Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Деп жатыр 10318 0 пікір 29 Қаңтар, 2016 сағат 12:48

РИНАТ ЗАЙЫТОВ ЖИІРКЕНЕТІН "ОРДА" ТОБЫ АҚЫНДЫ КЕЗДЕСУГЕ ШАҚЫРДЫ

“Орда” тобының әншісі Ринат Заитовқа осыдан біраз бұрын елді дүрліктірген сұқбатына орай жауап берді. Ерболат Беделхан Gakku арнасына берген сұхбатында айтыскер ақынға әуелі өзін таныстырды: «Орданың» баласы деп отыр.

Менің атым Ерболат. Топтың аты – 91″ деген Ерболат Ринатты кездесуге шақырды: «Меніңше, Ринат бауырым, ішін қазып білмей жатып өз ойын білдірген сияқты. Айту, пікір білдіру, бұл біздің мамандығымыз ғой. Біз бұған үйреніп қалғанбыз», — деген әнші, айтыскердің өзімен кездесер болса бұл бағыттың қыр-сырын түсіндіріп беретінін де жасырмады.

Естеріңізде болса Ринаттың “қылмыскерлер” деп атаған “91” тобына қатысты әңгімесіне Ерболат Беделханның інісі Есболат та өз пікірін айтқан болатын: «Ринатқа «NinetyOne» тобының шығармашылығы, нақтырақ айтсақ бәлкім жігіттердің  сыртқы бейнесі ұнамайтын шығар. Ол өз пікірін айтып тұр. Менің жеке басымда Ринатқа тағар мінім жоқ», – деген еді жас әнші.

Ринат халықтың алдында жүрген, елге беделі бар, өзі де ән өнерінен алыста жүрмеген азамат. Ал оның жаңадан талаптанып келе жатқан топ жайында бұлай деуі оларды аяқтан шалумен бірдей екендігін топтың продюсері ретінде Ерболат жоққа шығармады.

«Сонда да Ринатқа  еш айтар мінім жоқ. Не ойы бар білмедім. Ерболаттың шәкірттері  жолдарын тауып өнерлерін көрсетер. Бастысы жігіттер нағыз өнер иелері және олар оны дәлелдейді! Алтын жерде жатпайды!», – деді Ерболат Беделхан.

Бұдан біраз бұрын “Сырласу” бағдарламасына сұқбат берген Ринат Зайытов шашын бояп, құлағына сырға тағып жүретін жігіттерден жиіркенетінін айтқан еді. Оның ойынша, мұндай топ қазақи болмысқа жат. Алайда, топтың көптеген жанкүйерлері ақынның бұл пікіріне келіспейтіндіктерін білдірген болатын. Дегенмен Ринаттың айтып отырған сөздерін жақтаушылар да жоқ емес.

Дереккөз: juldizdar.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1559
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2250
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3499