Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 5120 0 пікір 28 Желтоқсан, 2009 сағат 09:22

«Stan.TV» бейнеопорталының басшылығы өз қызметкерінің қазасын оның кәсіби қызметімен байланыстырып отырған жоқ

Алматы. 28 желтоқсан. ҚазТАГ – Дилярам Аркин. «Stan.TV» ақпараттық бейнепорталының тілшісі Саят Шүлембаев бейсенбіден жұмаға қараған түні Алматы қаласында кісі қолынан қаза тапты. Бұл туралы ҚазТАГ тілшісіне «Stan Pruduction» продюсері Михаил Пак хабарлады.

«Саят «Саяхат» автовокзалының ауданында Сүйінбай көшесінің бойындағы үйлердің бірінде бөлме жалдап тұрған. Саятпен бірге сол үйдің қожайыны да өлтірілген. Қылмыскерлер әзірге табылған жоқ. Белгілі болғанындай, оқиғадан екі күн бұрын үйдің қожайыны қызына өзін біреулер қылмыстық есеп айырысу мақсатында өлтіріп кетуі мүмкін екенін айтқан. Тергеу қылмыскерлерді іздестіріп жатыр», - деп түсіндірді Михаил Пак.

Телеарна басшылығы өз қызметкерінің қазасын оның кәсіби қызметімен байланыстырып отырған жоқ.

«Саят бізде бір жылға жуық уақыт жұмыс істеді. Ол жарнама ісімен айналысатын», - дейді М. Пак.

Оның айтуынша, Алматы ІІД кісі өлтіру оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғаған.

С. Шүлембаев 28 жаста болатын. Ол Алматыға Семейден келген. М. Пактың айтуынша, Саят туған жерінде жерленеді.

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1582
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2281
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3616