Жексенбі, 19 Қараша 2017
Ұждан 10209 1 пікір 26 Ақпан, 2016 сағат 15:53

«АCЫЛ АРНАҒА» БАЗЫНА

 «Асыл арна» діни-ағарту

 телерадиокомпаниясының директоры,

қоғам қайраткері М.Тазабековке ашық хат

Құрметті Мұхамеджан мырза, өзіңізге мәлім соңғы кездері электронды және дәстүрлі БАҚ беттерінде діни мәселелер төңірегінде түрлі ой-пікірлер мен көзқарастар пайда бола бастады. Тіпті, солардың арты кейде  кішігірім дауға да ұласып жататыны жасырын емес. Мұндай мәселелердің туындауына біздің қоғамда діни сауатсыздық әсер етіп отырғаны белгілі.

Әрине, бұл мәселе қоғамдағы діни насихаттың біркелкі жүйеге түсе алмай жатқандығынан екенін баршамыз жақсы біліп отырмыз. Сонымен бірге Сіз басқарып отырған «Асыл арна»  телеарнасындағы көрсетіліп жатқан діни бағдарламалардың көбі дерлік тек бір жақты, тарихи тәжірибе деген жоқтың қасы. Берілсе де ат үсті, әрі ревизия жасау басым түсіп жатады. Кейбір бағдарламалардағы эпизодттарды көргенде қазақты бүгін ғана мұсылман болған секілді елестетуге болады.

Мәселен, қазақ мұсылмандық тарихында орын алатын тұлғалар Асан қайғы, Бұхар жырау, Майлықожа, Мәделі қожа, Қаблиса жырау, Албан Асан жырау, Тұрмахамбет т.б. секілді тұлғалар туралы арнайы бағдарламарда толық мәліметтер берілмейді. Тарихи орындар, мешіттер мен әулиелердің жатқан жерлері, мазарлары және олар туралы мәліметтер толық берілмей, тек егенмендік алған жылдардан бергі мешіттер ғана көрсетіледі. Қазақ егенмендік алғалы бері мұсылман болған жоқ қой.

Қазақ халқының мұсылмандық тарихы мен мәдениетінің қалыптасқанына жүздеген жылдар өтті емес пе? Сонымен бірге көп жағдайларда діни сана, діннің психолгиялық қабаттары ескерілмегені секілді қазақи сана, қазақи болмыс пен діни тәжірибе де терең зерттеліп, зерделеніп берілмейді. Керісінше танымдық бағдарламалар діннің сыртқы формасына ғана негізделіп, көп жағдайда олар «ширк» «күпірлік» деген шаблондарға құрылған. Діннің сенімідік жүйесі барша мұсылмандарға ортақ болғанымен танымдық жүйесі әркелкі болуы табиғи заңдылық. Себебі әр халықтың табиғи-климаттық, өмір сүру салты мен бітім болмысы бір арнаға тоғыспайды. Осы тұрғыдан Сіздің басқарып отырған телеарнаңыз еліміздегі дәстүрлі дінімізді насихаттайтын жалғыз арна болғандықтан жоғарыда келтірілген олқылықты толтыра отырып, «Асыл арнаға» төмендегі мәселелер туралы ғылыми-танымдық бағдарламалар көрсетілсе екен деген базына айтпақпын.

Елімізде ЮНЕСКО шешімімен түркі мұсылман халқына ортақ діни-тарихи тұлға, қоғам қайраткері Қожа Ахмет Ясауи жылы болып бекітіліп әлемдегі барша түркі мұсылман жұрты тойлап жатыр. Бізде өкінішке орай бұл мәселе туралы жұмған ауыздарын ашпай отыр. Осыған байланысты Сіздің телеарна қызметкерлері мен ясауитанушы, дінтанушы ғалымдармен бірлесе отырып, оның өмірі мен шығармашылығы және шәкірттері туралы ғылыми-танымдық деректі фильмдер әзірлеп көрсетсеңіздер. Бұл игі ісіңіз Сіздің де, «Асыл арна» телерадиокомпаниясының қазақ халқының дәстүрлі діни танымына қосқан зор үлесі болар еді.

Екінші мәселе қазіргі уақытта әсіресе жастар, діни қағидаларды ұстанатын азаматтар арасында Исламдағы тасаууф (сопылық) іліміне байланысты біраз түсініспеушілік жағдайлар орын алуда. Кейбір жастардың тіпті, діни қызметкерлердің де аузынан: «Исламда тасаууф немесе сопылық ілімі жоқ емес. Бірақ, қазіргі уақыт бұрыңғыдай сопылық тариқаттар жоқ. Бұл ілімді ұстанып жүргендер адасып жүр» деген пікірлерді көп естіп жатамыз. Осындай пікірлердің арқасында қоғамда діни жікке бөлінушілік пен өз ата-баба жолдарын мансұқтайтын жастарымыз күннен-күнге көбейіп бара жатқаны ақиқат. Сопылық ілім арқылы орта ғасырда Ислам өркениеті дамып өркен жайғаны белгілі. Өйткені бұл ілімді орта ғасырда өмір сүрген ғұламалар тек адамның жеке басын дамытуға ғана емес, бүкіл қоғамның гүлденуі үшін пайдаланғаны ақиқат.

