Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
Мәйекті 8206 0 пікір 30 Қыркүйек, 2014 сағат 13:08

ЖҮРЕКТЕН АҚҚАН ЖҰЛДЫЗДАР

 

Қалау Сәлеметбайұлы 1983 жылы дүниеге келген. Ақын, аудармашы. Өлеңдері республикалық мерзімді БАҚ беттерінде жарияланып тұрады. Ағылшын тілінен Рабиндранат Тагор, Эмили Дикинсон сынды ақындарды аударған.

 

Соқыр сөз

 

Аңсарым алаңда жүр ақ боранды,

Әй, Өмір!

Айыра алман ақ-қараңды.

Соқыр сөз жолға шығып бара жатыр,

Түрткілеп қалам ұшы ақ қағазды...

Өмірде адам жоқтай менен өзге,

Құбының құмы көшер кенеземе...

Құмырада өскен гүл әлденені,

Ойлайды басын сүйеп терезеге...

Ағаштар құйға батқан балалардай,

Аңсайды-ау,

Асыр салар дала қандай!

Дірілдеп тоңа берер электр шам,

Өзі шашқан шуаққа орана алмай...

Өмірде еркіндік бар, сірә, нендей,

Құс жолы кісендеулі білегімдей...

Артық зат сияқтанам,

Құлтемірге

Салынған адамзаттың жүрегіндей...

 

Ембестен үміт үрпін езіле бір,

Көңілім, көп көкімей «өзіңе» кір...

Түсімде жүрем ылғи құзғын аулап,

Құям деп соқыр Сөздің көзіне нұр...

****

Мен сірә мыңға келдім, жүзге келдім,

Шаршадым, досым, мені іздемегін.

Тамшыда тілемейтін таңдайына,

Тарғыл тарлан құмдардың дұзгені едім.

 

Жыласада тілейтін жыланға бақ,

Ұрылды қара тасқа мынау қабақ.

Еліктеп туған жердің тауларына,

Алдым ерте самайды қырауға орап.

 

Табады мың қайғыдан мятты кім,

Жарқын жас дәуреніме ұяттымын.

Еміс-еміс келеді кейде есіме,

Бір кезде ғашық болған сяқтымын...

 

Адасып бұла дәрен бақта қалған,

Жан досым, мен сырмды ақтара алман.

Ағарған журегімнің шашы сынды,

Кеудеме ұялайды аппақ арман.

*****************

Шашым менің неге ерте ағарған,

Кім біледі шағым шығар тазарған?

Арманмды қайтам аса таяқ қып,

Бөлке табу үшін барған базардан.

 

Түзіу жолмен барад халық адасып,

Тек түймедей теңгелерге таласып.

Ұмыт қылған шын құмартып қарауды,

Қап-қара шаң сіңіп қалған қарашық.

 

Лашықтарға бет түзейды сол қалың,

Отын жағып отыр дейсің онда кім?

Тым ұзақ қол алысқан болып жылтамын,

Қатып қалған қалқа қыздың қолдарын.

 

 

 

 

Аяулы алтын сарайына асыққан,

Барады ане өқнкей сары басып паң.

Көкбөріні ит екен деп жүр халық,

Түнде келіп ас іздеген қоқыстан.

****************

Секіргенде бастан соңғы сері күн,

Іздемейді,

          іздердейсің мені кім?.

Жанардағы ішсе соңғы жасымды,

Ай сәулесі малып мамық ерінін.

 

Сөніп қалса жүрегімді жеген от,

Қимасым жоқ, маған басқа не керек?.

Көмкерсе еді ашық қалған көзімді,

Ұшып келіп егіз екі көбелек.

 

Қайғы басым менде ежелден аз үміт,

Сағым ғана бар тапқаным саблып.

Арқам тиген жапыраққа жап-жасыл,

Жұрек сырым қалса сонда жазлып.

 

Белгісіздеу аяғы да басы мен,

Жыл санаудан арыда өткен ғасыр ем.

Жапырақта қалған солбір жазбалар,

Өшіп кетсе жұлдыздардың жасымен...

 

 

 

 

 

***

Өзін опат қылатын отты іздеген,

Қариялар Қалауды жоқ па іздеген?

Қасиетті әжімінен қамал салып,

Қарттықты жүрекке олар жеткізбеген.

 

Қол баққан қозықадай көшке ерген,

Оралып етектерге өскен ем мен.

Ұршығын иірумен өнегенің,

Әжелер көңілдерді кестелеген.

 

Құлдыраңдап құлын боп мың кісінеп,

Тасыған қыздар тұнық суды ішіп ек.

Емініп жататұғын ерке бұлақ,

Өзінен мөлдір көзден сүйгісі кеп.

 

Жұлмастан аяп шөпті жасыл әр түп,

Шалғында асыр салдық, асық атып.

