Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Білгенге маржан 5905 0 пікір 25 Наурыз, 2016 сағат 12:42

ӘЛЕМДЕГІ ЕҢ БАҚЫТСЫЗ ЕЛ - БУРУНДИ. АЛ, ҚАЗАҚСТАН ШЕ?

Әлемдегі ең бақытсыз мемлекет Бурунди деп танылса, ең бақыттысы — Дания. Бұл жайында БҰҰ тапсырысы бойынша Sustainable Development Solutions Network компаниясы жүргізген зерттеуіне кейін белгілі болды. Зерттеу жұмысы World Happiness Report Update 2016 деп аталады.


Дания былтыр осы тізімде бірінші орын алған Швейцарияны екінші орынға ысырып, өзі көшбасшы атанды. Ең бақытты елдердің ондығында сондай-ақ, Исландия, Норвегия, Финляндия, Канада, Нидерланды, Жаңа Зеландия, Аустралия, Швеция сынды елдер бар.

Рейтинг 157 мемлекеттен тұрады. Тізімнің ең соңғы сатысында Бурунди елі тұр. Сондай-ақ, ең бақытсыз елдердің бестігіне Сирия, Того, Ауғанстан және Бенин еніп отыр.

Қазақстан болса тізімнің орта тұсында, яғни 54-ші сатысында. Біздің ел Молдова мен Ресейден, Польша мен Солтүстік Кореядан бақыттырақ. Ал, Қазақстанның алдында Италия (50), Эквадор (51), Белиз (52) және Жапония (53) орналасқан.

Рейтингті жасаған сарапшылардың айтуынша, мемлекеттің бақытты болуы халықтың өмір сүру деңгейіне соншалықты байланысты емес. Тізімді жасауға негізінен елдің экономикалық, әлеуметтік және табиғи дамуы әсер еткен.

Елдердің бақыттылық тізімін мына сілтеме арқылы көруге болады.

Дереккөзі: sn.kz

Abai.kz

 

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2256
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3525