Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 3200 0 пікір 23 Қыркүйек, 2009 сағат 05:34

Үндістан мен Қазақстан стратегиялық әріптестікті кеңейтеді – ҚР СІМ

Астана. 22 қырқүйек. ҚазТАГ – Үндістан мен Қазақстан СІМ делегацияларының арасында өткен саяси консультациялар екі елдің арасындағы стратегиялық әріптестікті кеңейтуге деген ұмтылысты қуаттады, деп атап көрсетілген Қазақстан сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің хабарламасында.

«Тараптар келешегі бар инвестициялық жобаларды жүзеге асыру бойынша белсенді қадамдар жасауға әзірліктерін білдірді», - делінген хабарламада.

Сейсенбі күні Астанада өткен саяси консультациялардың күн тәртібіне екі мемлекеттің арасындағы келісім-құқықтық базаны кеңейту, АӨСШК шеңберіндегі ынтымақтастық мәселелері енгізілді. Тараптар саяси диалогты нығайту, экономикалық ынтымақтастықты, халықаралық аренадағы ықпалдастықты дамыту мәселелерін талқылады.  Сонымен қатар, ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2009 жылдың қаңтар айында Үндістанға жасаған мемлекеттік сапары шеңберінде және биылғы жылы наурызда Астанада өткен қазақстан-үндістан үкіметаралық бірлескен комиссиясының отырысында қол жеткізілген сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, өнеркәсіптік және мәдени ынтымақтастық жөніндегі уағдаластықтарды жүзеге асыру жайы қаралды.

Саяси байланыстардың деңгейін ұстап тұру қажеттілігін ескере отырып, 2010 жылы Үндістан басшылығының Қазақстанға сапар жасау мүмкіндігі талқыланды, деп хабарлайды баспасөз қызметі.

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1575
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2269
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3582