Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
Қоғам 15187 0 пікір 9 Сәуір, 2014 сағат 11:50

«ӨЛДІ ДЕУГЕ СЫЯ МА, АЙТЫҢДАРШЫ, ӨЛМЕЙТҰҒЫН АРТЫНА СӨЗ ҚАЛДЫРҒАН»

Қазақ әдебиеті мен мәдениеті һәм руханияты ешқашан орны толмас аса ауыр қайғыға душар болды.

44 жасында талантты ақын, сұңғыла әдебиеттанушы, әлемнің әдебиеті, мәдениеті, тарихының асқан білгірі ӘМІРХАН БАЛҚЫБЕК кенеттен дүние салды.

Мұқым қазақтың қабырғасын қайыстырған қазаға әлі де болса сену қиын. Алайда, Алланың ісіне – амал кем...

ӘМІРХАН БАЛҚЫБЕК әдебиеттегі адалдықтың, тазалықтың, бауырмалдық пен әдебиетке деген шексіз әрі кіршіксіз махаббаттың қайталанбас ерекше үлгісі еді. Оның қаламынан туған жырлар мен танымы терең, екінің бірі бойлай алмайтын аса құнды дүниелері ендігі жерде ӘМІРХАН БАЛҚЫБЕКТІҢ әр буын ұрпақпен бірге жасап, жасарып отыратын мәңгі өміріне айналады.

«Өлді деуге сыя ма, айтыңдаршы, Өлмейтұғын артына сөз қалдырған».

Ол - табытқа сыймайды. Ол - тірі! Өйткені, ол онымен сырлас, мұңдас, тілеулес, әңгімелес тіпті сырттай жақсы көретін мыңдаған замандастарының жүрегінде, санасында жаңғырып тұра береді.

Ол - шамшырақ. Түнекке түскен сәуле еді. Солай болған. Солай бола береді.
Әмірхандай талантты қайта туу үшін қазақ әдебиеті мың жылдап толғататыны хақ!

Марқұмның отбасы, туған-туыс, замандас достары мен барша оқырманына қайғырып көңіл айтамыз.
ҚОШ БОЛ, ӘДЕБИЕТТІҢ АЛТЫН ДІҢГЕГІ


ABAI.KZ

0 пікір