Сейсенбі, 23 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2262 0 пікір 21 Мамыр, 2009 сағат 11:13

КҚК директорлар кеңесі «Стартстрой» ЖШҚ-мен бес жылдық келісімшартты мақұлдады

Алматы. 21 мамыр. ҚазТАГ – Каспий құбыры консорциумының (КҚК) директорлар кеңесі құбырға қызмет көрсетуге «Старстрой» ЖШҚ –мен бес жылдық келісімшартқа отыруды мақұлдады, делінген КҚК-нің бейсенбі күні таратылған хабарламасында.

«Директорлар кеңесі «Старстрой» ЖШҚ –мен КҚК құбырының желілік бөлігі мен нысандарына техникалық қызмет көрсету, жөндеу және апатты қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу туралы бес жылдық келісімшартқа қол қоюды мақұлдады», - деп атап көрсетілген 19-21 мамырда өткен  «КТК-Р» ЖАҚ  және «КҚК-Қ» АҚ акционерлерінің жалпы жиналысының және қоғамдардың директорлар кеңесі отырысының қорытындысы бойынша таратылған баспасөз мәлімдемесінде.

Акционерлердің жалпы жиналысында қоғамдардың 2008 жыл үшін жылдық есептері мен бухгалтерлік есептері бекітілді. 2009 жылы қоғамдардың қаржылық есебіне аудит жүргізетін компаниялар бекітілді. Директорлар кеңесінің жаңа құрылымы, «КТК-Р» ЖАҚ-тың ревизиялық комиссиясы және «КҚК-Қ» АҚ ішкі аудит қызметі сайланды.

Акционерлер жобаны жүзеге асыру бойынша консорциум қол жеткізген прогресті атап өтіп, отырыстарда қабылданған шешімдерді ескере отырып, жұмысты ары қарай жалғастыруды қолдады.

«Старстрой» компаниясы (РФ)  1999 жылы Ресейдегі және шетелдегі мұнай-газ кен орынларын жобалау, салу және ары қарай қызмет көрсету саласында кешенді шешімдерді жүзеге асыру үшін құрылды.

КҚК акционерлері: Ресей (Транснефть – 24% және КТК Компани – 7 %) – 31 %; Қазақстан (Қазмұнайгаз) – 19 %; Chevron Caspian Pipeline Consortium Company - 15%, LUKARCO B.V. - 12,5%, Mobil Caspian Pipeline Company - 7,5%, Rosneft-Shell Caspian Ventures Limited - 7,5%, BG Overseas Holding Limited - 2%, Eni International N.A. N.V. - 2%, Kazakhstan Pipeline Ventures LLC - 1,75% и Oryx Caspian Pipeline LLC - 1,75%.

0 пікір