Бұл мәселе жөнінде тек арнайы академиялық білімі бар дінтанушылар ғана білсе, ал, қоғамдағы басқа азаматтардың көңілінде Ислам дінінің ішкі мәні мен мазмұны болған тасаууф іліміне деген күдік басымдық көрсетіп тұр. Сонымен бірге қазіргі тасаууф ілімін ұстанушылардың жолы дұрыс па әлде бұрыс па? Болмаса бұрыңғы ата-бабаларымыз ұстанған сопылық жол қандай болған деген үлкен сұрақ белгісі әр азаматтың көңілінде жүргені де даусыз. Қоғамда қордаланған осы мәселеге жан-жақты академиялық тұрғыдан сіз басқарып отырған телеарна ғана жауап береді деген үміттемін.

Сіз осыған қалай жауап берер едіңіз, Мұхамеджан мырза?

Ізгі ниетпен дінтанушы Т.Тұрғанқұлов

Abai.kz

1 пікір
Алтынбеков Ерлан 2017-04-07 23:16:23
- Құрметті Бауырлар . Жалпы қайырымды істер мен ата тарихымызды жаңғыртуға әрі салт-дәстүрімізді насихаттап жарқын болашағымызға үлгі болу мақсатында көмек ету Мұсылмангершілік пен Имандылықтың белгісі екені бәрімізге де аян. Мұхаммед Пайғамбардың (с.ғ.с) төрт шадиярының бірі әрі қан жақын туысы, АЛЛАның арыстан - шері атанған Әзіреті Әлидің он сегіз ұлының бірі, Әзіреті Мұхаммед Ханафиядан тараған ұрпақтары Әулие Шах Ысқақ - баб, Шах Абдырахим - баб (Қарахан) және Шах Абдыжалил - баб (Қорасан), Қазақстан мен Орта Азияға "Ислам" Дінін кеңінен таратты, оны ұрпақтары күні бүгінге дейін жеткізіп келді. Исми Ағзам (Әбу Ханифа) Әулиенің Дін жолын ұстанған Түркі әлемі Халықтары, оларды АЛЛАның ризалығы мен Мұхаммед Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) құрметімен Дін-Ислам егелері әрі қожалары деп, ″Пір" санап құрметтейді. Шах Ысқақ-баб Әулиенің тоғызыншы ұрпағы Әулие Құл Қожа Ахмет Ясауиге дейінгі аралықта, Түркі Халықтарының асыл салт-дәстүрлері Ислам негіздерімен ұштастырылды. Құл Қожа Ахмет Ясауи бабамыздың жолын, туған ағасы Әулие Садыр Шайхтың ұрпақтары жалғастырды. Олар- Садыр Шайх ұлы Әулие Данышпан қожа Зарнуқидің ұлы Әзіреті Маулана-Сафиаддин Әулие орын Қойлақа Ата және де оның ұлы Захиаддин Шайх Тілеулі Ата Әулие. Одан соң тағыда талай тарихи тәрбиесі зор әрі ұшаң теңіз, бірақта кейінгі кезде, сол киелі жерлер мен мүрделері және тарихы еленбей әрі ескерілмей кеткен Әулие тұлғалар бар. Әулие Ясауидің орнын басқан қан-жақын туысы әрі бүкіл еңбектерін Түркі тілдеріне алғаш аударған Әзіреті Маулана-Сафиаддин Әулиенің ұлы Захиаддин Шайх Әулиенің кесенесі мен тілеу-ханасының құрылысы басталып кетті. Біздің елде Тілеулі-Ата атанған бұл кісіні иісі Мұсылман түгіл «Алтын-Орда» Хандары мен Билері де Пір тұтқан Әулие. Сауапты әрі игілікті істерге көмек ету жомарттықтың белгісі. Қайырымды да жомарт жандар АЛЛАның ризалығы мен Пайғамбарымыздың шапағатына бөленеді әрі бұқара Халқының алғысына кенеледі, делінген. Иманды да қайырымды - жомарт жандар, Әулиелік дәрежедегі еленбей-ескерілмей қалған Киелі бабаларымыздың жоқ кесенесі мен бар тарихын жаңғырту бәрімізге сын әрі парыз да қарыз екенін ұмытпалық. Осы Қорға демеушілік ету арқылы Сіздер, жарқын болашақты және көптеген Азаматтарды Руханий байытуға әрі өткен Тарихымызды жаңғыртып, асыл салт - дәстүрді насихаттауға, Әулиелік дәрежеге жеткен Бабаларға белгі орнатуға және айналасын көгалдандырып, жолдарын жөндеуге тікелей үлес қосасыздар. Сіздердің қайырлы ниетпен жасаған Игілікті көмектеріңіз, екі дүниеде өздеріңізге жақсылық болып қайтсын! Сіздерге АЛЛАның Нұры жауып, жақсы да ақ Ниеттеріңізді қабыл етсін! ҚАЗАҚСТАН ОҚО. Түркістан қаласы «Әзіреті Маулана-Сафиаддин» Әулиенің атындағы Қоғамдық Қайырымдылық Қор Гауһар-Батыр көшесі, 63-ші үй. бай.тел:+7 707 947 2499; +7 701 310 6999. E-mail: Danshpan-KZ@mail.ru www.Ziyarat.KZ АО «Forte Bank» . БИК IRTYKZKA. Код-18. ИИК KZ11965T161202656824. БИН 130240033425 QIWI-терминалы

Үздік материалдар

Рухани жаңғыру

Қанат Әбілқайыр. Қарыз бен Парыз

Abai.kz 10074
Қауіп еткеннен айтамын

Қазақстанда жүрген қытайлар кімге сүйенеді? 

Н.Қошаманұлы 18181