Арқардың асығындай қатал тағдыр,

Бізді де ұрып жіберді-ау шашыратып...

 

Адасқан қатал заман қорымында,

Ұлыңды бастап кетті жолы құмға.

Өлеңмен өрнектеумен өтер өмір,

Ауылды аңсап жоқ бүгін орынында.

***

 

 

 

 

Туары анық аспанның ашылар күн,

Арқыра жүректегі асыл ағын.

Жарымның мінезіндей жайсаң өмір,

Арындай боп барады ашынаның.

 

Құрт жеген бала қайың бүріндейін,

Бәрі тозды, мен неге бүлінбейін?

Заты жоқ аты қалған аспаныма,

Көлеңкеме сүйеніп күбірлеймін...

 

Көргенде барлығының ұзағанын,

Қыратта тұрып күндей қызарамын.

Қара құртын емдеуге бұл қоғамның,

Көз жасымды қайнатып тұз аламын.

 

Күледі миығынан миды жеп мұң,

Төзе алмас көңілім де енді көп күн.

Көрдім мен келер күнді көмірдей кір,

Сығалап жыртығынан көкжиектің...

 

Жасын да жасыта алмас енді жасқап,

Ойанар өр рухымыз сол бір асқақ.

Жырларымды жұмсаймын шексіздікке,

Келуге сол бір жұпар желді бастап.

+

***

 

Балам, әкең отыздан асты бүгін,

Терек қылды уақыт жас шыбығын.

Көп болды ессіз қала естіртпеді,

Кеудемдегі ұлыған қасқыр үнін.

 

Ән-жыры мекен қылған әр тамырды,

Уақыт құрықтады тарпаң ұлды.

Балғын демің ұшырды қаншама түн,

Асылып өлейін деген арқанымды.

 

Кең даласын аңсаған күліктейін,

Кеткім келді кейде артқа бұрып мойын.

Құсығын жеген мастың сұм қалада,

Қаңғыдым масаң тартқан күшіктейін.

 

Сендей ұрып сандалтқан сезімдері,

Өмірге қайта әкелдің өзің мені.

Келешек - көшеге өтер жасыл шырақ,

Тек түнгі түз мысықтың көзінде еді...

 

Уақыт қайғыныда ұрлап бүгін,

Қасыңда отызымды жырлатты, ұлым.

Жасымды ұмытсам да ұмытпаспын,

Бақытымның өзіңмен құрдастығын.

 

***

 

Балам, мен емеспін еш қызға ғашық,

Жүрек қой жүрген жыныс жырда адасып.

Аңшыдай аласұрам қуған аңы,

Шығып кеткен көз жетпес шыңға қашып.

 

Жанарды білем жиі жасқа малам,

Елестеп тұрса қайтем басқа ғалам?

Мынау қара қоғамда жүрсе болды,

Қасымда басым сүйер аппақ анаң.

 

Жан досым жоқ екенін мойындаймын,

Дөңкиіп жүрем жалғыз дойырдайын.

Ақынды шеңгеліне ап мынау заман,

Соғады бір-біріне сойылдайын.

 

 

Анамнан басқа ешкімді кешірмеймін,

Жылатып ап жылаймыз несін кейін?...

Жылжимын кітаптың әр жолына еріп,

Шұбатылған құмырсқа көшіндейін.

 

Балам, мен емеспін еш қызға ғашық,

Көп адасам жыр дейтін жылғаны асып.

Жазуларын қалдырам жүрегімді

Мұң дейтін миллион жылдық мұзға басып.

***

Қандай ғажап тамылжыған түн бүгін,

Мың күна ғой деп айтуда мұңлымын.

Алтын сымдай бір-біріне соғылған,

Естідім ай сәулесінің сыңғырын.

 

 

Қос жұлдыздың ғашықтықтан жанатын,

Көз жасыммен жалғасам ба арасын?

Қалған түсіп көрем күміс Құс Жолын

Шексіздіктің тұлпарының тағасын...

 

Түн өзі ішіп қойған сынды түнегін,

Артады үнсіз мойыныма ақ білегін.

Ақ киімді дәрігердей ақ тамшы,

Тыңдап жатыр жапырақтың жүрегін.

 

Алып таулар түсіп қалған тас тісі,

Ыржиады секілденіп мас кісі.

Қанатымен қағып кетер сәтті бұл,

Басыма ұшып қонбасыншы бақ құсы!

Қаладағы көшпелілер

Түнде тағы жазып-жазып тастадым,

Мен оқиын, бір бұрышқа бастағын.

Жылдар емес жүзіңе әжім түсірген,

Қыры батып кеткен білем ақшаның.

 

Кірпікпенен тасты қажап тесеміз ,

Біз – ақынбыз, солай ғұмыр кешеміз.

Шылым шегіп алайықшы,

Түтіні

Қалай ұшса, енді солай көшеміз...

