Сәрсенбі, 26 Сәуір 2017
14 Қараша, 2015 сағат 11:52 Болған оқиға 3731 1 пікір

ФРАНЦИЯ... ҚАРАЛЫ КҮН... ИМ...

13 қараша - Франция елі үшін қаралы күн. Дәл осы күні Францияның астанасы Парижде бірнеше теракт болып, 160-қа жуық бейбіт тұрғын опат болды, 130-дан аса адам ауыр жараланған.

Батыс ақпарат құралдарының жазуына қарағанда, белгісіз біреулер ең алдымен Париждегі мейрамханалардың біріне шабуыл жасаған.
Сондай-ақ, Франция-Германия матчы өтіп жатқан "Стад де Франс" стадионының маңында да жарылыс болыпты. Бұл ойынды көруге Франция президенті Франсуа Олланд та келген көрінеді. Мұнан кейін ланкестер "Батаклан" театрында 100 шақты адамды кепілге алған. 
Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Парижде болған ланкестік әркетті қатаң сынайтынын айтып, ресми мәлімдеме жасады. "Біз француз халқына, еш жазықсыз қаза тапқандардың отбасы мен жақындарына көңіл айтамыз, сонымен қатар зардап шеккендердің тез сауығып кетуіне тілектеспіз", - деп мәлімдеген ҚР СІМ арнайы хабарламасында.

Аталған хабарламада: "Қазақстан БҰҰ аясындағы терроризммен және экстремизммен күрес ұйымы аясында қолдау көрсетуге дайын екенін жариялайды, адамзат баласы бірігу арқылы ғана осы зұлымдықтарды жеңе алады. Бұл мақсатқа жетудің бір жолы БҰҰ аясындағы әлемдік антитеррорлық желі мекемесі болуы мүмкін", - делінген. 

ҚР СІМ мәліметінше, қаза тапқандардың арасында қазақстандық азаматар жоқ. "ҚР СІМ "жедел телефон желісін" іске қосты: +7717272111. "Жедел телефон желісі" Қазақстанның Париждегі елшілігінде де ашылды: +33 1 45 61 52 00. Париждегі Қазақстан азаматтарына адамдар көп жиналған жерлерден жүрмеу керектігі ұсынылады.

Қазір аталған жарылыстарды жасаған бірнеше ланкестің көзі жойылғаны белгілі болып отыр. Әзірге Париж прокуратурасы терроризм туралы алты оқиға бойынша іс қозғады. "Тергеу "Стад де Франс" (қаза болғандар бар), Шаронн гүлзары (18 адам қаза тапты), Вольтер гүлзары (бір адам қаза тапты), Фонтен-о-Руа (5 адам қаза тапты), Аллибер қаласы (14 адам қаза тапты және сонымен қатар жарақат алған көптеген адам) оқиғаларына байланысты жүргізіліп жатыр", - деді прокурор.

"Ислам мемлекеті" ұйымы бұл лаңкестік әрекеттерді өз мойнына алды...

(суреттер rbc.ru сайтынан алынды).

Abai.kz

1 пікір
PhilipNap 2017-04-07 16:12:43
http://stemmeries.xyz <a href="http://stemmeries.xyz">norsk kasino</a> http://stemmeries.xyz - norsk kasino

Үздік материалдар

Анық

Олар қалай байыды?

Руслан Ахмағанбетов 2331
«Соқыр» Фемида

Сағадиевтің сөзі  құрғақ уәде болып қалғаны ма?

Дәлел Жанатұлы 3161