Жұма, 29 Наурыз 2024
46 - сөз 7442 0 пікір 25 Маусым, 2014 сағат 14:52

ЫДЫРЫСОВ: ЖУРНАЛИСТЕР ШЫҒАРМАШЫЛ ҒОЙ...

Қазақстанның Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Франциядағы  «La Vanguardia» газетіндегі сұхбатта өз сөздерінің өрескел бұрмаланғанын алға тартады. Бүгін ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Парламент Мәжілісіндегі жалпы отырысы аясында журналистер сұрағына жауап бергенде осылай мәлім етті.

Естеріңізге сала кетейік, осыдан біраз бұрын Е. Ыдырысов француздың La Vanguardia газетіне сұхбат беріп, онда француздық журналистің «Қазақстан «станнан» бас тарта ма?» деген сауалына бұны журналистердің әзілі деп, оны салмақты қабылдамауға шақырған. Бұл сұхбат кейіннен қазақстандық журналистер қауымы арасында да үлкен шу тудырған еді.

«Мен журналистің сөзіне жауап бермеймін. Олар менімен Францияда кездескісі келетінін айтты, біз кездестік. Біріншіден, шетелдік журналист менің сөзімді өрескел бұрмалап отыр. Мен ешқандай да «стан» туралы айтқан емеспін. Ол менен елдің атауы өзгертіле ме деп сұрады, мен оған бұл тақырып БАҚ-та белсенді түрде талқыланып жатқанын, дегенмен менің білуімше жақын аралықта елдің атауы өзгертілмейтінін айттым. Ал қалғанын олар өздері ойдан қосып отыр. Жалпы, журналистер қауымы шығармашыл ғой, өздеріне ұнамды жағына бұра тартып кеткен шығар», - деді министр журналистер сұрағына жауап беру барысында.

ҚазАқпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1581
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2281
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3610