 

Арман қудым ішегімді шұбатып,

Ырзамын кетсін қайда құлатып.

Адам түгіл,

Талай жақсы кітапты,

Көтере алмай тастап кеттім жылатып.

 

Жүрмін, аға, мен есімді жия алмай,

Көкжиекке сия алмаған қиялдай.

Ару түгіл,

Талай сұлу өлеңді,

Өкінгенмін қайрылып сүйе алмай.

Шабыт қана бізге құшақ ашыпты,

Ол барда ақын көңілін не жасытты!

Көшіп-қонып жүреміз біз осылай,

Масқаралап тұрағы жоқ бақытты!

 

бесік – жыр

(ұлым Елшатқа)

Кіп-кішкентай және шексіз аспаным,

Мен еремін,

Мәңгілікке бастағын.

Әкешіңе өлім ашқан есікті

Бесігіңмен тіреп жауып тастадың!

 

Мен де сендей ақын деген баламын,

Баспанасыз қожасымын қаланың.

Тоңғағыңды бетіме жақ, ақ қозым,

Сұм өмірден жасырынып қаламын!

 

Бір суықтық билер мені тасқа тән,

Ұлым, саған бір сәт құшақ ашпасам.

Тезден табан тірермісің

Алдыңа,

Жүрегімді тіліп-тіліп тастасам!

 

Ажал-арқан үлгірмес ем шешіп мен,

Ұлым менің, егер сәл-сәл кешіксең.

Тұншыққанда өзенінде өмірдің,

Сен құтқардың қалқып келіп бесікпен!..

 

Алматыға

Апам келерде...

Алтай асып кеткен албырт құсыңның,

Балапанын көргің келді... түсіндім.

Түні бойы көзімді ілмей сен келер,

Көшелерді кірпігіммен сыпырдым.

 

Бұл араға жатқан жоқсың жай келе,

Жырларымды талдамаймын, әй, неге?!

Тасырқасам Ай сырғасын таға ғып,

Тай күнімде қосып еді-ау бәйгеге!

 

Түссе-дағы тағдыр дейтін тау құлап,

Қара қазан шағылмады, сау бірақ.

Ең қызықты ойыншығым қаңтарда,

Кірпігіңе қатқан сүңгі саудырап...

 

Барушы едік отын теріп орманға,

Мола біткен қобызшы еді ол маңда.

Бала күндей төгіледі бал жырым,

Қозы-қалам саусағымды сорғанда.

 

Тұрса ұлым алысқа ертең кетем деп,

Қалай төзем сенше буын бекемдеп.

Ерте аттанды, әкем ақын болатын

Өлім жайлы маған сабақ өтем деп.

 

Үнім бар ма? Көрейінші ән салып,

Апа, сені шығам күліп қарсы алып.

Қала дейтін тас қабырда сұраққа ап,

Жатыр маған жырым қайта жан салып.

 

Әкемді еске алғанда

Ақ махаббат лаулап соңғы деміңнен,

Сен аттанып кетіп едің өмірден.

Көздерімнен көл боп аққан жас емес,

Балалығым еді мәңгі төгілген.

 

Сені алысқа алып кетті бастап Ай,

Анама да сыйлап нұры ақ самай.

Қаламыңды саусағыңа балап мен,

Қысып ұстап жүрер болдым тастамай.

 

Балалық-ай ойға орын бермеген,

Жек көруші ем жұртты сені жерлеген.

Сенен қалған кітаптарға ілестім,

Көзің нұры салып кеткен жолменен.

 

Сені есіме салса беттен сүйген күн,

Келмеуші еді қаңыраған үйге енгім.

Сен астында жатқаннан соң, асылым,

Қабірге де еркелеуді үйрендім.

 

Сен сыйлаған қос қанатым жайылған –

Екі ағам (Тәңір, содан айырман).

Дөң басында сен жатқан соң бақылап,

Жығылуды намыс көрдім тайымнан.

 

Бір сипатып алу үшін басымнан,

Жабыққанда мен қасыңа асығам.

Күзеттірдім намысымды арменен,

Бейнеңді ойып төзімділік тасынан.

 

Елес-дүние ішіне енген есілім,

Көп сағынсам бере гөрші кешірім.

Аласұрып шыңға өрлеп барамын,

Есіміме ілескен соң есімің.

********

 

 

(Жарым Жансаяға)

 

Не тілер айырбасқа келер бір бақ,

Сендей ерке тағдырға көнем, бірақ...

Қиналам кейде күрек ұстай алмай,

Байласа саусағымды өлең шырмап.

 

Жетер маған сенің бар сыйлағаның,

Үй суық болғанымен мида жалын...

Көкірегімде қалған бір бос әлемді,

Ұлымның үні тербеп қиналамын...

 

Қап-қара қар жауғызсам нала-мұңнан,

Қарғалдақты көремін қабағыңнан.

