Сейсенбі, 23 Сәуір 2024
Билік 7673 0 пікір 25 Қараша, 2014 сағат 03:00

НҰРЛЫ ЖОЛ – НҰРЛЫ БОЛАШАҚ

Тұңғыш Президент күні қарсаңында  "Нұр Отан" партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан БАЙБЕК жұмыс сапарымен Алматы облысының орталығы Талдықорған қаласына барды. Партия Төрағасының бірінші орынбасары облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелерімен және "Партияның 50 тұлғасы" жобасының қатысушыларымен кездесті. Мұнан кейін "Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол" Жолдауында белгіленген Жаңа Экономикалық Саясаттың басымдықтарын талқылаған "Нұр Отан" партиясы облыстық филиалының ХIV есеп беру-сайлау конференциясына қатысты.

Күн тәртібіне қойыл­ған бі­рін­ші мәселе бо­йын­ша – "Нұр Отан" пар­тиясы Алматы об­лыс­тық фи­лиалы төрағалығына ұсы­нылған облыс әкімі Аман­дық Баталовтың кан­ди­да­турасын жиынға қа­тыс­қан 354 делегат бір кі­сідей қол­дады. Партия Тө­рағасының бі­рін­ші орын­басары Амандық Ғаб­­бас­ұлына төрағалықтың ар­­найы куәлігін өз қол­ы­­мен тапсырды.

Конференция ба­ры­сында сөз алған партия Тө­рағасының бірінші орын­басары Бауыржан Қы­дырғалиұлы Мем­ле­кет бас­шысының "Нұр­лы Жол – бо­ла­шаққа бас­­­тар жол" атты биыл­ғы Жолдауын негізге алып, Ел­басы Жолдауы ха­­лықтың саяси тұ­рақ­тылықты сақтап, эко­но­микалық даму те­тік­терін са­ралап бер­ген­ді­гін, "Нұр­лы Жол" Эко­но­ми­ка­лық Сая­саты – сы­нақ­тардан сүрінбей өтудің ға­на емес, алдағы он­даған жыл­ды қамтитын елі­міз­дің сапа­лы дамуының ке­шенді жос­пары, болашақ­тың инф­ра­құ­ры­лы­мына жа­салған инвес­тиция екен­дігіне егжей-тег­жей­лі тоқ­талды. Сондай-ақ, "Нұр­лы Жол – бола­шақ­қа бастар жол" Жол­­да­уын жариялай отырып Ел­ба­сы­ның алғаш­қы­лардың бі­­рі бо­лып дағ­дарыс ке­зе­ңінен дағ­дармай шы­ғуға жол ашар іс-қимылдың жос­­парын нақты көр­­­сет­кендігін, күрделі сы­нақ­тың өзін ел игілігі үшін пай­да­ла­нып, осал тұс­­тар­ды анықтап, да­мы­туды, бү­гінгі за­ма­н­ның сын-те­геуріндерін де па­ра­сатты ба­ғалай білу ке­рек­тігін ес­керткенін атап өтті.

– Жастарды тәрбиелеу ке­рек, толеранттық, бір­лік пен келісім секілді құн­дылық­тар­дың ма­ңыз­ды­лы­ғын оларға тү­сіндіру қа­жет. Әрбір жас қалай же­тілуі мен неге ұмты­луы керек екенін түсінуі тиіс – деген Бауыржан Бай­­бек, "Нұр Отан" пар­тия­сы­ның "Ардагерлерді ар­дақ­тайық" жобасы шең­бе­рін­де жасалған жұмыстар бо­­йын­ша жас­­тарға аға ұр­пақ­қа, соғыс ар­да­­гер­ле­рі­не құрметпен қарау­дың ма­­ңыз­дылығын түсіндіру қа­жет­тігін айтты. Аға буын­ды үлгі ете отырып жас­тарды отан­шылдыққа тәр­биелеудің ма­ңызы зор екен­дігін, қоғам бірлігі де осындай құн­ды­лықпен өлше­не­тіндігін де нақты мысал­дар­мен өрнектей отырып жеткізді.

Келесі кезекте өңір бас­­шы­сы Амандық Ба­та­ловтың Елбасы Жол­­да­уына орай және облыс­тық пар­тия филиалының бү­гінгі биігі мен болашақ жос­­пары жай­лы жасаған баян­­дамасы тың­дал­ды.

