Жұма, 29 Наурыз 2024
Абай.tv 6169 0 пікір 3 Шілде, 2015 сағат 01:40

ПРЕЗИДЕНТПЕН АШЫҚ ӘҢГІМЕ: «С Назарбаевым о главном...»(Видео)

Сұхбат форматында жазылған еңбекте Елбасы ел ішіндегі маңызды оқиғалар мен ірі реформалар жайлы ой қозғайды. Жобаның ерекшелігі Президенттің бүгінгі пікірлері мен егемендіктің алғашқы жылдары айтқан ойларын салыстыра отырып, сұхбат құрылуында. 

Бұл егемендіктің алғашқы жылдарында жазылған кадрлар. Заманның тар кезі еді. Азық-түлік, жылу-жарық тапшы уақыт. Сөз жоқ, Президенттің сөздері жабыққан жұрттың жанына шипа болды. Бірақ ол уақытта мұндай уәделер беру үлкен жауапкершілік еді.  Деректі фильм әдеттегідей сұрақ-жауап форматында жазылған. Бірақ фильм авторлары Президенттің бүгінгі пікірлерін  тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында айтқан ойларымен салыстыра отырып сұхбат құрады. 

Ал мына кадрлерде Президент Ұлы Жібек жолын жаңғырту идеясын айтып жатыр. Бұл 1992 жыл. Одан бері 23 жыл өтті. Ал мәселенің өзектілігін көпшілік енді ұғынуда. Осылай шамамен 1 сағатқа созылатын фильмде Мемлекет басшысы бастамаларының дұрыстығын, өміршеңдігін аңғару оп-оңай.  

«С Назарбаевым о главном...» деп аталатын фильмде аты айтып тұрғандай, ел ішіндегі басты оқиғалар, реформалар, құндылықтар төңірегінде әңгіме өрбиді. Президент бұған дейін айтпаған, мәселен, Рахат Әлиев жайлы ойларын, Талғат Ермегияев секілді жемқорлыққа шатылған шенеуніктерге қатысты пікірлерін білдіреді. 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1578
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2280
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3600