Етігім тесілгенде мәз боласың,

Жер – анам иіскеді деп табаныңнан.

 

Қара тұяқ кетіліп ақ шағылда,

Жүрсе де, айтшы, жырдан ақсадым ба?

Ақ жаулығын тосасың тұмсығыма,

Анам жайлы түс көріп жатқанымда.

 

Құйып ап қиялына қорғасынды,

Қосағың бұл қоғамға зорға сіңді.

Түсіме енген қыз десем,

Сен екенсің

Түндерде сүртіп жүрген көз жасымды...

***********

 

Жырларымда мың жылқы дүркіреді,

Мезгіл де қамай алмас мүмкін оны

Шабдолдай жүрегімді үзу үшін,

Сұм өмір мені сан жыл сілкіледі!

 

Мен енді шалқып күліп үйренемін,

Көктемнің гүл – түймесін түймеледім.

Жүзік қып тағамын да алтын Айды,

Мәңгіліктің қызына үйленемін.

 

Бұлқынып жатыр сансыз бүршік іштен,

Өтеді ендігі өмір ұмтылыспен

Айналдырып алыппын қара түнге,

Толтырып күндерімді күрсініспен!

 

Жан жарам бір жазылып, бір асқынып,

Қинамас.

Болады енді тұрақтылық.

Ұрпақты ізгілікке бастау үшін,

Отырам әз ізіме шуақ құйып.

 

Еліттіріп бір ғажап күйге мені,

Өтеді күндерімнің күймелері.

Сұм өмір,

Сілкілесең сілкілегін,

Бәрібір қабылдаймын би деп оны!

*************

Себебін іздеп несін жүз ойланам,

Күлуден жалыққанда жылайды адам.

Жайын – жырым қаппай жүр қармағымды,

Уақыттың өзенін ылайлаған...

 

Бала күнгі сыйлаған асығым жұт,

Құлата алмас тәлейдің тасын ұрып...

Қараңғылық қадайды қара көзін,

Ішіне мың сәуленің жасырынып...

 

Қандай сұлу жымиған жылым – қайғы,

Ертегі айтар бір бұлақ – бұрым жайлы...

Тұлпарлардың тағасы тасқа ұрылса,

Жалған тарих құлағы шуылдайды...

 

Көз жасында миллион жыл себелеген,

Жүзіп жүр Нұх әлі де кемеменен...

Рухым есеңгірер,

«Тас дәуірі»

Тас бинамен тұрмастай шегелеген...

 

Қалам ұшы қиялды қансыратып,

Жабығып жатыр тағы жан шұбартып...

Раушан гүлге тамса екен деймін,

Жанардағы ең соңғы тамшы – уақыт...

**************

Өтіп жатыр, өтіп жатыр ұры күн,

Өріп келем жырдың ұзын бұрымын.

Жерге еңкейсе еңкейер тек Күн анау,

Шерлі ақынның тамызуға шылымын.

 

Жаңқа құрлы көрмес мені ой-ағын,

Тұншығамын,

Әрі бірден тоямын...

Қара түнге (белгі қалсын)

Әжімді

Маңдайымды басып-басып қоямын...

 

Әңгіменің арысын да, берісін,

Айтпашы, дос,

Бар еді онда не ісім?!

Белбеу қылып буынамын беліме,

Жол – жыланның сыпырып ап терісін...

 

Жыр – махаббат бітсе үмітті үтір қып,

Көп алдандық

Ұттық әрі ұтылдық...

Жастық шақтың көріп қалам жарқылын,

Шылымымнан шыққан кезде түтін – бұлт...

 

Құс  – жанымды айдаһарға арбатып,

Жүрмін...

Кетсем мәңгілікке жалғасып...

Қиял – жебе,

Кемпірқосақ садақпен

Ой аулаймын көк аспанға самғатып

 

 

Мақпал түн мастығы

 

Ұраны болған емес ұлылықтың,

Мен оны көп ойланып бүгін ұқтым.

Көшеде тұрдым ұзақ қыс түніне

Деміммен жырын жазып жылылықтың.

 

Мастанам маңдай терге қарап мен де,

Сол болар шаттық дейтін шарап кейде.

Жанымның жаңа жылын ұқтырғаны-ай,

Ән салып жүрек ұрған сағат – кеуде...

 

Түсінбес деп жауласып жанашырмен,

Былдырлап жүріппін ғой бала тілмен.

Көрдім мен Ай боп жүзген арманымды,

Жарымның жанарындай қара түннен.

 

Көп өтпей көктем келер осыны ойлап,

Жатыр ғой көңілімнің құсы тойлап.

Сұлу су кестелейді кең өлкемді

Тағылған саусағына көпір – оймақ...

 

Пәк дүние, сәбидей бастырылған

Жабықпа!

Басым кетпес жастығыңнан.

