Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Жаңалықтар 5139 0 пікір 30 Қыркүйек, 2009 сағат 09:30

Ләйлім ӘУБӘКІР. Ұлдана Әжібекованың Алматыда дүңгіршекте тұрып жатқанына 5 жыл болды

 Ұлдана Әжібекова өзі тұрып жатқан дүңгіршектің жанында.

Алматы қаласындағы Айманов пен Мыңбаев көшелерінің қиылысында орналасқан дүңгіршекті Ұлдана Әжібекова бұдан бес жыл бұрын 50 мың теңгеге сатып алған екен. Коммуналдық қызмет түрлерінен тек электр жарығы ғана тартылған дүңгіршекті Ұлдана қыс мезгілінде электр пешпен жылытуға тырысады.

Төрт қыз, бір ұл өсірген Ұлдана Әжібекованың жасы қазір 58-де. Ол осыдан бес жыл бұрын Алматыға Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданынан қоныс аударған. Төрт қызы да тұрмыс құрған. 2000 жылдың 31-ші желтоқсанында 22 жастағы жалғыз ұлы Мейрамбекті көшеде көлік қағып кетіп, қайтыс болған.
Ұлының қазасын көтере алмай бір жылдан кейін күйеуі Бейсен де бақилық болыпты. Содан кейін Ұлдана ауылды жердегі үйін сатып,

күнкөріс қамымен Алматыға келген екен. Алайда, ол Алматыға келгенде жертөледе тұрып жатқан қыздарының үйінде тұрудан бас тартқан.
- Күйеу баламмен бірге тұра алмадым. Қызыңды ұрып-соғып, боқтап жатқанда қайда тығыларыңды білмей қалады екенсің. Алматыда тұрып жатқан екінші қызым күйеуімен ажырасып кеткен.Ол да жертөледе тұрады. Мен олардың бір бөлмесіне барып қалай тұрамын? - дейді Ұлдана Әжібекова Азаттық тілшісіне.

ЖАРЫМЖАН ҚЫЗ, ЖАРЫМ КӨҢІЛ АНА

Бұрын Ұлдана осы дүңгіршекте кенже қызымен тұрыпты. Тұрмыста жолы болмай, күйеуімен ажырасып кеткеннен кейін кенже қызы екі баласын алып, шешесінің жанына келген екен. Ұлдананың айтуынша, тұрмыс тауқыметінен жүйкесі тозған қызы талай рет дүңгіршекті өртеп жібере жаздапты. Сондықтан ол қызын екі ай бұрын жүйке ауруларын емдейтін орталыққа орналастырғандығын айтады.
Дүңгіршек тұрған көшеде жылу құбырларын ауыстыру жұмыстары жүріп жатқандықтан, әкімшіліктен келген өкілдер дүңгіршекті орнынан алатынын ескерткен. Әкімшілік қызметкерлері әйелге жертөледен бір баспана қарастырып көретінін жеткізіпті, алайда Ұлдана жертөледе тұруға үзілді-кесілді қарсылық танытып отыр.
- Жүйке ауруына шалдыққан қызым жертөлені өртеп жібереді немесе жертөледегі көп крандардың бірін байқаусызда ағытып жіберсе, басым бәлеге қалады. Оның үстіне, жертөледен неше түрлі аурулар шығып жатқанын теледидардағы жаңалықтардан күнде беріп жатыр емес пе? Мұны менің денсаулығым көтермейді. Онсыз да суықтан екі саусағым бүгіліп қалған, - дейді Ұлдана.
Ұлдананың төрт қызының бірі - Гүлмира аула сыпырушы болып жұмыс істейді. Отбасындағы бес адам жертөленің аядай ғана бір бөлмесінде тұрады екен. Ол да анасына көмектесетіндей жағдайы жоқ екенін айтады.
- Менің екі балам бар. Күйеуімнің денсаулығы нашар. Анам ауылда күнін көре алмаған соң осында келген. Зейнеткерлікке енді ғана шыққалы отыр. Анам базарға шығып ұсақ-түйек сатып, күнін әрең көріп жүр. Ауырып қалған жағдайда дәрісін алып беріп, қолымнан келгенше көмектесіп тұрамыз. Қазір құбыр ауыстырып жатқан жұмысшыларға тамақ жасап, нәпәқасын тауып жүр, - дейді қызы Гүлмира.

НЕМЕРЕСІ ӘСЕМ ӘЖЕСІНІҢ ҮЙІН ҚҰРБЫЛАРЫНА КӨРСЕТУГЕ ҰЯЛАДЫ

Ал Ұлдана Әжібекованың немересі Әсем әжесіне келіп, көмектесіп тұратынын айтады.
- Бос уақытымда әжеме келіп, көмектесіп тұрамын. Суын тасып, кірін жуып беремін. Шынымды айтсам, әжемнің осындай дүңгіршекте тұрып жатқаны менің намысыма тиеді. Құрбыларыммен тек сабаққа барғанда ғана араласамын, - дейді ол.
Алматы қаласы әкімдігіндегі кәсіпкерлік және өнеркәсіпті дамыту бөлімінің бастығы Айдын Ұтбаев болса, Ұлдана Әжібекованың бұл дүңгіршекте бес жыл бойы тұрып келе жатқанына күмәнмен қарайтынын жеткізді. Оның айтуына қарағанда, Ұлдана Шымкентте тұратын қыздарының қолына баруға келіспей отыр.
- Ол кісіні дәл қазір жертөлеге орналастырғанмен, ол жер суық.. Ал жұмысшылардың айтуынша, бұл дүңгіршек әзірге жұмысқа ешқандай кедергі келтіріп тұрған жоқ. Бұл кісіні тұрақты тіркеуге отырғызу қиын болып тұр. Егер бұл мәселені шешсек, пәтер кезегіне тұрғызуға болар еді, - дейді Айдын Ұтбаев.
Ұлдана Әжібекова ауылға қайтып оралғанымен, ол жақта күн көру қиын екенін айтады. Сөйте тұра, ол осы күнге дейін құзырлы органдарға арыз жазып, баспана сұрамаған екен.

«Азаттық» радиосы

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2256
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3528