Жұма, 29 Наурыз 2024
Не дейді?! 7629 0 пікір 13 Мамыр, 2014 сағат 12:47

КОМПЬЮТЕРЛЕР «ЭЛЕКТРОНДЫ ҚАНМЕН» ҚУАТТАЛМАҚ

Қазргі кезде суперкомпьютерлер барған сайын жоғары қуатты болып бара жатқандықтан, оларды қажетті қуатпен қуаттай алатын өнімді тәсілді табу оңайға соқпай отыр дейді әлемнің ең үлкен тех-компаниялары өздерінің жолыққан қиындықтарын жасырмай.

CNN-ның алтыншы мамырдағы жаңалықтар топтамасына сүйенсек, бұл қиындықты шешудің жолын ІВМ мамандары тауып үлгеріпті. ІВМ-дықтар бұл мәселені шешуде адамзат миын үлгі етіп, тех-компанияларды көлденең қиындықтардан арылта аламыз дегенге сендіреді.

Адам миы қазіргі таңдағы кез-келген компьютерден неше мың есе қуатты әрі өнімді, себебі адам миы қан тамырлардың торлары арқылы жылу мен энергияны өте жоғары деңгейде тасымалдай алады,-дейді ІВМ-ның материялдар ғылымы маманы Бруно Мишель.  

ІВМ-ның «электронды қан» деп аталатын жаңа технологиясы зертханада табысқа жетіп үлгерген. Электр ағынымен қуатталған «электронды қан» деп аталатын сұйықтық ағып отырып, компьютердің процессорына барады, сосын сұйықтық құрылғы қажет ететін қуатты қамтамасыз етеді.

Қазіргі компьютерлердің көлемі үлкен етіп жасалады, себебі, қуатты компьютерлер тудырған күшті жылу чиптерді жақын орналастыруға мүмкіндік бермейді. Егер сұйық қуаттау жүйесі болса, онда үш өлшемді кеңістікті толықтай пайдалануға болады, нәтижеде компьютердің көлемін жоғары деңгейде кішірейтуге мүмкіндік болады.

- Бір секундта бір квадрильон операцияны іске асыра алатын қазіргі суперкомпьютер-«петафлоптың» жарты футбол алаңындай үлкендігін есепке алсақ,-дейді ІВМ-дық мамандар,- егер, оның орнында 3-D үш өлшемді электронды қанмен қуатталатын компютер болса, оның көлемі тек үстелдік компьютердің үлкендігіндей ғана болар еді.

- Жақын болашақта сұйықтықпен қуатталатын суперкомпьютерлерді дүниеге әкелетін боламыз, ал олардың үлкендігі қант ұнтағындай болады,-дейді ІВМ зерттеу орталығының өкілі Крис Шакка.

Алдағы жиырма жылға да жете қоймайтын болашақта секундына триллион миллиард  (1,000,000,000,000,000,000,000)  реткі операцияны жүзеге асыра алатын суперкомпьютерлер жарыққа шығатын болады. Бұлар қазіргі суперкомпьютерден 300,000 есе жылдам. «Әрине, олар қазіргі біз дайындап жатқан технологиямен ғана жарыққа шыға алады»,-дейді ІВМ-дықтар.

Ағылшын тілінен аударған: Талғар Дәлелғазы.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1578
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2272
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3590