Жұлдыздың нұры сіңген ақ қарын жеп,

Айығам мақпал түннің мастығынан...

 

 

ЖҮРЕКТЕН АҚҚАН ЖҰЛДЫЗДАР

 

Қалау Сәлеметбайұлы 1983 жылы дүниеге келген. Ақын, аудармашы. Өлеңдері республикалық мерзімді БАҚ беттерінде жарияланып тұрады. Ағылшын тілінен Рабиндранат Тагор, Эмили Дикинсон сынды ақындарды аударған.

 

Соқыр сөз

 

Аңсарым алаңда жүр ақ боранды,

Әй, Өмір!

Айыра алман ақ-қараңды.

Соқыр сөз жолға шығып бара жатыр,

Түрткілеп қалам ұшы ақ қағазды...

Өмірде адам жоқтай менен өзге,

Құбының құмы көшер кенеземе...

Құмырада өскен гүл әлденені,

Ойлайды басын сүйеп терезеге...

Ағаштар құйға батқан балалардай,

Аңсайды-ау,

Асыр салар дала қандай!

Дірілдеп тоңа берер электр шам,

Өзі шашқан шуаққа орана алмай...

Өмірде еркіндік бар, сірә, нендей,

Құс жолы кісендеулі білегімдей...

Артық зат сияқтанам,

Құлтемірге

Салынған адамзаттың жүрегіндей...

 

Ембестен үміт үрпін езіле бір,

Көңілім, көп көкімей «өзіңе» кір...

Түсімде жүрем ылғи құзғын аулап,

Құям деп соқыр Сөздің көзіне нұр...

***

Мен сірә мыңға келдім, жүзге келдім,

Шаршадым, досым, мені іздемегін.

Тамшыда тілемейтін таңдайына,

Тарғыл тарлан құмдардың дұзгені едім.

 

Жыласада тілейтін жыланға бақ,

Ұрылды қара тасқа мынау қабақ.

Еліктеп туған жердің тауларына,

Алдым ерте самайды қырауға орап.

 

Табады мың қайғыдан мятты кім,

Жарқын жас дәуреніме ұяттымын.

Еміс-еміс келеді кейде есіме,

Бір кезде ғашық болған сяқтымын...

 

Адасып бұла дәрен бақта қалған,

Жан досым, мен сырмды ақтара алман.

Ағарған журегімнің шашы сынды,

Кеудеме ұялайды аппақ арман.

***

Шашым менің неге ерте ағарған,

Кім біледі шағым шығар тазарған?

Арманмды қайтам аса таяқ қып,

Бөлке табу үшін барған базардан.

 

Түзіу жолмен барад халық адасып,

Тек түймедей теңгелерге таласып.

Ұмыт қылған шын құмартып қарауды,

Қап-қара шаң сіңіп қалған қарашық.

 

Лашықтарға бет түзейды сол қалың,

Отын жағып отыр дейсің онда кім?

Тым ұзақ қол алысқан болып жылтамын,

Қатып қалған қалқа қыздың қолдарын.

 

Аяулы алтын сарайына асыққан,

Барады ане өқнкей сары басып паң.

Көкбөріні ит екен деп жүр халық,

Түнде келіп ас іздеген қоқыстан.

***

Секіргенде бастан соңғы сері күн,

Іздемейді,

          іздердейсің мені кім?.

Жанардағы ішсе соңғы жасымды,

Ай сәулесі малып мамық ерінін.

 

Сөніп қалса жүрегімді жеген от,

Қимасым жоқ, маған басқа не керек?.

Көмкерсе еді ашық қалған көзімді,

Ұшып келіп егіз екі көбелек.

 

Қайғы басым менде ежелден аз үміт,

Сағым ғана бар тапқаным саблып.

Арқам тиген жапыраққа жап-жасыл,

Жұрек сырым қалса сонда жазлып.

 

Белгісіздеу аяғы да басы мен,

Жыл санаудан арыда өткен ғасыр ем.

Жапырақта қалған солбір жазбалар,

Өшіп кетсе жұлдыздардың жасымен...

***

Өзін опат қылатын отты іздеген,

Қариялар Қалауды жоқ па іздеген?

Қасиетті әжімінен қамал салып,

Қарттықты жүрекке олар жеткізбеген.

 

Қол баққан қозықадай көшке ерген,

Оралып етектерге өскен ем мен.

Ұршығын иірумен өнегенің,

Әжелер көңілдерді кестелеген.

 

Құлдыраңдап құлын боп мың кісінеп,

Тасыған қыздар тұнық суды ішіп ек.

Емініп жататұғын ерке бұлақ,

Өзінен мөлдір көзден сүйгісі кеп.

 

Жұлмастан аяп шөпті жасыл әр түп,

Шалғында асыр салдық, асық атып.

Арқардың асығындай қатал тағдыр,

Бізді де ұрып жіберді-ау шашыратып...

