Жексенбі, 25 Маусым 2017
4 Сәуір, 2014 сағат 11:56 Әлеумет 9070 0 пікір

САММИТБЕК, САММИТХАН, САММИТ

Есім... Дүниеге перзент келсе дүйім жұрт болып әдемі есім іздейтін әдетіміз бар. Өз дәстүрімізге, әдет-ғұрпымызға сай ерекшелігі мол, өзге ұлтта ұшырамайтын есімдеріміздің бары да рас. Десек те ата-бабаларымыз нәрестенің дүниеге келген күніне байланысты да Наурызбай, Боранбай, Дауылбай, Сәуірхан, түз тағысына  деген құрметпен Қасқырбай, Арыстан секілді де есімдерді дүниеге әкелген.

         Сондай-ақ, біздің тарихымызда санаулы тұлғалар ғана еге болған ерекше есімдерде жоқ емес. Атап айтсақ, сонау IX ғасырда өмір сүрген Шөже, Көтібар, Шеге секілді есімдер. Тақырыптан ауытқымай сол ерекше есімдер жайында сөз қозғасақ.

         Ерекше есім - естілгенде елең еткізетін, сирек кездесетін адам ныпсысы. Көбінесе сәбиге ат таңдайтын уақытта туындайды. Олай дейтініміздің де себебі бар. Қазақ жерінде тұңғыш рет 2011 жылы ұйымдастырылған Қысқы Азия ойындары кезінде елімізде туылған 40 нәресте Азияда есімін иеленген екен. Ерекшелігіне сөз жоқ, бірақ та қазақ қызына осы есім қаншалықты жарасады? Есімінің астары пәктік, тазалық, адалдық ұғымдарымен астарласып жатқан ұрпақтың жалғасы екендігімізді ескерсек, сұрай қалғанға мағынасын қалай түсіндіреді екенбіз. Дегенмен спорт бәсекелері өту уақытында қуаныштарында жек жоқ халықтың осындай атау беруі адамзат тарихында көптеп кездеседі.

         Сол есімнің ең аты шулысы хәм бірегейі Олимпиада! Аты көрсетіп тұрғандай төрт күл әлемнің кіл дүлділдерін әр төрт жыл сайын бас қостырар ойындар атауы, мағынасы да ерекше. Грек тілінен тәржімаласақ «аспанды жырлау» немесе «құдайды жырлау» мағынасын береді.

         Осы жылы Ресей статистика мамандары Сочи Олимпиадасы қарсаңында осы есімді егелеген ресей азаматтарының мониторингін жасапты. Мониторинг нәтижесі төмендегіше: «Олимпиада есімінің кең тараған екі ауданы белігілі болды: бірі Саратов облысы мен Челябинск облысы. Мұндай сирек кездесетін есімді көбіне жасы үлкен кісілер иеленген.

Саратов облысында Олимпиада есімді 65 әйел адам өмір сүреді екен. Оның ең үлкенінің жасы 93 болса, ал ең кішісінің жасы 7 де. Оның ішінде Саратов қаласында - 27,  Вольск қаласында - 9, Балаковта  - 8 Олимпиада өмір сүріп жатыр екен. Ал 1980 жылғы Мәскеу олимпиадасы кезінде тек бір ғана қыздың бұл есімге ие болғаны белгілі болды.

Ал Челябинск облысындағы Олимпиада есімді 124 адамның 64 –нің аты Олимпиада болса, 60 - ның паспортында «Алимпиада» деп жазылған. Бұл адамдардың мұндай есімге ие болуына діни сенім - грек құдайларының әсер болса керек. Көбінің жасы 80-ді алқымдаған.  Олимпиада Блинованың жасы 95 те болса, оның Усть-Катавадағы аттасы Олимпиада Автиннің жасы 90 да. Ол 1924 жылы Францияда өткен алғашқы қысқы олимпиада кезінде өмірге келген». Ал, әлемде осы есімді иеленген ең танымал тұлға Александр Македонскийдің анасы Олимпиада Эпирлік екен.

Балаға есім беруде жаңылыспаған, сол есім оның өмір бойы бойтұмары боларын білген, естілер құлаққа жағымды, мағынасы көрегендігімізді көрсетер қазақ екенімізді ескеріп, есім қоюдың кейбір тұстарына да тоқтала кетуді жөн көрдік.  Ең өкініштісі, ата - аналарымыздың әр күні зарыға күтетін сериалдарының салдарынан сол кино кейіпкерлері есімін өз ұл-қызына қоюы кө. Сондықтан да біз үшін жат есім болған Мелек, Шахризада, Эмирхан, Ясмин, Эсмиральда, Изабеллалар арамызда бүгінде көбейіп келеді.

Иә, кім қандай есім қоямын десе де өз еркі. Ешкімге тосқауыл қоя алмайсыз. Елімізде жазылуы былай тұрсын, айтылуы да қиындау есімдер де бар. Таныс болыңыз: Мухаматабдульахап, Әбілфайыз, Иринеюс, Константаймсейсар, Габриэль Юсеф, Дэмел, Ямила, Мұхамедсалин, Абдулалим, Алиар, Ляян, Шамир, Сивинна, Махсумя.

Дегенмен, ерекше болса да көп кездесетін есімдерде баршылық. Радий, Антонио, Ливия, Талисман секілді кісі аттары елімізде жетерлік.  Бір ғана Үндістанның ұлттық қаһарманы Индира Ганди құрметіне қойылған есім елімізде 10 000 нан асып жығылады екен. Ерекше есім арқалап ел ішінде жүрген жандар да бар. Соның бірі «Айтуға оңай» бағдарламасының продюссері Аргентина Жәнібек.

Ұмытып барады екенмін, Саммитбек, Саммитхан, Саммит. Жаңылыспадыңыз, ОБСЕ-нің саммиті уақытында дүниеге келгендер ғой. Бұл есімде ерекше есімдер қатарында. Айтқандай бізде Дипломбекте бар екен ғой. Дипломбек Жақияұлы, әкесі жоғары оқу орнын бітіріп, дипломмен оралғанында туылған перзент. Иә, ерекше есім қоюдан да қазақ артта қалмаған.

Ал, Мексиканың Сонора штатында жаңа туылған сәбилерге "ерекше" есімдер қоюға тыйым салыныпты. "Ата-анасының еркіне қарсы тұра алмайтын нәрестелер өсе келе өз атынан ұялып немесе қорлық көріп өмір сүрмеуі тиіс", - дейді жергілікті билік өкілдері.

Тыйым салынған тізімде 61 есім бар екен. Олардың қатарында Гитлер, Рембо, Бургер-Кинг, Терминатор, Джеймс Бонд, Бэтмен сынды фильм кейіпкерлері мен тағамдардың атаулары кездеседі. Билік өкілдері сондай-ақ, Сонора Сүйіктісі, Сонора Күні сынды сөз тіркестерін де адам атына қоярда қолданбауын талап етіп отыр.

Жаңа заңның басты мақсаты - сәбилердің өскен кезде өз атынан өзі ұялуына жол бермеу.  Қара тізімде Фэйсбук, Твиттер деген адам есімдері де кездеседі.

Көрдіңіз бе, алыс елдер де балаға қойылар есімге мән бере бастапты. Себебі, ел болашағы болар туылған әрбір сәби мәні мен мағынасы мол есімге лайық, солай болуы да шарт.

Ерекше есімдерге еліктемей, нағыз ұлтымызға тән есімдерімізбен әлемнен ерекшеленеік.

 

Қожакелді Алданов,

Кереку

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Анық

Олар қалай байыды?

Руслан Ахмағанбетов 18445