Жексенбі, 25 Маусым 2017
8 Қыркүйек, 2014 сағат 11:00 Ғылым-білім 7961 0 пікір

СЕРІК ПРӘЛИЕВКЕ АШЫҚ ХАТ

ҚР Білім және ғылыми министрі А.Б. Саринжипов мырзаға!

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың ректоры С.Ж. Прәлиев мырзаға!

Ашық хат!

Біз демократиялық мемлекетте өмір  сүріп жатсақ та қоғамды жаулаған бюрократизм күнделікті алдымыздан шығып, шындыққа жете алмай меселіміз қайтып жүр. Бұл мақаланы біз азаматтық құқығымыз аяққа тапталған соң жазып отырмыз.

2013 жылы Абай атындағы ҚазҰПУ-нің «Магистратура және PhD докторантурасына» түсуге емтихан тапсырып, мемлекеттік грант иегері атанып қуанған едік. Бұл университет дәл осы Магистратура және PhD  докторантура ғылыми институтымен беделді.

Өкінішке орай, біз оқуға түскен 2013 жылы Магистратура және PhD докторантура институтындағы «Информатика, математика және білімді ақпараттандыру» кафедрасының магистранттарын сол жылы ғана Математика, физика және информатика (бакалаврлар оқитын) институтында ашылған «Математика, физика және информатиканы оқыту әдістемесі» кафедрасына біздің, яғни магистранттардың өздерінің ешбір келісімінсіз бөліп тастаған екен.

Жаңа келген магистранттар түк түсінбей (бөлудің мақсатын әлі де түсінбейміз) жыл бойы екі ортада сабылумен болдық. 2013-2014 оқу жылы аяқталғанда біз бірауыздан өзіміздің Магистратура және PhD докторантура институтындағы «Информатика, математика және білімді ақпараттандыру» кафедрасына ауысамызды деп шештік. Осы кафедрадағы  магистранттар және екінші «Математика, физика және информатиканы оқыту әдістемесі» кафедрасындағы 23 магистрант атынан бәріміздің бір кафедрада, яғни  Магистратура және PhD докторантура институтындағы «Информатика, математика және білімді ақпараттандыру» кафедрасына оқығымыз келетіні жайлы өтініш жазып алып, тоздырмаған есігіміз қалмады. Магистрантура институтының директоры мен университет ректорына да талай барып, кіре алмай тауымыз шағылды.

Қысқасы, басшылыққа кіріп, мәселемізді шешсек деген мақсатымызға жете алмағандықтан бұқаралық ақпарат құралдары арқылы өз ректорымызға хат жазып отырмыз. Ректор мырза осы өтінішімізді қарап, дұрыс шешім шығаратынына сенеміз.

Біз өзіміз білім алғымыз келген кафедраға ауысу мақсатымен университет басшылыға, атап айтқанда, бірінші проректор Ермағамбетов Мүбәрәк Ермағамбетұлына бірнеше рет  барсақ та жолығуға еш мүмкіндік болмады.

Магистратура және PhD докторантура институтының директорына және кеңсеге бір-бір данадан берген өтінішіміз ешбір жауапсыз қалды. Себебі беймәлім.

Суретте: Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректоры Серік Прәлиев

Ал, Ректордың кеңсесіне апарсақ, проректор мен Магистратура және PhD докторантура институтының директорының қолы қойылмаған деп қабылдамады.

Бір сөзбен айтқанда өтінішімізді тікелей ректорға жіберуге көптеген кедергілер болды. Өз мақсатымызға жету үшін өтінішті ректордың почтасына да жібердік, ректорымыздың атына жазған хатымызды ол кісінің қолына жеткізе алмай әуре-сарсаңға түсіп, әбден мезі болған математика және информатика мамандықтарының магистранттарының жан айқайын ашық хат арқылы баян еткіміз келеді.

Төменде әуелгі өтінішімізді дәлел ретінде ұсынып отырмыз:

 

Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры С.Ж.Пірәлиев мырзаға осы бір өтінішімізді жеткізу үшін ректоратқа қанша рет сабылып барып, сарылып тосып тікелей жолығуға еш мүмкіндік болмады. ЖОО-ның білім алушысы ретінде өз ректорымыздың қабылдауында болып, жағдайымызды түсіндіре алмасақ, қалайша біз өзімізді бұл университеттің өкіліміз деп айта аламыз?!  Әрбір білім алушы өз құқығы сақталуын қалайды. Егер құқық тапталған жағдайда басшылық қол ұшын созып, көмектесуі керек. ЖОО-ның негізгі жұмысы студентің қамын ойлау емес пе! Сол студенттерге жағдай жасаудың орнына, олардың құқығы тапталып жатса, масқара тірлік емес па?!

Мынау біздің ректордың жеке почтасына жолдаған өтінішіміз (почта квитанциясы көшірмесі).

 

Құрметті министр мырза!

Құрметті ректор мырза!

Сіздерден өтінішімізді жауапсыз қалдырмауларыңызды сұраймыз.

Біз барғымыз келмей отырғын әлгі кафедра, яғни, Әбілқасымова Алма Есембекқызының басшылығымен ашылған «Математика, физика және информатиканы оқыту әдістемесі» кафедрасында магитранттарға тиісті дәрежеде білім беретін мамандар жоқ. Осы кафедраға биылғы магистранттарды да жібереді деп естідік. Біз ғана емес, бізден кейінгі студенттер де біз секілді сабылып, «не анда емес, не мында еместің» күйін кешпесе деп ойлаймыз.

Қорыта келгенде,  біз барлығымыз бөлінбей Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Магистратура және PHD доктарантура институты «Информатика, математика және білімді ақпараттандыру» кафедрасында оқығымыз келеді.

«Информатика, математика және білімді ақпараттандыру» кафедрасының математика және информатика мамандықтарының 2 курс магистранттары

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Анық

Олар қалай байыды?

Руслан Ахмағанбетов 18445