 

Адасқан қатал заман қорымында,

Ұлыңды бастап кетті жолы құмға.

Өлеңмен өрнектеумен өтер өмір,

Ауылды аңсап жоқ бүгін орынында.

***

Туары анық аспанның ашылар күн,

Арқыра жүректегі асыл ағын.

Жарымның мінезіндей жайсаң өмір,

Арындай боп барады ашынаның.

 

Құрт жеген бала қайың бүріндейін,

Бәрі тозды, мен неге бүлінбейін?

Заты жоқ аты қалған аспаныма,

Көлеңкеме сүйеніп күбірлеймін...

 

Көргенде барлығының ұзағанын,

Қыратта тұрып күндей қызарамын.

Қара құртын емдеуге бұл қоғамның,

Көз жасымды қайнатып тұз аламын.

 

Күледі миығынан миды жеп мұң,

Төзе алмас көңілім де енді көп күн.

Көрдім мен келер күнді көмірдей кір,

Сығалап жыртығынан көкжиектің...

 

Жасын да жасыта алмас енді жасқап,

Ойанар өр рухымыз сол бір асқақ.

Жырларымды жұмсаймын шексіздікке,

Келуге сол бір жұпар желді бастап.

***

Балам, әкең отыздан асты бүгін,

Терек қылды уақыт жас шыбығын.

Көп болды ессіз қала естіртпеді,

Кеудемдегі ұлыған қасқыр үнін.

 

Ән-жыры мекен қылған әр тамырды,

Уақыт құрықтады тарпаң ұлды.

Балғын демің ұшырды қаншама түн,

Асылып өлейін деген арқанымды.

 

Кең даласын аңсаған күліктейін,

Кеткім келді кейде артқа бұрып мойын.

Құсығын жеген мастың сұм қалада,

Қаңғыдым масаң тартқан күшіктейін.

 

Сендей ұрып сандалтқан сезімдері,

Өмірге қайта әкелдің өзің мені.

Келешек - көшеге өтер жасыл шырақ,

Тек түнгі түз мысықтың көзінде еді...

 

Уақыт қайғыныда ұрлап бүгін,

Қасыңда отызымды жырлатты, ұлым.

Жасымды ұмытсам да ұмытпаспын,

Бақытымның өзіңмен құрдастығын.

***

Балам, мен емеспін еш қызға ғашық,

Жүрек қой жүрген жыныс жырда адасып.

Аңшыдай аласұрам қуған аңы,

Шығып кеткен көз жетпес шыңға қашып.

 

Жанарды білем жиі жасқа малам,

Елестеп тұрса қайтем басқа ғалам?

Мынау қара қоғамда жүрсе болды,

Қасымда басым сүйер аппақ анаң.

 

Жан досым жоқ екенін мойындаймын,

Дөңкиіп жүрем жалғыз дойырдайын.

Ақынды шеңгеліне ап мынау заман,

Соғады бір-біріне сойылдайын.

 

Анамнан басқа ешкімді кешірмеймін,

Жылатып ап жылаймыз несін кейін?...

Жылжимын кітаптың әр жолына еріп,

Шұбатылған құмырсқа көшіндейін.

 

Балам, мен емеспін еш қызға ғашық,

Көп адасам жыр дейтін жылғаны асып.

Жазуларын қалдырам жүрегімді

Мұң дейтін миллион жылдық мұзға басып.

***

Қандай ғажап тамылжыған түн бүгін,

Мың күна ғой деп айтуда мұңлымын.

Алтын сымдай бір-біріне соғылған,

Естідім ай сәулесінің сыңғырын.

 

Қос жұлдыздың ғашықтықтан жанатын,

Көз жасыммен жалғасам ба арасын?

Қалған түсіп көрем күміс Құс Жолын

Шексіздіктің тұлпарының тағасын...

 

Түн өзі ішіп қойған сынды түнегін,

Артады үнсіз мойыныма ақ білегін.

Ақ киімді дәрігердей ақ тамшы,

Тыңдап жатыр жапырақтың жүрегін.

 

Алып таулар түсіп қалған тас тісі,

Ыржиады секілденіп мас кісі.

Қанатымен қағып кетер сәтті бұл,

Басыма ұшып қонбасыншы бақ құсы!

 

Қаладағы көшпелілер

Түнде тағы жазып-жазып тастадым,

Мен оқиын, бір бұрышқа бастағын.

Жылдар емес жүзіңе әжім түсірген,

Қыры батып кеткен білем ақшаның.

 

Кірпікпенен тасты қажап тесеміз ,

Біз – ақынбыз, солай ғұмыр кешеміз.

Шылым шегіп алайықшы,

Түтіні

Қалай ұшса, енді солай көшеміз...

 

Арман қудым ішегімді шұбатып,

Ырзамын кетсін қайда құлатып.

