Жұма, 29 Наурыз 2024
Мәдениет-әдебиет 13928 0 пікір 30 Сәуір, 2014 сағат 18:47

ТЕАТРДЫҢ ЖАҢА БАСШЫСЫ - СҰЛТАН СРАИЛОВ

Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының директоры болып, ҚР Мәдениет министрінің бұйрығымен Сұлтан Оңғарұлы Сраилов тағайындалды.

Ұжымды жаңа басшымызбен таныстырып, жаңа директорды басшылық орнына отырғызып кету мақсатында, ҚР Мәдениет министрінің орынбасары Асқар Бөрібаев мырза Қазақстанның және КСРО-ның халық артисі Асанәлі Әшімов, Қазақстанның халық артисі Есмұхан Обаев бастаған топ, ұжымға жаңа басшыны таныстырды.

Бұған дейін - Астана қаласы әкімдігінің Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының директоры-көркемдік жетекшісі қызметін атқарған Сұлтан Оңғарұлы Сраилов ендігі кезекте  Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының директоры болып жаңа қызметке тағайындалды.

Қысқаша өмірбаяны:

Сраилов Сұлтан Оңғарұлы – 1970 жылы 22-наурызда ОҚО Созақ ауданы, Тасты совхозында дүниеге келген.

1988 – 1990 жылдары Мәскеу қаласында әскери борышын өтеді.

1992 жылы Алматы қаласындағы Т.Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясының «театр және кино актері» мамандығы бойынша бітірген.

1996-1997 жылдары Арқалық қаласындағы А.Байтұрсынов атындағы театрға режиссер болып қабылданды.

1997 жылы Қ.Қуанышбаев атындағы қазақ драма театрына ауысып, 2009  жылға дейін осы театрда – актер, режиссер, Әдебиет бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарған.

2009-2012 Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында директордың орынбасары қызметін атқарды.

2012 жылдың қаңтар айынан бастап ОҚО «Оңтүстік Цирк» МКҚК Бас директоры болып ауысты.

2013 жылдың қараша айынан Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының директоры-көркемдік жетекшісі болып тағайындалды. 

"Жас келсе, іске", - демекші, 68 жылғы тарихы бар театрдың ендігі директоры Сұлтан Сраилов мырзаның алдағы жұмысына табыс, еңбегіне береке, ұжымға бірлік тілейміз.

Театрдың баспасөз бөлімі

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1567
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2261
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3549