Сейсенбі, 22 Қазан 2019
Саясат 3886 0 пікір 5 Мамыр, 2016 сағат 11:06

ЭМОМАЛИ РАХМОННЫҢ ҚЫЗЫ СЕНАТ ДЕПУТАТТЫҒЫНА КАНДИТАТ БОЛДЫ

Тәжікстан президенті Эмомәли Рахмонның қызы Озода Рахмон Сенатқа кандидат ретінде тіркеліпті. Озода Рахмон 38 жаста. Бес баланың анасы. Бұған дейін Тәжікстанның Сыртқы істер министрінің орынбасары, АҚШ-тағы Тәжікстан елшілігінің мәдени бөлімінде жұмыс істеген. 29 мамырда өтетін сайлауда Озода Рахмонмен қатар түсетін қарсыласы жоқ екен.


Жалпы, Эмомәли Рахмон көп балалы отбасы. Оның тоғыз баласы бар: жеті қыз (Фируза, Озода, Рухшона, Тахмина, Парвина, Заррина және Фарзона) және екі ұл (Рустам, Сомон). 

Президент отбасы мүшелерінің мемлекеттік қызметке келуі көптеген Орта Азия елдерінде бар.

Қазақстан Президенті Н.Назарбаев былтыры өткен кезектен тыс президент сайлау кезінде шенеуніктерге мемлекеттік қызметке туыстарын, жерлестерін, жақын адамдарын әкелуді тоқтатуды қатаң ескерткен болатын. Президенттің бұл айтқаны қалай жүзеге асып жатқаны белгісіз.

Abai.kz

0 пікір