Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Жаңалықтар 6629 0 пікір 30 Қараша, 2015 сағат 17:49

НАЗАРБАЕВ: ҚАЗАҚСТАНҒА АУҚЫМДЫ РЕФОРМА КЕРЕК

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның экспортқа шығаратын тауарының (шикізатты айтады - ред.) бағасы қымбат болған кезең аяқталып, енді мемлекет "қолда бар қаржыға өмір сүруі қажет екенін" мәлімдеді. Бұл туралы Abai.kz порталы хабарлайды.

Назарбаев Астанада Тәуелсіздік сарайында оқыған халыққа жолдауында "Қазақстан биыл жаңа ғаламдық жағдайдағы іс-қимыл стратегиясын жасауы тиіс" деді.

Назарбаев бұған қоса шығындарды қысқартып, "бір жылда 20 пайызға азайып кеткен" бюджетке түсетін табысты арттыру мүмкіндіктерін қарастыру керек екенін айтты. Президенттің пікірінше, қазір үкімет алдында салық саясатының ашықтығын жақсарту, жаңа жекешелендіру бағдарламасын даярлау міндеті тұр. Ол сонымен қоса, Ұлттық банктің теңгеге деген сенімді қалпына келтіру керек екенін де айтты.

Назарбаев Қазақстанға қазір өсім, реформалар мен даму қажет екенін мәлімдеді. Оның пікірінше, күн тәртібінде тұрған реформаларды 1990 жылдары жүргізілген реформалармен салыстыруға болады. 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2256
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3530