Жұма, 29 Наурыз 2024
Билік 6537 0 пікір 3 Сәуір, 2014 сағат 18:11

МӘҢГІЛІК ЕЛ – ЖАЙДАН-ЖАЙ АЙТЫЛА САЛҒАН СӨЗ ЕМЕС

Елбасының Қазақстан халқына арналған жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауын жылда мұ­қият тыңдап келе жатырмыз. Биылғы жылы да Қазақстан Президентінің ел болашағын жарқын қылуға, халық тұрмысын жақсартуға бағытталған Жолдауын тыңдай отырып, оның республикамыздағы өзекті мәселелерге бай­ланысты айтқандары көңілімізден шықты. Халықты бір мақсатқа, бір мүддеге, бір болашаққа үндеген Президенттің осы Жолдауда қойған міндеттерінің қазақ елі үшін зор жауапкершілік жүгін жүктейтінін байқадық. Өйткені, ата-бабамыздың сан мың жылдан бергі арманы Мәңгілік ел болу идеясын Қазақстан халқының ынтымағын арттыратын, ұлы мақсаттарға жетелейтін темірқазық болмақ. Экономи­ка­ның өсімі, елдің дамуы мен халықтың әл-ауқатының артуы Үкіметтің осы қойылған міндеттерді шешу үшін қажетті бағдарламаны жүзеге асырудың нақты міндеттері мен шешімдерін 1 шілдеге дейін сапалы жасауына тапсырма берді. 

Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақ­станның дамыған 30 елдің қатарынан көрінуіне байланысты ойы әлемде мәңгі жасайтын Қазақ елінің  болашағының кепілі ретінде түсінеміз. Бұл мәселеге байланысты Елбасы бірқатар мәселелердің басым бағыттарын: Инновациялық индустрияландыру трендін түзеу, Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенін инновациялық бағытқа түсіру, ғылыми экономика құру және инфрақұрылымдық үштаған сияқты келелі мәселелерді атап өтті. Биылғы Жолдаудағы тағы бір ерекшелік деп кәсіпкерлікке жол ашу, орта және шағын бизнесті дамыту мәселесін айту­ға болады. Соның ішінде, жиі айтылып жүрген, бірақ, әлі нақты бір шешімі табылмаған азаматтардың өзін-өзі еңбекпен қамту мәселесі ерекше назарға алынып, шағын бизнестің келешекте орта деңгейге көшірілуі туралы Үкіметке «Бизнес 2020» индустрияландырудың арнайы жол картасы жоспарын жасау тапсырылды. 
 Биылғы Жолдауда білім-ғылым саласына да ерекше көңіл бөлінді. Елбасы алдағы уақытта осы сала­ға айрықша назар аударуды тапсырды. Әсіресе, Оқу-ағарту саласын заманауи әдістемелік жағынан жарақтандырып, толық қамтамасыз етуге бағытталған сөзі тұшымды болды. Соның ішінде, біліктілік пен сапа жағына ерекше мән берілді. Таяудағы 2-3 жылдың ішінде дуальдік, техникалық және кәсіптік білім берудің ұлттық жүйесінің негізін қалыптастыру керек деген идеясы жақсы әсер қалдырды. Бұл мәселе бойынша Үкіметке 2014 жылдың 1 маусымына дейін нақты ұсыныстар енгізуді тапсырды. Демек, еліміздегі университеттер арасында білім сапасын жақсартуға деген бәсекелестікті жандандыра түседі деген сөз. Ал, мемлекеттік тілге келер болсақ, оны Елбасының әрбір Жолдауында әрбір сөзінен байқап жүрміз. Оның тіпті «Аюға да тілді үйрететін уақыт болды ғой» деп күйінгені де есімізде.  
Президент мемлекеттік тілге байланысты алдыңғы Жолдауларында айтылған 2020 жылға қарай халықтың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс деген талабының орындалатынын тағы да нақтылады. Нақтылап қана қойған жоқ, сонымен қатар, қазақ тілінің бүгінде ғылым мен білімнің, интернеттің тіліне айналғанына ерекше мән берді. Бұл дегеніміз – Мемлекеттік тілдің мәртебелі тұғырына қонуы ешкім өзгерте алмайтын ақиқат деген сөз. Соған сай бүкіл Қазақстан халқы осы істің орындалу барысына нақты түрде үлес қосуға тиіс және ана тіліміздің мәңгілік Қазақ елінің мәңгілік тілі болары сөзсіз.   Президентіміз не туралы айтса да, сол айтқанын орындататынына ешкімнің де күмәні болмас. Сондықтан да, Қазақстан – Мәңгі ел. Жолдауда айтылған Қазақ елінің мәңгілік ел атты ұлттық идеясы жайдан-жай айтыла салған сөз емес екеніне сеніміміз зор.  
Халықтың өмірін ұзарту, тұрмыс деңгейін жақсартуға аса мән беріліп отырған бұл Жолдауды іштей зерделеген адамға  оның жыл сайын бірінен бірі асып түсетіндігі бірден байқалады.  Қоғамдағы барлық саланы түгел қамтып сөйлеген Елбасының алғырлығына, қырағылығына, тапқырлығына таң қаласыз. Бұл Жолдаудың өзге Жолдаудан өзгерек екені анық.  Еліміздің болашағы жарқын болсын.  

Мұхит БЕКМЫРЗАҰЛЫ,
Қазақ ҰУ-і шығыстану факультетінің Арабтану және ирантану кафедрасының доценті 
 

"Ақиқат" журналы

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1581
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2280
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3606