Адам түгіл,

Талай жақсы кітапты,

Көтере алмай тастап кеттім жылатып.

 

Жүрмін, аға, мен есімді жия алмай,

Көкжиекке сия алмаған қиялдай.

Ару түгіл,

Талай сұлу өлеңді,

Өкінгенмін қайрылып сүйе алмай.

Шабыт қана бізге құшақ ашыпты,

Ол барда ақын көңілін не жасытты!

Көшіп-қонып жүреміз біз осылай,

Масқаралап тұрағы жоқ бақытты!

 

Бесік – жыр

(ұлым Елшатқа)

Кіп-кішкентай және шексіз аспаным,

Мен еремін,

Мәңгілікке бастағын.

Әкешіңе өлім ашқан есікті

Бесігіңмен тіреп жауып тастадың!

 

Мен де сендей ақын деген баламын,

Баспанасыз қожасымын қаланың.

Тоңғағыңды бетіме жақ, ақ қозым,

Сұм өмірден жасырынып қаламын!

 

Бір суықтық билер мені тасқа тән,

Ұлым, саған бір сәт құшақ ашпасам.

Тезден табан тірермісің

Алдыңа,

Жүрегімді тіліп-тіліп тастасам!

 

Ажал-арқан үлгірмес ем шешіп мен,

Ұлым менің, егер сәл-сәл кешіксең.

Тұншыққанда өзенінде өмірдің,

Сен құтқардың қалқып келіп бесікпен!..

 

Алматыға апам келерде...

Алтай асып кеткен албырт құсыңның,

Балапанын көргің келді... түсіндім.

Түні бойы көзімді ілмей сен келер,

Көшелерді кірпігіммен сыпырдым.

 

Бұл араға жатқан жоқсың жай келе,

Жырларымды талдамаймын, әй, неге?!

Тасырқасам Ай сырғасын таға ғып,

Тай күнімде қосып еді-ау бәйгеге!

 

Түссе-дағы тағдыр дейтін тау құлап,

Қара қазан шағылмады, сау бірақ.

Ең қызықты ойыншығым қаңтарда,

Кірпігіңе қатқан сүңгі саудырап...

 

Барушы едік отын теріп орманға,

Мола біткен қобызшы еді ол маңда.

Бала күндей төгіледі бал жырым,

Қозы-қалам саусағымды сорғанда.

 

Тұрса ұлым алысқа ертең кетем деп,

Қалай төзем сенше буын бекемдеп.

Ерте аттанды, әкем ақын болатын

Өлім жайлы маған сабақ өтем деп.

 

Үнім бар ма? Көрейінші ән салып,

Апа, сені шығам күліп қарсы алып.

Қала дейтін тас қабырда сұраққа ап,

Жатыр маған жырым қайта жан салып.

 

Әкемді еске алғанда

Ақ махаббат лаулап соңғы деміңнен,

Сен аттанып кетіп едің өмірден.

Көздерімнен көл боп аққан жас емес,

Балалығым еді мәңгі төгілген.

 

Сені алысқа алып кетті бастап Ай,

Анама да сыйлап нұры ақ самай.

Қаламыңды саусағыңа балап мен,

Қысып ұстап жүрер болдым тастамай.

 

Балалық-ай ойға орын бермеген,

Жек көруші ем жұртты сені жерлеген.

Сенен қалған кітаптарға ілестім,

Көзің нұры салып кеткен жолменен.

 

Сені есіме салса беттен сүйген күн,

Келмеуші еді қаңыраған үйге енгім.

Сен астында жатқаннан соң, асылым,

Қабірге де еркелеуді үйрендім.

 

Сен сыйлаған қос қанатым жайылған –

Екі ағам (Тәңір, содан айырман).

Дөң басында сен жатқан соң бақылап,

Жығылуды намыс көрдім тайымнан.

 

Бір сипатып алу үшін басымнан,

Жабыққанда мен қасыңа асығам.

Күзеттірдім намысымды арменен,

Бейнеңді ойып төзімділік тасынан.

 

Елес-дүние ішіне енген есілім,

Көп сағынсам бере гөрші кешірім.

Аласұрып шыңға өрлеп барамын,

Есіміме ілескен соң есімің.

***

(Жарым Жансаяға)

Не тілер айырбасқа келер бір бақ,

Сендей ерке тағдырға көнем, бірақ...

Қиналам кейде күрек ұстай алмай,

Байласа саусағымды өлең шырмап.

 

Жетер маған сенің бар сыйлағаның,

Үй суық болғанымен мида жалын...

Көкірегімде қалған бір бос әлемді,

Ұлымның үні тербеп қиналамын...

 

Қап-қара қар жауғызсам нала-мұңнан,

Қарғалдақты көремін қабағыңнан.

Етігім тесілгенде мәз боласың,

Жер – анам иіскеді деп табаныңнан.