– Жаңа экономикалық сая­сатты халық нақты іске асыру бағ­дарламасы деп бағалап, жы­лы қа­был­дады. Әлемдегі эконо­ми­ка­лық дағдарысқа бай­ла­ныс­ты, эконо­ми­камыз қиын кезеңді бастан өт­кергелі отыр. Сон­дық­тан, биылғы Жолдау "Нұр Отан" пар­тия­сының Саяси Кеңесінің ке­ңейтілген оты­рысы ая­сын­да жол­данды. Енді біз­дің бас­ты жұмы­сымыз осы Жол­дау­дан туын­дай­тын мін­дет-мақ­сат­­тар­мен үн­де­се­тін болады.

Елбасының Жол­да­уын­да берілген тап­сыр­ма­ларды орын­дау жөнін­де біз кешенді жұ­мыс жос­па­­рын дайын­дад­ық. Ат­қа­­ру­шы органдар жұ­мы­сының не­гізгі бағыт­та­рын ай­қын­дап, Пре­зи­дент жүк­теген мін­дет­тер­ді орын­дау жө­ніндегі ша­раларды бел­гі­л­едік, – дей келе өңір бас­шысы Жол­­даудағы же­ті бағыт­қа да жеке-же­ке тоқ­та­лып өтті. Энер­­ге­тика жә­не көлік ин­ф­ра­құ­ры­лы­мын да­мы­ту­да өңірде Батыс – Еу­ро­­па – Ба­тыс Қытай, Ал­маты – Тал­дықорған ав­то­­ма­гис­тра­лі салынып, сон­­дай-ақ, Алтынкөлде "құр­­­ғақ порт", Тал­ды­қор­­­ған мен Боралдайда ин­­­­дуст­риял­ды ай­мақ тұр­­­ғыз­ы­лып жат­қан­ды­ғы айтылды.

– Қай кезде бол­ма­сын, Ел­басымыздың ел үшін ауыр кезең­дерде қиын­шы­лық­тан шығу жол­дарын ұсы­нып, жауап­кер­шілікті өз мойнына ала­тын­дығын айта кет­кен жөн. Қазақ­стан Рес­пу­бликасы Пре­зи­денті та­рапынан та­быс­ты жұ­мыс үшін бар­лық қа­жетті жағдай жа­­салған. Біз­де бағдар­ла­ма­лар да, ресурстар да, қа­ра­жат та бар. Сондық­тан, атал­­ған Жолдауды іс­ке асыру үшін әрқай­сы­мыз жа­уап­ты еке­ні­міз­ді се­­з­ініп, аян­бай еңбек етуі­міз қа­­жет, – деді облыс әкі­­мі Аман­­дық Ғаббас­ұлы.

Конференцияда об­лыс­­­тық кәсіпкерлер па­ла­та­сының дирек­торы Ләз­зат Шың­ғыс­баева, Ал­ма­ты облыстық мәс­ли­ха­тының депутаты, "Бі­лім және ғылым" ба­ғыты бойынша сарап­та­ма то­бы­ның жетекшісі Жа­мал Құлах­ме­товалар да Жолдау ба­рысындағы тұ­­щым­ды ойларын ор­та­ға салды.

Сонымен қатар есеп беру-сайлау кон­фе­рен­ция­сында пар­тияның өңірлік саяси ке­ңе­сінің жаңа құрамы жасақ­тал­ды. Жаңа құрамда жас­тар­дың саны 3 есеге, кәсіп­керлер 2, әйелдер қа­уымы 1,5 есеге өсіп, мүм­кіндігі шектеулі жан­­дар тарапынан ұсы­­нылған өкіл­дер де Саяси Ке­ңестің құра­мына алын­ды. "Нұр Отан" пар­тиясы облыстық фи­лиа­лы­ның ХIV есеп беру-сайлау кон­фе­рен­циясын түйінд­е­ген партия Тө­ра­ға­сы­ның бірінші орын­­­ба­са­ры Бауыржан Бай­бек Ел­ба­сының биылғы Жол­да­уына же­тісу­лық­тардың да үлес қо­са­­тын­дығына зор сенім арт­ты.

Абай.kz

0 пікір