Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Қауіп еткеннен айтамын 12237 0 пікір 27 Мамыр, 2014 сағат 16:22

ҚАЗАҚСТАН АЛТЫН ҚОРЫН НЕГЕ ЖАРИЯ ЕТТІ?

Индустрия және жаңа технология министрлігінің геология және жер қойнауын пайдалану комитеті Қазақстанның алтын қорының картасын жасап шыққанын жария етті. Бұл туралы idea-lab сайты хабарлайды.

Сонымен, геология және жер қойнауын пайдалану комитеті жасаған статистикалық деректерге сүйенсек, еліміздегі ең үлкен алтын қоры  Шығыс Қазақстан облысы аумағында екен. Қор көлемі - 537,5 мың килограмм. Бұл дегеніңіз, 22 триллион доллар. Екінші орында – Ақмола облысы. Мұндағы алтын қоры - 259,9 мың килограмм, 11 триллион долларға тең . Ал, Қарағанды облысында  5 триллион доллар болатын 114,8 мың килограмм қоры бар көрінеді.  Геологиялық картаға қарап отырсақ, қазақ жері алтынға тұнып тұр. Аталған үш аймақтан өзге 8 облыстың террториясында алтын қоры бар екен.

Жалпы, Қазақстан бойынша жалпы құны 48 триллион доллар, 1 159 687,4 килограмм алтын қоры бар.

Қазақ жерінің қазба байлықтарға толы екені жақсы мәлім. Бірақ, сол байлықтың қай жерде, қанша қоры бар екенін нарықтағы құнымен қоса, жалпақ жұртқа жария етудің қаншалықты қажеті болады деген сауал туындайды.

Біз білсек, қазба байлықтардың геологиялық картасы мен оның қай аймақта қанша қоры бар екені туралы мәлімет мемлекеттің стратегиялық құпиясы болуы тиіс. Ал біздің Үкімет жер асты байлығын өткізе алмай отырғандай, дүниеге жар салып, жариялап әлек. Үкіметтің мұнысын қалай түсінуге болады?

Бәлкім, Үкімет өзімізден кейінгілерге ешнәрсе қалмасын, бәрін өзіміз игерейік деп ойлайтын шығар... Әлде бұл елге инвестиция тартудың төте жолы ма екен?

Қалай болғанда да, қазба байлықтың картасын жасап, қор көлемін көрсетіп, оны нарықтағы құнымен есептеп жария ету - біз өмір сүріп жатқан аласапыран заманда  жақсылықтың нышаны емес. «Үй өзімдікі деме, үй артында кісі бар». Базарда отырғандай бар байлығыңды жайып алсаң, жабықтан сығалаған жақындағы мен мойнын созып, көзін сүзіп, бармағын басып оңтайлы сәтті күтіп отырған алыстағының түсіне не кіріп, ойына не келетін болжаудың өзі қиын. Сондықтан да Үкімет қазба байлықтар қоры мәселесіне келгенде құпиялықты қатаң сақтауы шарт.

 Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2256
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3530