Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 3918 0 пікір 29 Қыркүйек, 2009 сағат 03:01

Республикалық театр фестивалінің гран-при жүлдесін Қарағанды облыстық қазақ драма театры жеңіп алды

Қарағанды. 28 қыркүйек. ҚазТАГ – Әділ қазылар алқасының бір ауызды шешімімен республикалық 17-ші театр фестивалінің гран-при жүлдесін Қарағанды облыстық С. Сейфуллин атындағы қазақ драма театрының «Абай» спектакілі жеңіп алды. Театрға Қарағанды облысының әкімі Нұрлан Нығматуллин тағайындаған 1 млн теңге сыйлық берілді.

Бірінші орынды қазылар алқасы Алматы облыстық Б. Римова атындағы театрға М. Мақатаевтың шығармасы негізіндегі «Райымбек, Райымбек!» спектакілі үшін табыс етті. Екінші орынды Қ. Қуанышбаев атындағы Астана музыкалық-драма театры Е. Жуасбековтың «Үйлену» спектакілі үшін алды. Үшінші орынды Шығыс Қазақстан облыстық Жамбыл атындағы драма театры А. Құнанбаев шығармасының негізінде «Мен адам аталған соң» спектакілі үшін алды.

Сондай-ақ әр түрлі номинация бойынша жеті жүлде табыс етілді. Ең үздік әйел бейнесі үшін жүлдені Қызылорда облыстық Н. Бекежанов атындағы қазақ музыкалық-драма театрының актрисасы Айгүл Байғалиева, ал «Ең үздік ер азамат ролі» номинациясында С. Қожамқұлов атындағы Жезқазған музыкалық-драма театрының актері Досжан Жанботаев жеңімпаз деп танылды.

Ең үздік режиссура үшін сыйлықты Түркістан қазақ музыкалық-драма театыры Д. Исабековтың шығармалары негізінде Ерғали Оразымбетов қойған «Құстар фестивалі» спектакілі алды.

Ақын әрі композитор Біржан сал Қожағұлұлының 175 жылдығына арналған Республикалық 17-ші театр фестивалі өткен апта бойы Қарағанды облыстық қазақ драма театрының сахнасында өтті. Фестивальға қазақстандық 15 театр қатысты, оның ішінде 12 қазақ, 2 орыс және бір корей театры бар. Биылғы фестиваль шарты бойынша фестивальға қатысушылар тек қазақстандық авторлардың шығармалары бойынша спектакльдер ұсынды.

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1569
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2264
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3553