 

Қара тұяқ кетіліп ақ шағылда,

Жүрсе де, айтшы, жырдан ақсадым ба?

Ақ жаулығын тосасың тұмсығыма,

Анам жайлы түс көріп жатқанымда.

 

Құйып ап қиялына қорғасынды,

Қосағың бұл қоғамға зорға сіңді.

Түсіме енген қыз десем,

Сен екенсің

Түндерде сүртіп жүрген көз жасымды...

***

Жырларымда мың жылқы дүркіреді,

Мезгіл де қамай алмас мүмкін оны

Шабдолдай жүрегімді үзу үшін,

Сұм өмір мені сан жыл сілкіледі!

 

Мен енді шалқып күліп үйренемін,

Көктемнің гүл – түймесін түймеледім.

Жүзік қып тағамын да алтын Айды,

Мәңгіліктің қызына үйленемін.

 

Бұлқынып жатыр сансыз бүршік іштен,

Өтеді ендігі өмір ұмтылыспен

Айналдырып алыппын қара түнге,

Толтырып күндерімді күрсініспен!

 

Жан жарам бір жазылып, бір асқынып,

Қинамас.

Болады енді тұрақтылық.

Ұрпақты ізгілікке бастау үшін,

Отырам әз ізіме шуақ құйып.

 

Еліттіріп бір ғажап күйге мені,

Өтеді күндерімнің күймелері.

Сұм өмір,

Сілкілесең сілкілегін,

Бәрібір қабылдаймын би деп оны!

***

Себебін іздеп несін жүз ойланам,

Күлуден жалыққанда жылайды адам.

Жайын – жырым қаппай жүр қармағымды,

Уақыттың өзенін ылайлаған...

 

Бала күнгі сыйлаған асығым жұт,

Құлата алмас тәлейдің тасын ұрып...

Қараңғылық қадайды қара көзін,

Ішіне мың сәуленің жасырынып...

 

Қандай сұлу жымиған жылым – қайғы,

Ертегі айтар бір бұлақ – бұрым жайлы...

Тұлпарлардың тағасы тасқа ұрылса,

Жалған тарих құлағы шуылдайды...

 

Көз жасында миллион жыл себелеген,

Жүзіп жүр Нұх әлі де кемеменен...

Рухым есеңгірер,

«Тас дәуірі»

Тас бинамен тұрмастай шегелеген...

 

Қалам ұшы қиялды қансыратып,

Жабығып жатыр тағы жан шұбартып...

Раушан гүлге тамса екен деймін,

Жанардағы ең соңғы тамшы – уақыт...

***

Өтіп жатыр, өтіп жатыр ұры күн,

Өріп келем жырдың ұзын бұрымын.

Жерге еңкейсе еңкейер тек Күн анау,

Шерлі ақынның тамызуға шылымын.

 

Жаңқа құрлы көрмес мені ой-ағын,

Тұншығамын,

Әрі бірден тоямын...

Қара түнге (белгі қалсын)

Әжімді

Маңдайымды басып-басып қоямын...

 

Әңгіменің арысын да, берісін,

Айтпашы, дос,

Бар еді онда не ісім?!

Белбеу қылып буынамын беліме,

Жол – жыланның сыпырып ап терісін...

 

Жыр – махаббат бітсе үмітті үтір қып,

Көп алдандық

Ұттық әрі ұтылдық...

Жастық шақтың көріп қалам жарқылын,

Шылымымнан шыққан кезде түтін – бұлт...

 

Құс  – жанымды айдаһарға арбатып,

Жүрмін...

Кетсем мәңгілікке жалғасып...

Қиял – жебе,

Кемпірқосақ садақпен

Ой аулаймын көк аспанға самғатып

 

 

Мақпал түн мастығы

 

Ұраны болған емес ұлылықтың,

Мен оны көп ойланып бүгін ұқтым.

Көшеде тұрдым ұзақ қыс түніне

Деміммен жырын жазып жылылықтың.

 

Мастанам маңдай терге қарап мен де,

Сол болар шаттық дейтін шарап кейде.

Жанымның жаңа жылын ұқтырғаны-ай,

Ән салып жүрек ұрған сағат – кеуде...

 

Түсінбес деп жауласып жанашырмен,

Былдырлап жүріппін ғой бала тілмен.

Көрдім мен Ай боп жүзген арманымды,

Жарымның жанарындай қара түннен.

 

Көп өтпей көктем келер осыны ойлап,

Жатыр ғой көңілімнің құсы тойлап.

Сұлу су кестелейді кең өлкемді

Тағылған саусағына көпір – оймақ...

 

Пәк дүние, сәбидей бастырылған

Жабықпа!

Басым кетпес жастығыңнан.

Жұлдыздың нұры сіңген ақ қарын жеп,

Айығам мақпал түннің мастығынан...

0 пікір