Жұма, 29 Наурыз 2024
Абай.tv 6727 0 пікір 21 Мамыр, 2014 сағат 12:25

Жер дауы: КЕМЕРТОҒАНДАҒЫ КИКІЛЖІҢ

Алматы облысында жер дауы тағы да ушығып тұр. Бұл жолы . Олар ауылдарын Алматымен жалғайтын жолдың түсуіне байланысты, үйіміз сүріліп кете ме деп, үрейлі күйде отыр. Наразы топ, қала мен ауылды жақындастырғалы жатқан жолға жерлерін босатып берсе, үкімет өтемақы да төлемейді деп, ашынып отыр.

Бұл кісілердің басым бөлігі телімді бір кісіден сатып алған. Бірақ бір қызығы -  шаруа қожалығы мақсатындағы телімнің әр сегіз жүздігін 11 500 долларға бағалап, сатқан Сәуле Сұлтанова есімді азаматша, жер құжатын сыйлық ретінде рәсімдеген. Яғни, нотариус куәландырған сенім хатта телім саудасы көрсетілмеген. Және үш жүздей отбасын жермен қамтамасыз еткен қожайын-ханым, жердің мақсаты өзгеретінін айтқан. Және ол кісінің тұрғын үй салуға болады деген сөзін, аудандағы халыққа қызмет көрсету орталығының өкілдері де растаған көрінеді.

РАЙКҮЛ ТОЛҒАНБАЕВА, Кемертоған ауылының тұрғыны:

ЦОН-ға ертіп барды ғой сатқан адам, документ жасаймыз деп, ЦОН жасап берді ана документтерді. Солар айтты, документтеріңізді жасата беріңіздер, екі жылдан кейін ИЖС-ке өтеді деді. Бұл қалаға кіретін жер деді.

Расында да ауыл түбегейлі қалаға кіріп кетпесе де, телімдерінің үстінен қаладан келетін Рысқұлов даңғылы өтетін болған. Бірақ алып даңғылдың қай үйдің ауласынан, есігінің алдынан немесе үйінің үстінен өтетіні әзірге белгісіз.  Белгілісі - тұрғындар тұтастай үйімізді сүрмекші деп үрейленіп жүр.

ҚАРАҚАС ЗӘУІРБЕКОВА, Кемертоған ауылының тұрғыны:

Ақша жинап, светімізді жарығымызды кіргізіп алдық. Өз жағдаймызды жасап алдық. Бізге тек тиіспесін!

БАУЫРЖАН БОШАЕВ, Кемертоған ауылының тұрғыны:

 Әкімдік бөлмесе, біз алмаймыз ғой. Әшейіннен әшейін келіп, қазақ үй салып алған жоқпыз.

ЛЕНА ТОҚСАНБАЕВА, Кемертоған ауылының тұрғыны:

Балаларымыздың аузынан жырып, қара нанды қақ жарып, қара суменен шай ішіп, салдық.

Алайда, жергілікті билік өкілдері, "трасса түссе, телім иелерінің өтемақыдан қағылуы мүмкін емес дейді. Халық бекерге даурығып жүр" - дейді  әкім мырза. Бірақ неге екенін, әкім мырза, несие алып, екі ауыз үйді әупірімдеп әрең салып, енді шықпа жаным, шықпамен отырған елге басу айтудың басқа жолын таппады ма,  жомарт жандардың әрекетін мысал қылды.

МАҚСҰТ ЖАПАРОВ, Іргелі ауылының әкімі:

Мысалы, Іргелі ауылдық округінен 112 участок өтіп отыр. Соның 24 адам өз жерлерінен бас тартып отыр. Керек емес, ештеңесі де, болашақта жол өтсін деп беріп отыр.

ИРИНА СОВЕТЖАНҚЫЗЫ, тілші:

Алайда, ашынған ел өліспей-беріспейміз деп отыр. Телімді тегін алған жоқпыз! Егер мемлекетке жол қажет болса, халық неге қажет емес деп, қапалы ел. Егер олар талабымыз орындалмаса, аштық жариялаймыз, дейді.

Ирина Советжанқызы, Данияр Жүсіпов.

дереккөз: 31 канал

 

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1567
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2261
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3542