Жұма, 29 Наурыз 2024
46 - сөз 5760 0 пікір 2 Сәуір, 2014 сағат 16:25

ТАЛҒАТ ЕШЕНҰЛЫ. АЙБАЛТАМЫЗ - АҒАШТАН

Михаил Ефремовтың, Максим Шевченконың, Владимир Познердің және т.т. Ресей мен оның империялық, неофашистік ұстанымы туралы ащы, ақиқат пікірлерін қайтара оқып отырып, «АиФ»-тен Гоголь туралы материалға көзім түсті. Жақсы мысал екен.
Сол заманда Николай Языков деген ақынның «К ненашим» өлеңі, соның ішінде мына бір шумақ орыс қоғамында айғай-шу туғызыпты:

Вы, люд заносчивый и дерзкий,
Вы, опрометчивый оплот
Ученья школы богомерзкой,
Вы все — не русский вы народ!

Сондағы Гогольдің Языковты қорғап айтқаны дейді: «Сам Бог внушил эти прекрасные и чудные стихи. Они сильнее всего, что было доселе писано на Руси!».
Нешеме жүз жыл өтсе де Ресейдің өзгерген түгі жоқ. Сол кеудемсоқ, дарақы, әулекі қалпы.
Әрине, Гоголь мен Платонов, Сорокин мен Чаадаев түзей алмаған орыс қоғамы Ефремов пен Познерді тыңдай ма? Олар бүгін Ефремов пен Познерді тыңдамаса, ертең біздің орысқол қоғам мен орысқұл билікті көзге іле ме? Ұрымтал тұсы келгенде тамағыңды ішіп, табағыңды теуіп, талқаныңды шығармай ма? Айбалта жұмсамақ түгілі айқайлап үлгере алмайсың ғой. Сонда қит етсе жарықтан қашқан жапалақтай Мәскеудің етегіне тығылатын, Мәскеу уақытымен және батасымен ғана өмір сүріп жатқан қазақ билігінің не білгені бар?
Сірә, қазақ билігіне қазақ сол аласапыран шақта ғана керек болатын шығар. Ал, ол уақытта қазаққа қазіргі қазақ билігінің керегі бола ма?!

facebook.com

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1582
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2281
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3616