Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Не дейді?! 5800 0 пікір 21 Желтоқсан, 2015 сағат 10:42

САТҚЫНДАРДЫ АТҚАНДАР АҚТАЛА МА?

Менің есімнен 2011 жылғы тәу еткен Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығын атап өткен 16 желтоқсандағы оқиға кетпейді. Бәріміз де қуанышты едік, Құдайға шүкір қазақ 20 жыл бойы тәуелсіз ел болды деп шаттануда едік.

Кенет Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында қазақтың тәуелсіздігіне оқ атылды. Әбіләзов деген аяр сұмның ақшасына сатылып, униформасын киген арамзалар Козлов (аты да «козел-провокаторға» келеді екен) деген арандатушының айтағына еріп, тәуелсіздігімізге оқ атты. Мерекеге жинап қойған дүниелердің бәрін тас-талқан қылып, мансұқтады. Сендерге тәуелсіздік керек пе, мә, ендеше деп бәрін қиратып, іліп қойған туымызға дейін құлатты.  

Міне, осы арамнан жаралған сатқындарды полиция қызметкерлері таратып, күш жұмсаған еді. Біразын атып та тастады. Бірақ автоматпен қыру керек еді, біздің жігіттер аяп, пистолетпен ғана атты. Енді сол шіріген жұмыртқаларды атқан азаматтардың бәрі кінәлі болып, жұмыстан қуылып, кейбіреулерінің үстінен қылмыстық іс те қозғалды. Іс жүзінде олар елдің тыныштығын, ең алдымен Тәуелсіздігімізді қорғаған батырлар еді ғой. Бірақ оларды елдің ішін бүлдіруге тырысатын бір сатқын тобырлар айыптап, ал ана ақша үшін тәуелсіздікке қол көтерген арамзаларды ұлттық геройға айналдырып отыр. Елді де бүкіл әлемге жамандап, жазықсыз жандарды қырып жатыр деп жала жауып бақты. Мен осыған қатты налимын.   

Сатқындарды атқан адал азаматтарымыз ақталуы керек. Оларға мемлекет тарапынан марапаттар берілуі керек деп санаймын.   

Рыскелді Қонай 

 

 Редакциядан

Бірнеше күн бұрын Abai.kz порталының электронды почтасына Рыскелді Қонай атты азаматтың атынан «Сатқындарды атқандар ақтала ма?» деген осы материал келіп түскен еді. Мереке күндері мерекелік көңіл-күйді бұзбау үшін аталған мақаланы жарияламай тұруды жөн санадық. Себебі, демократиялы елде күрделі мәселелер оқ ату арқылы шешілуге тиіс емес. Адамның қаны төгілген сол бір қанды күн жайлы әлі талай айтылады, әлі талай жазылады. Сол үшін де біз әр азаматтың пікіріне сыйластықпен қарауды жөн санаймыз. Оқырмандар тарапынан мұнан өзге түрлі ой-пікірлер айтылып жатса, оларға да арнайы мінбер беруге дайын екенімізді ескертеміз...

 Abai.kz порталы

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2256
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3530