Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Кәсіп-түбі нәсіп 6330 0 пікір 28 Наурыз, 2016 сағат 13:58

Скандинавия елдері мен Ақтөбе өңірі бизнес-әріптеске айналды

Скандинавия елдері Ақтөбе өңірінде бизнес-жобаларды іске асыруға қызығушылық танытып отыр. Қазақстан бидайды экспорттап, оның орнына теңіз өнімдерін алатын болады.

Ақтөбе облыстық Кәсіпкерлер палатасында Қазақстандағы Скандинавия елдерінің, атап айтқанда, Норвегия, Швеция және Финляндия елшілерімен кездесу өтіп, оған осы өңірдегі орта және ірі бизнестің 20-ға жуық өкілі қатысты.

Өңірлік палата басшысы Нұрлыбек Мұқанов өңір экономикасының тарихымен, оның қазіргі хал-ахуалымен таныстырып, облыстағы инвестициялар тартуға болатын салаларды жайында мәлімет берді. Ол, сондай-ақ, өңір кәсіпкерлері мен шетелдік бизнесмендердің өзара тәжірибе алмасуының маңызы зор екендігін, екі тарап арасындағы серіктестіктің берері мол болатынын атап айтты.

Қонақтар 2015 жылы Қазақстанда инвестициялар тарту туралы заңға енген өзгерістермен танысты. Заңнама бойынша жалпы соманың 30%-на дейін салықтық жеңілдіктер мен субсидиялау қарастырылған.  Оған қоса, инвестиция көлемі 13 миллион АҚШ долларынан асқан жағдайда мемлекет барлық шығындарды өтеп беретін болады, әрі инвесторларға қауіпсіздік кепілдігі беріледі.

Ақтөбеде Инвесторларға қызмет көрсету орталығы бар. Оның қызметкерлері кәсіпкерлерге басынан аяғына дейін, яғни жоба толық іске асып, аяғынан нық тұрып кеткенге дейін көмек көрсетеді. Сонымен бірге, өңірде инвесторларға қажетті дамыған инфрақұрылымы бар индустриалды аймақ аясында бизнес-жобаларды іске асыруға болады.

Қазақстандағы Норвегия елшісі Оле Йозан Берной өз елінің мұнай-газ және тау-кен қазу саласындағы ынтымақтастыққа мүдделі екендігін жеткізді. Бұдан бөлек, норвегиялықтар біздің елден бидай экспорттап, оның орнына теңіз өнімдерін импорттайды.

Ал Швеция елшісі Христиан Камилл Ақтөбе облысының әлеуеті жөнінде ақпарат жинау іске асып жатқанын айтты, бұдан ары олар өз отандастарына ауыл шаруашылығы мен тау-кен қазу салалары жобаларына инвестиция құюды ұсынбақ ниетте.

Ақтөбе өңірінің аталған елдермен тауар айналымы әзірше шамамен 150 миллион АҚШ долларына тең,  дегенмен Ақтөбе облысының экономикалық әлеуеті бұдан зор. Тараптардың айтуынша, өзара тиімді ынтымақтастық үшін басты іргетас қаланып үлгерді.

Алдағы уақытта скандинавиялық бизнесмендер мұнай-газ және тау-кен қазу салаларына, ауыл шаруашылығына, балық өсіру, химия өндірісіне, қатты-тұрмыстық қалдықтарды өңдеу салаларына инвестиция салуға кірісетіндерін мәлімдеді.  Скандинавтардың тәжірибесі мен мүмкіндігі қазақстандық әлеуетпен үйлессе, бұдан екі жақтың да ұтары мол болмақ.

Abai.kz

 

 

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2256
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3532