғат ескерткіші. Каньон құздарының биіктігі 150-300 метрге жетеді. Шарын шатқалы - Шарын өзені бойымен солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа 154 км созылып жатыр. Бұл аймақтың рельефі әртүрлі. Жарқабақтың бағаналары, баурай, жыралары 150-300 метрге жетеді. Жарқабақ түсі Америкадағы Үлкен жарқабақтарға қарағанда ашық-қызғылт. Шарында жер шарында сирек ұшырастын мұздану кезеңінен өткен ясень кездеседі. Сирек кездесетін согдиандық түрі 25 млн жыл бұрын жер бетінде кең таралған,  қазір ол мемлекет қарауында қорғалатын аумақ.  

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2256
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3524