Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Жаңалықтар 3495 0 пікір 9 Мамыр, 2009 сағат 09:51

Жүз жетінші көктем

ДӘУРЕН ҚУАТ

 

8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында еліміздегі ең қарт адамдардың бірі – 107 жастағы Күлжан әжемен сұхбаттасудың сәті түскен еді. Әуелі әжеймен тілдесудің мүмкіндігін білейік деп қоңырау шалғанбыз. Телефон тұтқасын қоңыр үні құлаққа жағымды ер адам алды. Жалпылдап жайымызды айттық.

Қазір, – деді ол, – апамнан рұқсат сұрайын. – Естіп тұрмыз, апасы оған ұрысып жатыр. «Қазит дей ме, текке керегі жоқ».

– Керек емес, – деді әлгі адам. – Қарт кісі қажып қалған, денсаулығы көтермейді.

ДӘУРЕН ҚУАТ

 

8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында еліміздегі ең қарт адамдардың бірі – 107 жастағы Күлжан әжемен сұхбаттасудың сәті түскен еді. Әуелі әжеймен тілдесудің мүмкіндігін білейік деп қоңырау шалғанбыз. Телефон тұтқасын қоңыр үні құлаққа жағымды ер адам алды. Жалпылдап жайымызды айттық.

Қазір, – деді ол, – апамнан рұқсат сұрайын. – Естіп тұрмыз, апасы оған ұрысып жатыр. «Қазит дей ме, текке керегі жоқ».

– Керек емес, – деді әлгі адам. – Қарт кісі қажып қалған, денсаулығы көтермейді.

Енді біз табандап тұрып алдық. Ақыры келістік. Алматының Медеу ауданына қарайтын Думан ауылындағы еңселі көк үй екен. Ауласы кең. Қақпаны айқара ашқан жігіт ағасы: «Бағана сендермен сөйлескен мен ғой, – дейді күлімсіреп. – Ішке кіріңдер, әжелерің сендерді күтулі».

Күлжан әже... Биылғы наурыздың 2-сі күні ғасырдан асқан ғұмырының 7-көктемімен ұшырасыпты. Кәрінің қуаты – тілінде. Ұзақ жасаған жан жаңылмай сөйлеп отырса, қарттыққа берілмегенінің белгісі. Күлжан әже ә дегеннен-ақ қиып түсті: «Е-е, әбден тозған кезімде неге керек бола қалдым сендерге?» Біз абдыраған халімізді жасыра алмай айдаладан қайттық.

Ауырмайсыз ба?

Аздап «дәблением» бар.

Балаларыңыздың бәрін бір шыбықпен айдайсыз-ау деймін әлі де?

Қайдам, – дей салды әжей. Әйткенмен де, ұлы ананың қас-қабағын баққан ұрпақтары оған бағынышты жайларын білдіріп жүгіне қалды. Содан кейін барып Күлжан әжемен әңгімеміз жарасып сала берді.

Әжеміз 1902 жылы Хантәңірі тауының етегінде дүниеге келіпті. Бойжеткен шағында Албан ата ішінде Шоған сүйегіне ұзатылыпты. Заманында Төле биге жол көрсеткен әйгілі Шоған ел аузында «Шоған абыз» атанған көрінеді. «Біз – сол албан ішінде шоғанбыз» деп қойды әжеміздің әңгімесіне шежіре тарихтан дерек қосып отырған кенже баласы Тұрсынбай. «Ол кезде заман кең еді, – дейді Күлжан әже аспан таулардың аясында қалған күндеріне ұмсынғандай көзін жұмып. – Тау-тастың бәрі қоныс еді. Мына заман – тар заман, байқаймын. Бір есіктен кіріп, бір есіктен шығасың». Әжеміз шешіле бастады. Әр кезеңнің тұсындағы «патшалардың» аттарын түгел біледі екен. Неколай дейді. Ол тақтан құлаған. «Прәндіктің уағында заман жақсы болды». Әжеміздің «Прәндігі» – кәдімгі Брежнев. Сталин – сұмдық жаман адам. «Тылда жұмыс істедік. Соқамен жер жырттық. Етке мал айдадық. Әскерге байпақ басып, қолғап тоқыдық. Арыққа су салдық. Сонда балтырымызға дейін жарылып, зар жылаушы едік. Тылдағы біздің еңбегіміз ескерілмеді. Бәрін соғысқа барып келгендердің аузына тосты. Осы да әділдік пе? Сталин әділ болмады». Күлжан әже осылай дейді. Ал Алланың бұйрығына амал бар ма? Он құрсақ көтеріпті. Алтауы қаратабан болмай жатып шетінеген. Ес жиып, еңсе тіктеген төрт ұлдың үшеуі де бақиға аттаныпты. Әйтеуір, соңдарында тұяқ қалған. Кенжесі – Тұрсынбай. Тұрсынбай да, міне, зейнет жасына шығып «Теміржұлдыз» мейрамханасында той жасамақ. Бақилық болған үш ұлдан және кенжесі Тұрсынбайдан тараған ұрпақ Күлжан әженің төңірегінде қаулап өсіп, үлкен әулетке айналыпты. Қазақ даласының төрт пұшпағы түгел – Күлжан әженің құда-жекжаты. Бірінен келін түсірсе, біріне қыз ұзатқан. Әжеміз шөберені қойып, шөпшектерінің есімін атап берді: Уәли, Аянат, Динұр, Камила. «Әй, осылардың қазақшасына күмәндімін» дейді ғасырды кейін тастаған жасында ұрпағының бойынан арда ғана қазақтықты көргісі келетін кейуана. Ұрпақ атадан, ұлт анадан туады. Кешегі күркіреген қазақ Күлжандай аналарымыздың-ақ құрсағына біткен шығар.

...Әжемізден ән салуды өтіндік. Ол сәтке іркілмеді. Тіпті табан астында суырып салып: «Құлақымет дегенде Құлақымет. Қозы сойсаң болады бір асым ет. Халімді кеп сұраған баладарға, айтпаймын мен қалайша рахмет!» – деп жіберді.

 

 

ТҮЙІН

Тәуелсіздік тарихында екінші рет болған халық санағына 107 жасында қатысып, адам ресурсына үлес қосқан әжеміздің ұзақ жасауының сыры неде? Біз осы сұрақты Тұрсынбайға қойған едік. Ол «апам айран ішеді» деді ойланбастан. Расында қазақтың барлық ырыс-құты осы ағарған дәмінде болса керек. Сол ырыс-құтты ғасырлар бойы үзбей келе жатқан қайран біздің ғазиз аналар емес пе?.. Ендеше, аналарға мәңгілік тағзым!

 

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2252
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3505