Жұма, 29 Наурыз 2024
Кәсіп-түбі нәсіп 5305 0 пікір 4 Мамыр, 2016 сағат 11:24

Баспа саласының болашағы бар

Білім берудің дуальды жүйесі жол картасын жүзеге асыру шеңберінде полиграфия және баспа саласы бойынша Алматыда 48 кәсіпорынмен және 32 колледжбен 2033 маман  даярлау жөнінде 80 келісімшарт жасалды.

Полиграфия саласы мен баспалар үшін мамандар даярлау, қайта даярлау, біліктілігін арттыру және сертификаттау салалық кластері 2014 жылдың сәуір айында Алматы полиграфия колледжінің жанынан құрылған болатын.  «Білім берудің дуальды жүйесі жол картасы» және Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасы, Алматы қаласы  әкімдігі және Алматы қаласы Кәсіподақтар Одағы арасындағы Өңірлік келісім, сондай-ақ Алматы қаласы Білім басқармасының салалық кәсіподақтармен жасалған келісімдері шеңберінде ауқымды жоба іске қосылды. Осы уақыт аралығында Алматы полиграфия колледжі, ҚазҰУ, ҚазҰТУ, АТУ сынды оқу орындарының болашақ полиграфистері, дизайнерлері мен кітап шығарушылары «Полиграфкомбинат» ЖШС, «Алматыкітап» ЖШС және «Дәуір» ЖШС кәсіпорындарда өндірістік тәжірибеден өтті.

«Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов  Алматы полиграфия колледжінің оқу-материалдық базасын аралап, орталықтың сапалы құрал-жабдықтармен қамтылуы мен мамандарының жоғары біліктілігіне өз бағасын берді.

«Бұл біздің еліміз үшін өте заманауи және жаһандық жоба.  Оның алғашқы нәтижелері де елеулі: бұл жұмыспен қамтылған жүздеген түлектер,  экономика үшін жұмысшы мамандар, бюджетке салық түсімі, халықты жұмыспен қамту мәселесінің шешімін табуы, ақыр соңында бұл Қазақстанның болашағы.  Сондықтан, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы дуальды білім беру жүйесін алға қарай ілгерілете береді»,  – деді Абылай Мырзахметов.

Білім берудің дуальды жүйесі жол картасын жүзеге асыру шеңберінде Алматыда 48 кәсіпорынмен және 32 колледжбен 2033 маманды дайындау бойынша 80 келісімшарт жасалған еді. 6 колледж қамқорлыққа алынды: Алматы құрылыс және халықтық кәсіпшілік колледжі, Алматы құрылыс-техникалық колледжі, Алматы полиграфия колледжі, Индустрия және қонақжайлылық колледжі, Алматы мемлекеттік жаңа технологиялар колледжі, Алматы мемлекеттік энергетика және электронды технологиялар колледжі.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1581
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2281
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3610