Сейсенбі, 23 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2300 0 пікір 27 Мамыр, 2009 сағат 08:38

Өзбекстан Қырғызстанмен арадағы шекарасын жауып тастады!

Көрші елдің ақпарат құралдары шекараның жабылуына Өзбекстан аумағындағы «Ханабад» кеден бекетіне жасалған қарулы шабуыл себеп болды деп мәлімет таратып үлгірді. Дегенмен Қырғызстанның шекара қызметі мұны жоққа шығарды.
Қырғыз Республикасы, Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің баспасөз хатшысы:
- Бұқаралық ақпарат құралдары «Ханабад кеден бекетіне шабуыл жасалды» деп қате мәлімет таратқан, негізінде белгісіз қарулы топ Ханабад кентіндегі милиция бөлімшесіне шабуыл жасаған. Олар шекара бекетін тек қылмыскерлер шетел аспасын деп уақытша жауып отыр.
Өзбекстан жағы бұл оқиғаға қатысты ешқандай мәлімет таратпауда. Ал ресми емес ақпараттарға қарағанда, белгісіз қарулы топ Әндіжан қаласындағы күш құрылымдарын басып алмақ болған. Куәгерлер шекара маңынан жарылыстың дауысын естіпті. Қаза болғандар мен жараланғандар туралы мәліметтер анықталып жатыр. Оқиға ауданына өзбек әскерлері жұмылдырылуда. Естеріңізде болса, осыдан төрт жыл бұрын Әндіжан қаласында жаппай толқу болған еді. Ресми Ташкент бұл әрекетті мемлекеттік төңкеріс деп бағалаған болатын. Сол кезде босқындардың шекара кесіп, Қырғызстан аумағына өтіп кеткен еді.

КТК арнасы.

0 пікір