Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Қоғам 8911 0 пікір 31 Желтоқсан, 2014 сағат 06:07

ЖАҢА ЖЫЛ ҚАРСАҢЫНДАҒЫ ТҮРКИЯ

Апта басында Еуропаны ақ көрпеге ораған ауа райы кеше Кіші Азияға да жетті. Тұтас аумағын қар басқан Түркияда жаңа жыл қарсаңында не істелді? Аз-кем шолу жасап көрсек:

Кеше, 30 желтоқсан Анкарадағы Президент сарайында ел Президенті Ердоғанның қатысуымен «Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің» отырысы өтті. Отырыстың күн тәртібі негізінен елде террорлық актілердің болуына мүлде тосқауыл салу және «шешім процестерінің(Çözüm(шешім) süreci немесе barış(бейбітшілік) süreci – Түркияда ұзақ жылдардан жалғасып келе жатқан күрд мәселесінің халыққа және мемлекетке тиімді болып бір жақты болуын көздейді. 1984 жылдан бері күрдтермен соғыс нәтижесінде 40 мыңнан астам адам өлген)» атқарылуын қолға алу мәселелерін талқылады. Кеңес қабылдаған декларацияға сай «Параллельді мемлекет(Мемлекет ішінде мемлекет құрылуы)» құрудың жүзеге асырылмауы және заңсыз күштік құрылымдармен күресті күшейту басты назарға алынған. Сондай-ақ Сириядағы қарулы қақтығыстар мен ондағы қауіп-қатерден сақтану, диссиденттер мен босқындарға көмек көрсету мәселесі де қаралды. Түрік ҰҚК отырысы ИСИМ(Ирақ және Сирия Ислам мемлекеті) террорлық ұйымына қарсы мемлекеттік қорғанысты, Фалестинаның тәуелсіздігін тану жөніндегі халықаралық келісімдердің жүзеге асырылуы мен Израилдағы Ислам мәдениетінің тарихи нышандарынын қорғауға алу мәселелеріне де арнайы қарар қабылдады. Бештепедегі сәулетті сарайда Президенттің қатысуымен өткен кеңес 6,5 сағатқа созылды.

Сонымен қатар осы күні Түркия Кәсіподақтар конфедерациясы 2015 жылы елдегі минималды мемлекеттік еңбекақының көтерілетінін жариялады. Келер жылдың алғашқы алты айында осы елдегі ең төменгі жалақы қазіргі 846 лирадан 949 лираға, соңғы алты айында 1000 лираға (450 АҚШ доллары шамасында) көтерілмек. Бұнымен қоса бірқатар әлеуметтік жәрдемақылар, студент шәкіртақылары да айтарлықтай жоғарылайтын болады.

Түркия билігі «Үлкен Түркия» атты даму бағдарламасын атқаруға бар күшін жұмылдырып жатыр. Бағдарламаға сай Түркия 2023 жылы «Жаңа Түркияға» өзгермек.Осы жылы Түркия әлемдегі дамыған он елдің бірі болуды жоспарлаған. Түрік Республикасының құрылуына 100 жыл қарсаңында бұл елдің шын мәнінде қуатты мемлекетке айналатын қисыны да бар. Себебі елдің сыртқы саясаты осыны талап етеді. Сондай-ақ бұл жылы Түркияны Батыстың ығына жығатын жүз жыл бұрынғы келісім-шарттар күшін жояды.

Жаңа жылды Тәуелсіздік күнінен қашанда асырып тойлайтын Қазақ Елінде соңғы уақытта 6,5 сағатқа созылған билік жиналыстары өтті ме екен? Қазақ даласын үш жүз жыл бодандықта ұстаған Патшалық Ресейдің бүгінгі мұрагер мемлекетімен одақ құрып, қалтамыз қап-қап теңгеге толатын күн келеді деп жүрген қазақтар 2050-ге дейін бауырлас Түрік халқынан бір үлгі алса жарар еді.

Нұрғали Нұртай

Abai.kz

 

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2253
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3516